Научные работы: Сыр елі-Алаштың анасы

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кіріспе


Сыр елі- Алаштың анасы!

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ жерінің қай аймағын алып қарасаң да ұшқан құс қанаты талатын,жүгірген аң жете алмайтын кең аймақ. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан осынау атамекеніміздің даласы мен таулары тұнып тұрған тарих, шежіре, ән мен жыр мекені екені әлемге аян. Асқақтап аспанды тіреген Алатау -Қазақстанның айбыны мен айбары, Ұлытау ұлылығы , Сұлу Көкше күмбірлеген күй көңілі, ал Қаратау - қазыналы аймақ болса, гүлге оралған сұлу Сыр - киелі орынның қара шаңырағындай. Сыр бойын киелі қара шаңырақ деуге негіз бар. Бұл сөз - сан ұрпағын өрбіткен қасиетті ұя, өркенді орда, ата-бабаның киелі Отаны деген мағынаны береді.

Сол Сыр-қай Сыр? Қандай өлке, қандай жер? Аз да болса тарих тағлымына салып,көреген қариялар, дарынды даналар сөздеріне құлақ асып, шындықты шертетін , шежірелер қойнауына енейік.

Тағы бір Сырдың ерекше қасиеті - «Ұлы Жібек жолы» бойында болғандығы.Көпті көрген көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, баяғы заманда Аралдан шыққан лақ үйлердің шатырынан - шатырына секіріп отырып Бұхараға дейін барады екен. Бұл әсірелеп айтқан сөз болғанымен , Сыр бойындағы көне қамалдар мен қорғандардың қазіргі кезде төбеге айналған ескі орындары осы ойға еріксіз жетелейді. Отырар, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент, Сығанақ, Баршынкент, Жент тағы басқа шаһарлардың орын тебуі және Ұлы Жібек жолының осы өңірден өтуі Сыр бойының тұнып тұрған шежіреге толы екендігін көрсетеді.

Сырдың елі - сыры ашылмай жатқан қалалар, қорғандар жері.Kиелі бабалар мекені, аты шулы ақындар , дарынды, таланттар жері. «Ніл дариясынан табылмаған гаухар тас Сырдариядан табылады » дейтін нақыл сөз бар.Сыр бойында құмға көміліп жатқан қалалар мен қорғандар өте көп.

Ауылымыздың тарихи қойнауы біздің мақтанышымыз болып табылады.Ұлы Жібек жолының бойында болған елдімекен аумағының табиғи, тарихи мүмкіндіктерін тиімді зерттеу үшін оның түрлі табиғи кешендерінің қасиеттерін, олардың динамикасын және дамуына әсер етуші жалпы заңдылықтарын тани білу қажет. Соның ішінде өлкетану білімі мен іскерліктерін де меңгеру мен үшін маңызды.


Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1. Аумағымның тарихи мүмкіндіктерін тиімді зерттеу үшін оның түрлі тарихи кешендерінің қасиеттерін, Соның ішінде өлке тану білімі мен іскерліктерді де меңгерту мен үшін маңызды.
2. Өлкені тану біздің санамызды, білімінің дамуына көптеп септігін тигізеді және отан сүйгіштігін арттырады. Өлке тану жергілікті жердің физикалық - географиялық сипатының маңызды бір бөлігі

Ғылыми жобаның өзектілігі:
Өлкенің тарихын, археологиясын біліп өскен азамат әрқашан өз отанын сүйетін елін, жерін қадірлейтін ұлт жанды азамат болмақ. Әр оқушы туып өскен жерінің қадірлі, қасиеті тарихы бар екенін естен ешқан шығармауы тиіс. Өлкеміздің археологиясын және дамуына әсер етуші жалпы заңдылықтарын тани білу қажет.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу

Қаржылық тартымдылығы инвеститция тарту:

- Туристік орталықтандыру мәселен аспан асты ашық музейін қалыптастыру. - Музей арқылы туристерді тарту арқылы аудандық бюжетке пайда әкелу.

- Келген туристер арқылы инфрақұрлымды дамыту (қонақ үй)

- Инфрақұрылым арқылы кәсіпкерлікті дамыту

- Аудандық салық табысын арттыру.

Жобаны қорғау мәнері ғылыми жаңалықтың үлгісін ұсыну

- ТМД тарихи ескерткіштерді қорғау ұйымына енгізу

- Тарихи оқулықтарға енгізу

- Археологиялық жұмыстарды тарту
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І-теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, интернеттен қарау.
ІІ - практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ - бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)
3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің Қазақстан тарихы пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында Өзгент ауылының тарихи қойнауы болған жерлерге экскурсия жасатуға болады.

1. Өлкетану ұғымына сипаттама

Өлкетану деген қашаннан өлке құру жұмысының бір саласы, сондықтан ол шынында ертедегі мәдениет тарихында жуан орын тепкен жұмыстың бір саласы. Бұрын жұрт оған көп назар салмай келіп, осы соңғы кезде ғана етек жәйіп өрісін кеңейтіп, біздің тұрмысымызда ғана өлкетану мәселесі реттегі жұмыстың бірі болып қолға алынып отыр.

