Урок по казахскому языку на тему Менің қарындаштарым мен бояуларым (3 сынып)

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні………. Сыныбы……….

Сабақтың тақырыбы: Менің қарындаштарым мен бояуларым.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға жаңа сөздердің көмегімен сабақты түсіндіру, меңгерту, өткен материалды қайталау, сұрақтарға жауап бергіздіру.

  2. Оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларын қалыптастыру.

  3. Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа сабақ, қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың формасы: топпен, жеке оқушымен.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, карточкалар, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: өмірмен, өзін-өзі тану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа деген ынталарын бақылау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Берілген үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу.

Жаңа сабақ.

Сөздік жұмысы.

ұзын-длинный бояу-краска

қысқа-короткий емес-не, нет

1-тапсырма. Мәтінді оқу, сұрақтар құрастыру.

Мынау- менің қарындаштарым. Олар әр түрлі. Қызыл, жасыл, сары, көк. Мен қарындашпен сызамын, сурет саламын. Мынау- менің бояуларым. Олар да әр түрлі.

4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Көрсететін баршаңа,

Қарындашым қаншама!

Өзім ұштап аламын,

Сәл мұқалып қалса да.

6-тапсырма. Сұрақ қойып үйрен.

Урок по казахскому языку на тему Менің қарындаштарым мен бояуларым (3 сынып)

Сергіту сәті.

Қолды белге қоямыз.

Басты оңға бүрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

Сабақты қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру.

Үйге тапсырма. 4-5 тапсырма.

Бағалау.


© 2010-2022