Өзін-өзі тану Дос болайық бәріміз 3 сынып

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп №142 орта мектеп Мерзiмі:__24.12.2015ж.

Тақырып Дос болайық бәріміз

Құндылық : дұрыс әрекет Қасиеттер : адал достық, сйластық, қамқорлық

Мұғалiм Сутенова Индира Сыныбы: 3 Оқушылар саны:7

Сабақтың мақсаты: Оқушылардыдұрыс іс-әрекет жасай отырып,адал дос болуға, өзара сыйластыққа баули отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адал достықтын мәнін түсіндіру;

  • Өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

  • Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру

2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Мәтін «Екі дос»

  • «Адал достық» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Сендердің адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қандай әрекеттерінен байқадыңдар

Ескерту:

  1. 4. Дәйексөз

« Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам»

Халық даналығы

Барлығы бірге айту.

Дәйексөздің мағынасын ашу.

Дәптерге жазып алу.

5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
«Екі дос» Видеоролик

Балалар осы ертегіден не ұқтыңыздар?

Шынайы, адал дос қандай болуы керек?

Егер сен сол достардың орнында болсаң не істер едің?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адал достық сурет салу, постер қорғау.

7.Топпен ән айту.

Достар әні

Әнін жазған: Айжігіт Асанов.

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова.

8.Үй тапсырмасы

Мен адал дос бола алам ба? Эссе жазу

9. Соңғы тыныштық сәтi Жағымды күйге келу

- Балалар, енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Әрбір атқарған істеріңде, достарыңмен , жақындарыңмен жасаған қарым -қатынастарыңда кешірімді, кішіпейіл болып, айналаларыңа нұр шашып, өз орталарыңа жақсылық жасап жүрген қуанышты сәттеріңді көз алдарыңа елестетіп көріңдер ....

- Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап,өміріміз тыныштыққа толы болсын! Рахмет! Көздеріңді аша қойыңдар




© 2010-2022