Қазақстанның қалалары (5 класс)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларды ҚР- ның қалаларына сырттай саяхат жасай отырып, сөйлеу тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету. 2. Дамытушылык: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыс: Ақмола облысы

Қала (аудан): Егіндікөл ауданы, Қоржынкөл ауылы

Мектеп: Днепроптеров орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Утегенова Сымбат Мухамеджанкызы

Сабықтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Сын есім. Сын есімнің шырайлары.

5-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларды ҚР- ның қалаларына сырттай саяхат жасай отырып, сөйлеу тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету.
2. Дамытушылык: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: ҚР-ның картасы, суреттер, Қазақстан Респ -ның рәміздері, грамматика кестесі, презентация.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу; 2. Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Ұй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптарға шолу жасау. (сұрақ - жауап)
ІІІ. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік.
Сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық...
Қарағанды-қара алтынның қоймасы,
Қостанайым-алтын астық қамбасы,
Ал Ақтөбе - ақ тарының мекені,
Қызылорда - күріштің сыр сағасы.
Атырауым - мұнаймның ордасы,
Ақтау болса, Каспийімнің жағасы,
Сұлу Семей - Абайымның даласы,
Көкшетауым - табиғаттың аясы.
Алматым - астанасы апорттың,
Ал Астана - Еліміздің ордасы.
Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамыз.(«Қазақстан қалалары») Мақсатын айтып кету.
Сөздік жұмысы:
Тәуелсіз-независимое

Егеменді-суверенное
Құнарлы-почвенная

Ерекшеліктері-особенности
Топырақ -земля,почва.

Күріш-рис
Астық-урожай

Әйгілі-известный
( оқу, аудару, дәптерге жазу) Сөздерге дыбыстық талдаулар жасау, буындарға бөлгізу.
Мәтінмен жұмыс:
Мұғалім оқиды, оқушылар тыңдайды
«Қазақстан қалалары»
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, өте бай, ең үлкен мемлекет.Қазақстанның жері өте үлкен, топырағы да аса құнарлы.Қазақстанда қалалар көп. Ең үлкен қалалары - Алматы, Шымкент,Қостанай,Қарағанды болып саналады.Әр қаланың өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Қызылорда күрішке бай болса, Атырау мұнайға бай. Көкшетаудың табиғаты өте сұлу. Қостанай - астыққа ең бай өлке. Ал Алматы апорт алмасымен әйгілі қала. Еліміздің жүрегі, әсем қала - Астана қаласы.
Тапсырмалар:
1. Оқушылар түртіп оқу стратегиясы арқылы мәтінді оқып, аударады.
2. Сын есімнің шырайларын табыңдар, талдаңдар.
СЕРГІТУ СӘТІ:
«Ойлан, тап!» ойынын жарыс түрінде өткіземін. (ЖАҢА СӨЗДЕР ҚҰРАСТЫРУ)
1 ТОП: ҚАРАҒАНДЫ
2 ТОП: ҚЫЗЫЛОРДА

Қосымша жинаған мәліметтерін айтады. (Қазақстанның кейбір қалаларына тоқталып өтеді)
ТҮРКІСТАН, АҚТАУ, АҚТӨБЕ, АЛМАТЫ, АТЫРАУ, ҚАРАҒАНДЫ, ҚОСТАНАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА, СЕМЕЙ. (Тақтаға шығып, картаны көрсетіп, қалалардың суреттерін ұстап айтады)
1.Түркістан- қазақ жеріндегі ең көне қала. Себебі қала өте қолайлы жерде орналасқан , табиғаты тамаша, жері құнарлы. Түркістан- түркі халықтарының саяси және рухани орталығы.
2.Ақтау- 1963 жылы қаланған. 1964 жылы Шевченко деп аталып келген, 1992 жылы Ақтау болып өзгертілді.
3.Ақтөбе- 1869 жылы қаланған. 1891 жылы қала мәртебесіне ие болған. Ақтөбе облысының орталығы. Оның бойымен Елек өзені ағып өтеді.
4.Алматы- тарихи қала. 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. 1921- 1993 жылдары орысша Алма- Ата деп аталып келді. 1993 жылы Алматы атына ие болды.
5.Атырау- облыс орталығы. Қала 1640 жылы қаланған. Ол Гурьев деп аталып келді. 1992 жылы Атырау қаласы болды.
6.Қарағанды- 1934 жылы қаланған. 1936 жылдан облыс орталығы. Қарағанды аталу себебі- Қарағанды - көмірге бай жер.
7.Қостанай- 1897 жылы қаланған қала, облыс орталығы. 1893 жылға дейін Николаевка аталған. Қостанай атауының қос Тана деген қыздардың атауынан қалған дейді. Ол өте әдемі қала.
8.Қызылорда- Сырдария өзені бойында орналасқан облыс орталығы. Ол 1853 жылдары Перовск, 1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы Қызылорда болып өзгертілді.
9.Семей- 1782 жылы құрылды. Семей атауы- орыстың «семь палат» сөзінен шыққан. Ол жерде, Ертіс жағалауындағы

Өзіміздің Рудный қаласы жайында сұрап өтемін.

Тақтамен жұмыс: (3 бала тақтаға шығады)
ҚАЗАҚСТАН сөзін септе
ҚАЛА сөзін тәуелде
ҚАЗАҚСТАНЫМ, ҚАЛАЛАРЫМ сөзінің құрамын анықтаңдар.

Топпен жұмыс: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ:

Оқушылар өздерінің қалалары туралы тақпақтарын айтады.
Астанам
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Ел ордасы Отанның,
Мақтанышым Астанам.

Қостанайым
Қостанайдай қалам бар,
Астық, бидай, далам бар.
Қасиетті мекенім,
Сүйіп сені өтемін.

Алматы
Алматыма қарашы,
Апорт алма сағасы.
Бас қаласы елімнің,
Ардақтысы жерімнің.

Рудный
Рудный -әсем, жас қала,
Жырлап айтам шаттана.
Кенге толы жеріне,
Көз тоймайды қараса.

Отан, туған жер туралы мақалдар айтылады.
1.Отан - оттан да ыстық
2.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
3.Туған жерге туың тік
4.Елі байдың жері бай

Сабақты бекіту: Жетекші сұрақтар қойылып, мақтап-мадақталады, оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті қалам» тақырыбына эссе жазып келіңдер.

© 2010-2022