Бөлме өсімдіктері 6-сыныпқа арналған сынптан тыс жұмыс

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі

Химия пәнінің мұғалімі: Бәкірова Әйгерім

Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіру, көбірек тараған өсімдіктер түрімен таныстыру, бөлме өсімдіктерін дұрыс күтуге үйрету.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен ынтасын, талабы мен іскерлігін арттыру.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық

Сабақстың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын реттеу, оқушыларды түгендеп, кезекшіні анықтау).

Оқушыларға үй тапсырмасы: өсімдіктер туралы әңгімелету.

1. Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Психологиялық көңіл - күй

- Жан - жақтарыңа көз тастаңдар, гүлдерге қарап, жылы жымиыңдар. Айналадағы гүлдер сендерге қандай көңіл - күй сыйлады? Бір - біріңе жақсылық тілеңдер.

2) Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыс

Біздің мектепте өсірілетін гүлдер.

Бөлме өсімдіктері

1-2кл

9кл

5-8кл

3-6кл

4-7кл

Директор. каб.

асхана

Мұғ.

бөлмесі

Акт

зал

кітапхана

1

Гусмания

2

3

1

1

1


1


2

2

Гибискус

3

-

1

1

1




3

3

Сансевиерия

2

2

2

2

1




-

4

Эхеверия

1

1

1

-

1




1

1

5

Хавортия

-

-

2

2

-




-


6

Циперус

2

1

2

1

1




1


7

Кактус

1

-

1

-

1



1

-

1

8

Алоэ

1

1


-

1




1


9

Пеларгония

2

2

1

1

-




-


10

Бұғы мүйіз

-

1

1

3

1


1


1


11

Сингониум

1

1

1

-

-




-


12

Замиокулькас

-

-

-

1

-




-


13

Гименокаллис

5

-

-

3

2




1

1

14

Шекергүл

1

-

-

-

-




-


15

Хойя карноза

2

-

-

2

2



1

-


16

Мальва

-

-

-

1





-

барлығы

23

12

13

18

12


2

2

9

3

Біздің мектепте өсетін мәдени гүлдердің бернешеуіне тоқталып өтейік.

Үй өсімдіктерінің үш талабы:

Үй өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар:

1. Оларды іріктеп алу;

2. Өсіру;

3. Баптап күту.

Үй гүлдері әдемі жапырақты гүлдер және гүлдейтін гүлдер болып екіге бөлінеді. Гүлдейтін гүлдер күтімді ерекше қажет етеді. Үй гүлдері күнді жақсы көретін және алакөлеңке жерде өсетін болып бөлінеді. Гүлдің ерекше қасиеттерін сатушыдан анықтап сұрап алған жөн. Үйде өсіруге болатын өсімдіктер үшін ең маңыздысы - жарық, жылу, топырақ және су. Суды гүлге әр гүлдің ерекшелігіне қарай тиісті мөлшермен құйып әрі жапырақтарын сумен бүркіп отыру керек. Топырақтың дер кезінде құнарлылығын арттырып, тыңайтқыштарды қалай пайдалану керектігін білген дұрыс. Жарық және жылу тұрақты болу қажет.

Үй гүлдерінің топырағы дұрыс болып, түбектің суағары болуы шарт. Қыс кезінде үйге от жаққандықтан, бөлме ысып кетеді. Сондай уақытта аптасына бір-екі рет гүл жапырақтарына су бүркіп отыру керек. Гүл ашып тұрған болса, суды гүліне тигізбей бүрку қажет. Гүл жапырақтарын шаң басып қалса, оның өсуі тежеледі әрі оттегін бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Дегенмен кейбір гүлдерге, оның ішінде шегіргүл, бегония, жүсіптің сұлулығына су бүркуге болмайды. Суарғанда жапырақтарын көтеріп, топырағына ғана су құю керек. Әрбір гүлге өзінше ерекше бап керек. Кейбір гүлдерге желтоқсан, қаңтар айларында мүлдем су құймай демалдырады.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.

- Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?

- Үйлеріңде қандай бөлме өсімдіктері бар? (Аттарын атап көріңдер).

- Сен ол өсімдіктер дұрыс өсуі үшін қалай күтесің?

- Сынып бөлмесінде қандай өсімдіктер бар? (Аттарын атату).

ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударыңыз.


Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап, еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап

Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».

Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар.

Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн.

Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.

Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз.

Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін.

Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл - қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн.

Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.

Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.

Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.

Оқушылар өздерінің қалай отырғызу керек, қалай күту керектігі туралы білетіндерін ортаға салады. Оқушылардың өсімдіктер туралы қандай қызықты мәліметтер білетінін, естігендерін, теледидардан көргендерін айтқызу (оқушыларға өлең, тақпақтар айтқызу

3) Оқушылармен жұмыс

Оқулық мәтіні бойынша балалар бөлме өсімдіктерінің тарихы туралы мәліметтер біледі.

- Сен үйіңде және мектепте бөлме өсімдіктерін көріп жүрсің. Көп жағдайда оларды «алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені, ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіндері алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп - өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады.

- Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз оларға соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің тіршілік иесі екенін естен шығармауға тиіспіз. Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырған дұрыс.

- Бегонияның түсі әртүрлі, биіктігі 15 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бегонияның отаны - ыстық жақтың ылғалды ормандары. Оның жапырақтары ірі болады, өйткені оның отынанда ылғал, жылу, жарық мол.

- Ал, кактусты «жасыл кірпі» деп атайды. Кактустың отаны - Американың шөлді далалары. Олар сабақтарына су қорын жинап қояды. Оны, көбінесе, компьютерлердің жанына қояды.

- Бөлме өсімдіктері мейіріммен қарағанды, өзімен әңгімелескенді жақсы көреді. Көптеген бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері бар.

4) Сергіту сәті

7) Практикалық жұмыс.

Балаларға бөлме өсімдіктерін күтуді практикалық жұмыс арқылы меңгерту. Дымқыл, таза шүберекпен жапырақтарының шаңын сүртеді, тамырларына зақым келтіріп алмай топырақтарын қопсытады, су сепкішпен су құяды.

8) Қорытындылау.

Сабақтың қорытындылау бөлімінде оқушылар бөлме өсімдіктері, оларды күту туралы өздерінің не білетіндерін айтады.

- Қандай өсімдіктерді бөлме өсімдіктері дейді?

- Оларды неліктен «алыс жақтың өсімдіктері» дейді?

- Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек?

- Өсімдік, гүлдер туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

- Сонымен, өсімдіктердің өсуіне нелер қажет?

Оқушылардың еңбектерін бағалап, мадақтау.

Үйге тапсырма беру: Бөлме өсімдіктері: түсініктерін айту.


© 2010-2022