Наурыз тойы тақырыбының сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы

(«Қош келдің, Наурыз!». Міржақып Дулатов, «Наурыз». Өтепберген Ақыпбекұлы)

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мен мәтін мазмұнын байланыстыра түсінуге, ұлттық мерекеміз -

Наурыз туралы түсініктерінің кеңеюіне мүмкіндік беру.

2. Әдеби-теориялық талдаулар, тіл дамыту, сөздік қорларын байыту, өздік және шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.

3. Халқымыздың бойындағы ұлттық тұр мен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, плакат, маркер, тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

I. Қызығушылықты ояту.

- Бүгінгі сабағымызды мынадай бір әңгімеден бастағым келіп тұр:

«Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер болса қыздардың қол ақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» деп аталатын сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі» - қалай ойлайсыңдар бұл қай мерекеде жасалатын жоралғы? Бұрын-соңды мұндай әдет-ғурыпты естігендерің бар ма?

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауылы сәл.

Отырғызған нәлі шыбық,

Сенің атың - Наурызтал.

Өзгеруге өте бейім,

Ақ жұмыртқа - сары уыз хәл,

Бесіктегі бөпедейін.

Мәпелейін, Наурызтал,

Тамыр тартып әуелей бер,

Мәуелей бер, Наурызтал.


  • Қалай ойлайсыңдар, неліктен сабақты осы бір өлең шумағынан

бастағалы отырмыз?

Наурыз мерекесі туралы қысқаша мәлімет беріп, өздерінің білгендерін сурау.

Қажет дерек

«Наурыз - парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн - біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеліп, бұдан былай күн түннен ұзара береді. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе-наздары болса, бәрін кешіріп, бірін-бірі мейман етеді.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурызкөже. Наурызкөже жеті түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні - жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды тілекті паш ету.

  • Наурыз айында Жер-Ана бусанып, көк шыға бастағанда наурызтал

егіледі.

- Наурыз мерекесінде жасалатын тағы қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

- Аталғаннан басқа тағы қандай қызықты жөн-жоралғылар бар екен?

II. Мағынаны тану.

«Қош келдің, Наурыз!» мәтінінің авторымен таныстыру. Мәтінмен танысу (1, 2-абзацын оқу):

Іштей оқу.

Мәтіндегі мерекеге байланысты өздері үшін жаңалық болған деректерді «түртіп алу».

  • Осы 2 абзац бойынша жоспар құру.

  • Оқушылардың тапсырманы орындауын тексеру. Жұмысты

қорытындылау.

  • Мәтінді ары қарай осы ізбен оқу.

- Наурыз туралы ақындар да неше түрлі өлең жазғанын білесіңдер. Өлеңде де біз білмеген жайттар бар болар. Наурыздың әдемілігін ақын көзі қалай көргенін байқайық.

Ө. Ақыпбекұлының «Наурыз» өлеңін іштей оқып, мазмұнын түсіну Оқушылардан әсерлі, мәнерлі оқуын сұрау.

- Өлеңді қандай дауыс ырғағымен, қандай интонациялық кідірістермен оқу керек деп ойлайсыңдар? Егер ақырын, бәсең дауыспен оқысаңдар, өлеңнің мазмұнындағы негізгі ой қалай сезілер еді?

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша өлеңдегі көктемгі табиғат өзгерісін, Наурыз мерекесінің ерекшелігін қандай сөз тіркестері арқылы бергеніне белгі қойып, дәптерге жазып алу. Осы сөздердің ішінен қалаған 2-3 сөзді пайдаланып, өзіңше Наурыз мерекесін сипаттап бір сөйлем жазу.

  • Балалар, адам өмірі неліктен табиғатқа бағынышты?

  • Қазақ халқы бұрынғы заманда малсыз өмір сүре алмаған. Ал қазіргі

заманда малсыз өмір сүруге болар ма еді?

  • Наурызда неліктен «шаруаның бір малы екеу болады»?

  • Балалар, бір мереке туралы өлең және мәтін оқыдық. Өлеңде оқиға бар

ма? Дәлелдеу.

- Сонымен, Наурыз қандай мейрамға жатады:

а) дін мейрамы
ә) ұлт мейрамы

б) мемлекет мейрамы

в) дүниежүзілік мейрам. Дәлелдеу.

- Балалар, «Наурыз мерекесі - еңбек мерекесі» деп аталуы неліктен? Сабақ басында оқылған Наурызтал туралы өлеңмен байланыстыру.

III. Ойтолғау.

  • Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- Оқыған мәтін мен өлеңнің қайсысында мерекелік көңіл күй басым?

- М. Дулатовтың жазғанын мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? (Қазақ тілімен байланыстыру).

Мұғалім таңдауына тапсырмалар:

а) Олай болса, сендер де сабақты мерекелік нотада аяқтау үшін, Наурыз
мерекесіне арнап, 4 жолды немесе «5 жолды өлең» құрастырып жазыңдар.

ә) Наурыз мерекесінің белгісі болатын табиғаттың кішкене ғана бір бөлшегін бейнелеп, сурет арқылы білдіру (мерекелік эмблеманы ойлап табу).

б) Наурыз туралы тамаша ән тыңдау.

в) Немесе оқушылардың есінде қалу үшін, балаларды топтарға бөліп,
тапсырмалар беру:

1. Өнер ауылы - Мерекелік өнер көрсету

2. Шаңырақ ауылы - Наурызкөженің жасалуын түсіндіру (қолдарында плакат, маркер, т.б.)

3. Көңілділер ауылы - наурыз күнгі ойындардың тізбесін жасау, 1-2 түрін түсіндіру.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.



© 2010-2022