Осы күнгі өлкетану жұмысының ең маңыздысы сол өлкедегі халық шаруасын, өлкенің өндіріс күштерін зерттеумен байланысты. Әрбір мәдениетті қоғам өзінің жұмысын ғылым негізіне құрып жүргізуге ұмтылады.

Өлке тану дегеніміз не? Егерде бұл жөнмен жүргізген жұмысы жемісті болған сайын елдің мәдени тұрмысы көтерілмекші, бірақ ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін, сол істейтін ісіңнің жәйін жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын құру үшін алдымен сол қоғамның мән-жәйін, айналасындағы табиғат мәдени қалпын жақсы білу керек. Басқа шартқа да жергілікті мәдениетке өлкені үзбестен ұдайымен арымай-талмай аудара қарап, ақтара тексеріп зерттеуге тура келеді. Міне осы жұмыстардан барып өлкетану деген қозғалыс туады.
Қазақстан территориясындағы алғашқы адамның пайда болуы ашель дәуірімен байланысты, демек өлкетану ғылымының тарихы да осы кезеңнен басталмақ. Алғашқы «өлкетану» сөзі 1914-1917 жылдардағы басылымдарда кездеседі. Өлкетану сөзін «отантану», «елтану» Қазақстан территориясында «сібіртану», «түркістану», «алтайтану», «облыстық ғылым» деген атаулар мен алмастырып отырды. Атауы басқа болғанмен бір мағына береді. Өлке тану пәні нақты бір аймақтың тарихын жан-жақты зерттеу өлке тану тарих, археология, тарихи география, этнография, демография, қосалқы тарих пәндерінің ғылымдарымен байланысты. Алғашқы жеке аудандардың тарихына арналған оқу құралдары Ресей империясының территорияларында 18-ғасырда пайда болды. Бірақ ол кезде бұл өте сирек құбылыс болатын. 19 ғасырда олар көбейіп 20 ғасырда бұл үрдіс жалғаса береді.

Өлкетанушылар кұрамына қарай «Мектептік өлкетану», «студенттік өлкетану», «мұрағаттық өлкетану» болып бөлінеді. «Тарихи өлкетану», «географиялық өлкетану», «әдеби өлкетану». Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи өлкетану жұмыстары әртүрлі бағыттарда жүмыс істейді. Облысты, ауданды, тұрғылықты пункттерді, оқу орындарды зерттеу жұмыстары жүргізіледі.[2]


1. 1 Ауданымыздағы тарихи орындар


Сұлу Сыр бойы мен қазыналы Қаратау алқабын алып жатқан Жаңақорған ауданы тұнып тұрған шежіреге толы. Олай дейтінім, бұл Жаңақорған жерінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы Сығанақ жатыр. Мұнда атақты Бақар, Әбілхайыр, Тоқтамыстар хандық құрған. Мұнда сүйікті ақын Әл-Сығанақи өмір сүрген. Орта ғасырлардан сақталған архитектуралық ескерткіш, Cырдария өзенінің жағасына (қазіргі Қызылорда облысы Төменарық темір жол торабынан солтүстікке қарай - 5, Сығанақтан оңтүстікке қарай - 8 км) тұрғызылған сәулетті күмбез5 см келетін қыштар жатқан. Кіре беріс есік (портал) ауқымының аман қалған бөлігінің айналымы - 6 - 5 м., биіктігі 4,36 м. Қирап жатқан аумағының көлемі 110 м құраған, биіктігі 3,1 м. Оңтүстік батыс жағында тағы бір кішілеу төмпешіктің ізі болған. Көккесененің астыңғы негізі берік етіп жасалып, оның үстіне бірінен-бірін биіктете үш барабан тұрғызылған. Ортадағы барабанды25. Мамыш бектің (Алып Мамыш, Алпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне салжұқтар заманы сәулет өнерінің үлгісімен биік мұнаралы етіп салынған. Күйдірілген қыштан соғылған. Орыс зерттеушісі А.Ю. Якубовскийдің көрсетуінше, ескерткіштің беткі жағында көл. 25 михраб түрінде қуыстап келтіріп, үстіне сүйір мұнара орнатқан. Күмбездің арқасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі иығын өрнекті бағаналармен көмкерген. Қабырғаларын Алаша хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Көккесене Қарахан мазарына өте ұқсас. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы Баршынкенттің қираған орны бар.Көккесене. шамамен 1914 жылы құлаған. Ескерткішке қатысты Ж.Басығарин, Е.Қасымов, И.Кастанье, В.Бартольд еңбектерінде тарихи мәліметтер сақталған. Мұнда Әбілхайыр, т.б. сүйегі жатыр деген Бартольд, Ә.Диваев, В.Каллаур,Кастанье, Якубовский, т.б. пікірлері бар.

