Мектеп ұжымына арналған жаңа жылдық бағдарлама

Мектеп ұжымына арналған жаңа жылдық бағдарлама 2015 жылды қарсы алу                30 желтоқсан 2014 жыл                №7 орта мектебі Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.   І жүргізуші: -Ассалаумағалайкум! Құрметті қауым! ІІ жүргізуші: -Армысыздар, ардақты әріптестер! І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, әріптестер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! ІІ жүргізуші: -Келе жатқан қой жылы мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп ұжымына арналған жаңа жылдық бағдарлама

2015 жылды қарсы алу 30 желтоқсан 2014 жыл №7 орта мектебі

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

І жүргізуші: -Ассалаумағалайкум! Құрметті қауым!

ІІ жүргізуші: -Армысыздар, ардақты әріптестер!

І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, әріптестер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: -Келе жатқан қой жылы мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші:

Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

ІІ жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

І жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы мерекелік құттықтау сөзін мектеп директоры Ибраева Гүлсайран Намазбайқызына береміз.

ІІ жүргізуші:

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші: Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші бала, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Өзінің құттықтау әнімен ортаға әнші ұлдарыңыз ...... қарсы алыңыздар!

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлығымыздың қуанышымыз Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар.

(Хоровод айналдыру. "Жаңа жыл" әнімен)

І жүргізуші:

-Биылғы келіп отырған қой жылы қазақ халқы үшін өз табысы мен, өз жетістігімен, молшылығымен келсін! Ендеше бабына келіп отырған жүйріктерді ортаға шақырмыз! Өнерлерімен біздерді тамсандырсын!

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытарыңыз шарықтай берсін!

(Сатиралық көрініс)

ІІ жүргізуші:

-Ендеше жарысымыздың 1-ші бөлімі сатиралық көрініс. Жарысымызды алғаш болып, бастау үшін жеребе тастау арқылы анықтаймыз.

І жүргізуші: Аяз ата! Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз.

Ән: МЕН (тосын сый)

Тосын сый (жеміс-жидектер иогурты )

І жүргізуші: (Көңілді ойындар марафоны)

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасын беріңіз! Сіздіңше кім жеңеді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші: Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Барлық топ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті.

(Лотория ойнату)

Келе жатқан қой жылы молшылығын, несібесін ала келсін деп, ортамызға қой жылы туылған (қойларды) ортаға шақырамыз. Ол үшін бүгінгі кешіміздің бас рөліндегі киіпкерді де қоса шақырамыз. Ол осы мектептің кәсіподақ төрайымы Қалқаева Айғаным Әбимолдақызы. Қошеметпен ортаға шақырайық.

Жаңа жылдық сыйлықтар тарату ұжымға-ортаға қой киінген киіпкерлер шығады.

Торт әкелу, шампан ашу

І жүргізуші:

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі




ЖҮРГІЗУШІ: Варшава Польшанаң астанасы. Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.

Сондықтан бізде мерекелік салют, фейерверк жасаймыз
КОНКУРС-1 Ортаға 5 жұп шақырылады. Әр жұпқа шарлар беріледі. Жұптар араларына шар қыстырып, би билейді. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жару керек. Кімнің шары жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.
Стук колес , гудки паровоза

(Т. КУТУНИО-музыка.)
ЖҮРГІЗУШІ: : Біз Италияға келдік
Италияда Жаңа жыл түні терезелерінен далаға ескі заттарды лақтырады. Мыс: орындық, лампа, шелектер. Егер ескі заттарды далаға лақтырса, Жаңа жылда дәл сондай затқа ие болады. Италияда әр отбасы Жаңа жыл түнінде ішіне түрлі сюрприз жасап, торт пісіреді.

Сондықтан, бізде сіздерге торт дайындадық.. Бір-бір тілімнен алыңыздар. Жаңа жылда сіздерді не күтіп отырғаның білесіздер.

Жүрек-махаббат Машина- машина сатып алсыз

Кітап -білім Адамның беті-жаңа таныстық

1 теңге- ақша жебе- мақсатқа жету

Кілт- Жаңа пәтер сағат-өмірінде өзгеріс

Күн- табыс жол-сапар

Хат-хабар сыйлық- сюрприз

Найзағай- сынақтан өту бокал-мерекелер
Стук колес , гудки паровоза

Музыка Бах
ЖҮРГІЗУШІ: Германия-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Моржатазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен .

КОНКУРС -2 Ұлдарға 3-5 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып , Жаңа жылға қарсы секіреді.Кім алысрақ секіреді сол женімпаз болып саналады.

ЖҮРГІЗУШІ: Европаны араладық , ал енді ыстық экзотикалық Африкаға барамыз., бірақ поезд онда жүрмейді Сондықтан біз машинамен барамыз.
ШУМ МОТОРА МАШИНЫ

ЗВУК клаксона

ЖҮРГІЗУШІ: Білесіздер ме? Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Өте экзотикалық дәстүр,екен, бірақ сіздер қобылжымаңыздар.Біз бір-біріміздін бетімізге түкірмейміз, бірақ африканша достарымызды құттықтаймыз.

КОНКУРС- 3 3 қатысушы ортаға шақырылады. Әр біреуіне соска -пустышка беріледі.

Кім алысрақ түкіреді сосканы ,сол жеңімпаз болып саналады.

ЖҮРГІЗУШІ: Африка -ыстық күйіп тұрған күн, өткізбейтін джунгли және темпераментті, жандандырылған билер. Ендеше африкандық би марафоның жариялаймыз.

( Би-20 мин) Би арасында ең күшті бишіні таңдаймыз.
ЖҮРГІЗУШІ: Саяхатымызды жалғастырамыз автокөліктен корабльге отырып, америкаға жол аламыз.
ПЛЕСК ВОЛН, КРИКИ ЧАЕК
ЖҮРГІЗУШІ: Жақсы белгі бар, корабль мен алыс сапарға шыққанда , корабльдін бортына шампаның буылкасын жарады екен.

БРИТНИ СПИРС

ЖҮРГІЗУШІ: Біз Америкадамыз.Бостандық ескерткіші, Майкл Джексен, Мадонна, және Арнольд Шварцнейгр.Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты деп саналатын конкурс өткізіледі.

ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше ортаға өзін күшті, мықты деп саналатын оқушыларды шақырамыз.

Конкурс Сіздерге мынадай тапсырма: оң қолынызды артында ұстап, сол қолымызбен газетті бұрышынан ұстап, жұдырыққа жинап алыныз. Ең жылдамы женімпаз болып саналады.

ЖҮРГІЗУШІ: Саяхатымызды жалғастырамыз.Ұшқышқа отырып Жапонияға ұшамыз.

ШУМ САМАЛЕТА.

ЯПОНСКАЯ МУЗЫКА
ЖҮРГІЗУШІ: 31 желтоқсанда күні жапондықтар, үйлерін жинап, тазалайды, ал түнгі 12.00 де ұйқыға жатадыЖаңа жылдың күннің бірінші сәулелерін қарсы алу үшін, таңның атысымен тұрады екен. Жапония жұмбақты ел, Бұл елдің тұрғындарының таланттары көп, бірі-басқа кісінің ойын айту.

Ендеше біз белгілі жапондық сиқыршының салонындамыз.Біз осы жиналған қауымның ойын ести аламыз.

1

2

3

4

5

6

7

ЖҮРГІЗҮШІ: Енді саяхатымызды жалғастырамыз.

ШУМ Самолета

РУССКАЯ ПЕСНЯ

ЖҮРГІЗУШІ: Біз көрші елімізге Ресейге келдік. Сіздер білесіңдер ме? 1700 жылға дейін Ресейде Жаңа жыл мерекесін тойламаған. 1966 ж 15 желтоқсанында Петр І 1700 ж 1 қантарынан бастап Ресейде жаңа жылсанау басталады деп жарғы жариялайды. Осы күні пушкалардан ату, смола жағу, үйлерді пихта, шырша ағаштарымен безендіру және де ән айтып, би билеу керек екен. Ендеше бізде Петр І жарғысымен би билейік (антракт би15 минут)
МАШИНА ДАУЫСЫ

ҚАЗАҚ КҮЙІ

ЖҮРГІЗУШІ :Қонақта жақсы, ал үйде оданда жақсы .Сонымен Біз Қазақстанға Қостанай облысы Таран ауданына Таран қазақ орта мектебіне ораламыз.Көрініздер біздің мектепте қалай жаңа жыл мерекесін қарсы алады.

