Оқытудағы жаңа технология бойынша ой-пікір

Оқытудағы жаңа техология бойынша жазған ой- пікірім. Ақтау қаласында үш айлық курста оқыдым. Үшінші деңгей оқушылармен жумыс. Сабақта жеті модульды пайдалану, әсіресе топтық жұмыс. Бұл оқушыларды бір- бірімен пікірлесу, ойын ашық айта білуге және де нашар оқитындардың өзі белсенділік танытады,
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытудағы жаңа технология бойынша ой - пікірім.

Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен

тарихтағы ең ұлы істің бірі. К.Д.Ушинский

Инновациялық білім берудің негізгі міндеті - қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін- өзі дамытып, жетілдіре алатын, сыни тұрғыдан ойы қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Мектеп -үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Білім саласында жүргізілген жаңа реформаның мазмұны сабақты жоспарлауда жеті модульді басшылыққа алу, атап айтқанда:оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға оқыту; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда АКТ- ны пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; оқытудағы басқару және көшбасшылық .

Жеті модульдің мазмұнын ашу барысында диалог негізінде оқыту және оқу топтық жұмыс, қалай оқу керектігін үйрену, формативті бағалау, жиынтық бағалау, постер, кластер тәсілдерін пайдаландым. Бұл аталған тәсілдердің өзіндік артықшылықтары, сонымен бірге қиыншылықтары да болды. Қиындық тудыратын жағы оқушыға еркіндік беріледі. Оқушылардың бірінің пікірін бірі тыңдай білуі маңызды.- Бұл жаңаша оқыту дәстүрі меніңше сабаққа деген қызығушылығын оятады . Топпен жұмыс жасаса, еркін ойларын айта алады. Өздеріне деген сенім пайда болады, бірін- бірі толықтырады, жауапкершілікті сезінеді. Айта кететін жайт нашар оқитын оқушыларда топтық жұмыс кезінде қызығушылық пайда болып басқалармен бірге орындауға тырысады. Оқушы шығармашылығына көбірек көңіл бөлу қажет деп есептеймін. Қиындық келтірген уақыттың тапшылығы. Сабақ үрдісіндегі әр қадамның жүйелі, нәтижелі болуы кері байланыс жүйесін көрсетеді. Мұғалім оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруда Блум таксономиясын (білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау) негізге алу қажет деп есептеймін, себебі оқуда бір- бірінен үйреніп, бір -біріне қажетті кері байланыс орнатуға көмектеседі,сыни бағалауға өзара әрекетпен өзін- өзі іске асыруда айтулы тапсырмалар орындайды. Оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдің маңызы зор әрі тиімді.Наурыз айында Lesson study тәсілі бойынша үш мұғалім сабақ өттік. Зерттеуге үш оқушы алынып; оларды әр сабақта өздерін қай жағынан және неге икем екені анықталды. Зерттелуге алынған үш оқушы жөнінде айта кететін болсам, әр оқушы бойындағы қабілетті,икемділікті көре білу - мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі.Зерттеудің түйінді идеяларын негізге ала отырып,ойлау дағдысын жетілдіру мақсатында оқушыларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға қалай үйрете аламыз? деген сұрақпен өткізген сабақтарымызда, деңгейлеп оқытудың стратегияларын пайдаландық. Мөлдірдің топпен жүргізілген жұмыс кезінде көшбасшылық қырынан көрінуін,Бекзаттың ойлау қабілеті мен белсенділігінің өзгеруін қадағалап,болған айырмашылықтарын белгілеп отырдық. Оқушыларды ұйымдастыра оқыту,олармен жеке,топтық жұмыс жасау кезі білім алумен ұштасатындығын байқадық..Соңғы сабақта Тұрған Мөлдір берілген тапсырманы уақытында орындап,шығармашылықпен жұмыс істеуде,топтық жұмыста да қызығушылық танытып ,өзінің ой-пікірлерімен көзге түсті.Ал,Бекзат ерік-жігері,күш-қайраты жақсы оқушы. Қиындықты жеңе білуге тырысады. Берілген деңгейлік тапсырманы өз деңгейінде орындап,биологиялық диктантты өте жақсы орындап,өзінің ойлау процесінің шапшаң екендігін көрсете білді.Бек көп үндемейді. Жауап беруге ұмтыла бермейді, дегенмен сабақтың соңына қарай Бекте қызығушылық пайда болды.Күнделікті сабақта оқытудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде оқушының білім сапасының жоғарылайтындығына сеніміміз мол.

Оқытудың жаңа тәсілін қолдану әрбір мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат және міндет. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты -халықпен теңестіретін - білім»деп атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білімі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім - ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші - ұстаз. Сондықтан да ұстаздар қауымын - біліммен қаруланып, жаңа заманға сай, өзгерген, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуға шақырамын.



© 2010-2022