ЭССЕ ПО ПРОХОЖДЕНИЮ НИШ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арқалық қаласы М.Әуезов атындағы № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Жумагулов Серик Бакытбекович

НҰСҚАУЛЫҚТЫ НЕГІЗГЕ АЛСАҚ...

Ұстаздарға көмектесіп нұсқаулықпен

Әдістеме, шеберлікпен бөліскен,

Назарбаев зияткерлік мектебіне,

Ризашылық ілтипатым шын жүректен

Осыдан бірер жыл бұрын елімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы құрылып, Кембридж университеті және Назарбаев зияткерлік мектебі өз жұмысын бастағанда мұғалімдік жолында жүргендіктен қызыға да, қызғана қарап, тұңғиық терең ойларға шомылып,«осы мектеп оқушыларға білімді қалай береді екен?»- деп өзімізге-өзіміз сұрақ қойып, сондай ерекше тәсілдермен біз де сабақ берсек, оқушыларымыз өз қатарластарынан қалыс қалмаса деп армандаушы едік.

Мінекей, бүгін де «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПК БАИ-де үшінші деңгей бойынша біліктілігімізді жетілдірдік.

Қолға алған басты құралымыз да, қаруымыз да нұсқаулық болғандықтан курс барысында бағдараламаны зейінмен зерттеп, назарымыз нұсқаулықта болды. Тәжірибелі жаттықтырушының жүктемесімен жігерлене жұмыс жасап, күн сайын машықтанып, білім берудегі әлем стандарттарынан шеберлігімізді шыңдаумен болдық.Бұл жайтқа облысымыздың әр жерінен келген бірге оқыған әріптестерім куә. Бүгінгі күннің жаңаша ойлайтын жастарына қалай оқу керектігін үйрететін ұстаздар үшін үлкен теориялық білім мен тәжірибелер жиынтығы нұсқаулықтан табылды.

Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады. Егер оқушылар өздерінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу мақсатында оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге уақыты көбейеді. Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі болып табылады. Кейбір оқыту модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады: ол білім міндеттерін және оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; міндетті шешу кезінде оқушыға жетекшілік етеді; жұмысқа жұмсалатын уақыт регламентін белгілейді; оқушының жұмысы жөнінде баға береді және пікір айтады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. [нұсқаулық , 37бет]

География пәні мұғалімі ретінде сабақ беру барысында Шульманның ілімін, Мерсердің диалогімен байланыстырып, Маслоудың қажеттіліктерімен ұштастыра, ЖАДА-ны қалыптастырып, оқу пирамидасын негізге ала отыра оқушыларды сындарлы, сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, оларды әділ бағалап, АКТ-ны қолданып, талантты да дарынды балаларды жас ерекшелігіне сәйкес метасанасын реттеп, тезистер арқылы кезеңдер мен деңгейлерді қолданып, көшбасшы оқушыларды оқытып, тәрбиелеймін деген сенімдемін.

Пайдаланған әдебиет:

  1. Нұсқаулық , 37бет

© 2010-2022