Сіздерді келесі конкурс күтіп тұр. Сіздердің алдыңызда сағат сюрпризібен, сіздердің араларынызда сол сюрприздің иесі отыр.Кім ол ? Ешкім білмейді, менде білмеймін. Сіздердің билетерінізде номер бар. Сол номер бойынша ойынның кандидатын анықтаймыз. Сонымен номерлі қатысушыны ортаға шақырамыз.
ЖҮРГІЗУШІ: Ал енді қарсыласыңызды өзініз таңдаңыз. Ойынның шарты: кім конкурста женеді сол сағаттың тілін 5 мин алдыға жылжытады. Біз сіздер мен сағаттың тілі 12 00-ге барғанынша жалғастырамыз.Кім сағаттың тілін 12 00-ге апарады сол сюрприздің иесі болады.

ЖҮРГІЗУШІ:

КОНКУРС-1 Мына сұраққа жауап беріңдер. Жас қыздардың биікке секіруі қай елдің Жаңа жылғы дәстүрі болып саналады? Онтүстік Америка, Эфиопия, Корея, Франция.( Корея )

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
Конкурс-2 Сіздердің алдарыңызда 7 түрлі лента. Лентаның біреуінде сыйлық байланған. Кім соны тартып алады, сол ойыннан шығады. Өйткені ол өз сыйлығын алды.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
КОНКУРС-3 Жаңа жылда біз бір-бірімізге денсаулық қана емес, ақша да тілейміз, өйткені ақша бәрімізге керек. Ендеше кім бірінші санап айтады мына конвертте қанша ақша бар сол жеңімпаз болып есептеледі, және сағаттың тілін 5 минутқа жылжытады.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
КОНКУРС-4 Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
КОНКУРС-5 Ақшақардың жақсы көретін тағамдарының бірі -балмұздақ . Балмұздақтың сроттарын, түрлерін атандар. Кім 5 секундтан көбірек ойланса сол ойыннан шығады.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
КОКУРС-6 Жаңа жылда неше түрлі қызықты конкурстар өткізіледі, ендеше өздеріне қарап, киімдерінде неше түйме бар екенін санандар. Кімде көбірек сол жеңімпаз

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.

.

КОНКУРС-7 Жаңа жыл қарсаңында бал ашады. Бізде сіздермен бал ашамыз, Сіздер Ромашканың жапырақтарын жұлып тастайсындар.Кімге соңғы лепесток жетеді сол ойыншы шығады.

Конкурс-8 Мерекеден киін өте көп қоқыс қалады, ендеше бутылкаға газеттерді кім бірінші салады, сол жеңімпаз.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
Конкурс-9 Жаңа жылда карнавалдық костюм кию дәстүрі бар, ендеше сіздерге тапсырма , кім бірінші киініп, бантикті байлайды сол жеңімпаз.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
Конкурс 10 Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар. Жеңімпаз соңғы ойыншыны таңдайды

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
Конкурс 11 Жаңа жылға тілек айту. Кім 5 секундтан көп ойланады, сол ойыннан шығады.

Конкурс өтеді, келесі ойыншы ортаға шақырылады, сағаттың тілі 5 минутқа жылжиды.Жеңілген адамға утишительный приз.
Сюрприз
ЖҮРГІЗУШІ: Достар қандай Жаңа жыл Аяз ата мен Ақшақарсыз келеді? Сүйікті Аяз атамызға телеграмма жібереміз.Біз телегграммаға мәтін жаздық, бірақ сын есімдерді тастап кетіппіз.Ендеше сіздер бір бір сын есім айтып отырасыздар, мен жазамын
ТЕКСТ ТЕЛЕГРАММЫ:

Аяз Ата!

____________________Аяз Ата! Барлық қонақтар күтіп отыр сіздің __________ келуіңізді.

Жаңа жыл -бұл ең мереке .Біз сіз үшін__________________ ән айтып,____________________ би билейміз.

Көп күткен______________________________ жаңа жыл келеді.

___________________ жұмыс туралы айтқымыз келмейді. Бірақ уәде беріміз, жұмысты_____________ істейміз,_____________________ақша аламыз.

Сондықтан жылдам_____________________

қапшығынды алып, бізге сыйлықтар бер.Игі тілекпен______________________

оқушылар, _____________________ ұстаздар,______________қонақтар.

БИ
Дискотека Авария «Дед Мороз»

Аюбек сөзі

Айзаданың сөзі

ЖҮРГІЗУШІ Құрметті достар Аяз атамен Ақшақарға дайындаған номерлерімізді тамашалаймыз.


Аяз Ата мен Ақшақар лотерея ойнатады.

Мектеп директоры ----------------------- сөз беріледі .
ЖҮРГІЗУШІ Қымбатты достар! Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең

жақсы қала -салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.

365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсің!


© 2010-2022