Мамандықтың бәрі жақсы

Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 11 «Ертөстік» ясли- бақшасы КМҚК



















Ашық сабақ

"Мамандықтың бәрі жақсы"

"Айгөлек" екінші кіші тобы









Тәрбиеші: Қазытай Қ



Семей қаласы



Ұйымдастырылған ашық оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Бөлімдері: Тіл дамыту,музыка

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: ойынға қажет құралдар, көлік, мамандық түрлері.

Билингвальды компанент: еңбек- труд- labor, адал еңбек- честный труд- honest labor.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

-Балалар, қазір бізде қандайұйымдастырылған іс-әрекеті?

Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.

Тіл дамыту сабағы.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

-Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді ?

-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?

- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?

-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?

Сергіту сәті:

Қане, кімнің бойы ұзын ?

Паравозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да.

Пыш - пыш, пыш-пыш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма, бірің де.

Пыш - пыш, пыш-пыш, біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Ал, паравоз тоқтайық, пыш.

Жұмбақ шешіп көрейік

1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,

Аузынан жалын шығар будақ күйе.

-Ал, балалар, пойызды кім жүргізеді?

2.Сымға асылып,

Жүр асығып.

-Троллейбусты кім жүргізеді ?

3. Құстан аумайды,

Көкте зулайды.

-Ұшақты кім жүргізеді ?

-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?

-Енді мына дәрігер, шахтёр туралы кім өлеңдер біледі екен ?





Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек.

Бәрі, бәрі жұмыста

Атам менің күйші,

Апам менің биші

Асқан шебер жанұямда

Анам бар тігінші

Әкем болса ұста

Үй салады қыста

Өзім жалғыз үйде қалам

Бәрі,бәрі жұмыста

С Мәуленов

Билингвальды компанент: еңбек- труд- labor, адал еңбек- честный труд- honest labor.

-Аспазшы, мұғалім, құрлысшы, жүргізуші

-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-тілші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.

-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.

- Пойыз

- Машинист

- Троллейбус

-жүргізуші

-ұшақ

- ұшқыш.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәрігер боламын

Әжеме тіс саламын,

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтан да өскенде

Мен дәрігер боламын.

Шахтёр

Бақыт тапқан шахтадан,

Шахтер ағам-жақсы адам.

Көмір қазып, кен қазып,

Ұқсап өсем нақ соған.

- «Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды.

Балалар өлеңді қызығушылықпен орындайды.



Балалар жаңа сөздердіә бірнеше рет қайталап, жаттайды.

Рефлекция , түзету жұмыстары

Д/о : «Кім болам ?»

Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.

-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?

-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.

-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел кім біледі.

-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?

-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек. Еңбек етпеген адамдар жалқау, еріншек адамдар.

Балаларды бағалау.

-Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.

-Суретте берілген мамандық иелерін алып, әңгімелейді.

- Үлкен аға, апалар, ата-аналарымыз



-Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді

-Без хорошего труда нет плода.

-Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Сабаққа қатысқандары үшін бағаларын алады.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Балалар мамандықтарды біледі.

Түсінігі бар: Маман иелері олардың қызметі туралы түсініктері бар.

Орындай алады: сұрақтарға жауап бере алады, берілген өлеңді жатқа айта алады.



© 2010-2022