Тақырыбы: Ана тілім – ардақ тұтар алтыным

Тақырыбы: Ана тілім – ардақ тұтар алтыным. Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тілін сыйлауға, ұлт арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, жазылған плакаттар, суреттер және слайдЖүргізуші:Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Құшақ жая таныстым сан тіліммен. «Жаман үйді қо...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.

Тақырыбы: Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.
Мақсаты: ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуін, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тілін сыйлауға, ұлт арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, жазылған плакаттар, суреттер және слайд


Жүргізуші:Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
«Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық,
Қазағыма артық жоқ өз тілінен...
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» деп Төле би бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып, егеменді ел атандық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек. Сондықтан бүгінгі де сол кісілердің тіл туралы жазған өлең жолдарын оқып, ойымызды ортаға салайық.
1 - бала.

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

2 - бала.

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек - ана

Мен өзіңмен жаралдым.

3 - бала.

Тілім менің,

Тұтастығым, елдігім, үйім менің,

Ел қорғаған ерлерге рух берген,

Осы тілде толғады биім менің.

4 - бала

Тіліңді үйрен күнде сен,

Ол іс емес жай ғана.

Өз тіліңді білмесең,

Білгішпін деп ойлама.

5 - бала.

Аға, ата, інім - деп

Қарындасым гүлім деп

Сөйлегенде күнім деп

Ана тілі қаның бұл

Жан бітірер тасқа да

Құйып берер нәрің бұл

Үлкенге де, жасқа да.

6 - бала

Өсірген ой - білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

7 - бала

Ақыл - ойын дананың,

Ана тілден аламыз.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Жүргізуші: Міне, балалар бүгін Тілдер мерекесі күні. Біздің ана тілімізді қалай ардақтап, қадір тұтатындығымызды білдіретін тілдер апталығы өтіп жатыр. Бізде сынып болып осы іс-шараға өз үлесімізді қосқалы отырмыз. Тілін білмеген адам қанатсыз құспен тең, сондықтан өз тіліңді дұрыс меңгеріп, сөйлей білу керек. Алаштың біртуар ақыны Абай «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған.

8 - бала

Ана тілі - ұраным

Ана тілі - құраным.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

9 - бала

Ана тілім - қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

10 - бала.

Ана тілім бірге жасар өзіммен,

Ана тілім қадір тұтам сені мен.

Ана тілім ардақтысың қашанда,

Орын берем жүрегімнің төрінен.

11 - бала

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

12 - бала

Туған жері -түп қазығы айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы-тірегің,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

13 - бала

Ана тілі біздің - туған тіліміз,

Анамыздай сыйлап бағып жүреміз.
Сүйемін туған тілім - ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Жүргізуші: Ән: Асылый «Ана тілім»


Жүргізуші: Балалар, біздің кең байтақ тәуелсіз еліміз Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері де тұрып жатыр. Оларда осы тіл мерекесі күнін атап өтіп, тілдің құдіретін паш етуде. Біз сол ұлттардың да мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін сыйлауымыз керек және құрметпен қарауымыз керек. Ендеше келесі кезекті сол бір жыр жолдарына берейік.

(орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылады.

The English Language totaley amazing

Some words you can spell nithout even sounding

Then there are nords nith double meanings

That`s why I have such trouble proot reading

So nou know why I look at a word

And just scotch my head because some are absurc

The English Language just baggles my mind

But wthout it I nouedr`t be able to rhyme.

Родной язык!

Он с детства мне знаком.

На нем впервые я сказала «Мама»

На нем клялась я в верности упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем.



Жүргізуші:
Келесі кезекті тіл туралы мақал-мәтелдерге берейік. (тіл туралы мақал-мәтелдер айтылады)

Мақал - мәтелдер

1 - бала

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

2 - бала

Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

3 - бала

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

4 - бала

Өнер алды - қызыл тіл.

5 - бала

Жақсы сөз - жарым ырыс.

Жүргізуші: Міне, балалар, біздің осы өткізіп жатқан іс-шарамыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға үлес қосары сөзсіз.Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген. Осындай ұлы адамдарымыздың бәрі де елім деп, жерім деп, тілім деп бұл өмірден өткен. Қазір де қаншама азаматтарымыз шырылдап жүр. Сондықтан, қазақпын деген әр адам осы сөздің мәніне терең бойлап түсінуі керек. «Қазақ елінің келешегі - қазақ тілінде» екенін әр уақытта есте ұстап, асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете берейік дегім келеді.



Сыныбы: 7-сынып



© 2010-2022