төменде (1 суретке сәйкес)

Научные работы:Сыр елі-Алаштың анасы

Ауданның тарихи орындарын айта келе өзіміздің ауылымыздың тарихынада назар аударсақ .
Жаңақорған өңіріндегі Қаратау баурайы мен Сыр бойын мекендеген оғыздар жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығымен айналысады көптеген қой, ешкі, жылқы мен түйе сиыр өсіреді. Қаратауды Баурайлап Сырдарияны жағалап Ұлы жібек жолының өтуі бұл жердегі халықтардың экономикалық жағдайы мен мәдениетінің өсуіне өзге ру тайпаларымен қарым қатынасы күшейіп, алыс берісінің дамуына ықпал етті. Сол кездегі Жаңақорған аймағындағы Сауран, Аққорған, Өзгент, Сығанақ қалалары өзінің өркендеп, өсуімен өңдірісінің дамуымен, мәдениетімен танымал қалаларға айналды. Бұлар орталық азия иран, қытай, Орыс секілді елдермен сауда саттық жасады.VII-VIII ғасырларда орта азия жерін Сырдария солтүстік аралықтарындағы жерлерді Мәуренақыр деп атады. Бұл біздің тілге арабшадан аударғанда «Өзеннің арғы жағы» деген сөз.[9]

1.2 Өзгент ауылының тарихи зерттелуі

Өзгент қалашығы Жаңақорған ауданына қарасты қазіргі өзгент аулының солтүстік батысында 15 шақырым жерде.Қала шамамен 10-12 ғасырларға тән құрылыс, Ұлы жібек жолының бойында жатыр. Қалаға жақын жерден Сырдария өзені ағып жатқан, ескі арна жатыр. Өзгент қаласының көлемі шамамен 1 шаршы шақырым (1 км2), қала орта ғасырлық үлгіде. Топырақ үйіліп, оның үстіне биік қорған тұрғызылған. Қорған ішінде терең зындандардың орны бар, қақпаның орны сақталған. Қазіргі кезде барлығы қирап, үлкен үйінді төбеге айналған. Дегенмен зерттеп қараған адамға қала орнынан қыштар мен құмыралардың сынығы, мыстан жасалған теңгелердің қалдығы көптеп кездеседі. Қаланың оңтүстік батыс жағында құмыра күйдіру цехы, темір қорыту цехтары болған сияқты, оған әуелі құмыра сынықтарының үйіндісі, темір қорытпаларының үйіндісі анық байқалады. Қыш күйдіру зауыты да болғанға ұқсайды. Қала орнында кездесетін қыштың көлемі 30х30 см болып келеді. Түркістан қаласындағы Яссауи кесенесіндегі қыштарға ұқсас келеді. Табылған құмыра сынықтарының сары, қызыл, қара, жасыл т.б. түсті саздардан құмыра жасау өнерінің жоғары дәрежеде дамығандығын байқатса, түрлі-түсті саз балшықтарды басқа отырғандығын байқатады. Қала сыртында егіншілікпен айналысқан арықтардың сілемі жатыр. ХХ ғасырдың бас кезінен көптеген зерттеушілер Орта Азия археологиясындағы Бартольдын кезеңі деп атаған. Ол Ресейдің жаулау тарихы легімен келіп ариилік теорияны қолданғанына қарамастан Орта Азия мен Қазақстанда тарих ғылымына көзқарасының дәлдігінің, ойлығымен әдістемелік мұра қалдырды. Бартольдың ғылыми жетекшілігі арқасында ұйымдастырылған 1895 жылы құрылған Түркістан археология сүюшілер үйірмесінің мүшелерінің ізденістері атап өтерліктей істер тындырды. Ташкентте Түркістан тізімдемесінен «хаттамалар» шығара бастайды. Оларда жарияланған мақалалар ғылыми бағыт алды. Осы үйірменің белсенді мүшесі - Перовск, әулие ата уезі басы В.А.Каллаур ежелгі ескерткіштерді іздестіру, тізімдеу саласында ерекше іс қалдырды. Ол 1900-01 жылдары Сауран, Өзен маңы және Перовск уезі болыстарын аралаған кезінде көптеген ертедегі қалалар мен қорғандарджың орындарында болып картаға жоспарын түсіреді. 1895 жылдың өзінде-ақ В.А.Каллаур ертедегі Сығанақ қаласының орнын Сунақ ата (Сунақ қорған) деп қарап, Сунақ руы жайлы деректер жинайды. Одан кейін қазіргі Сырдария ауданында орналасқан суы тартылған Асанас өзектің бойындағы ертедегі Асанас (Ашнас, Эшнас ) қаласын дәл анықтап, мұнда бес қақпасы бар қорғанның жәдігерін сипаттайды. Сондай-ақ Өзкент қаласы туралы мәселе көтеріп, Сырдарияның оңтүстігіне қарай сағасындағы ежелгі арнасындағы Қыр Өзгент екенін, ал Қыр Өзкенттен солтүстік оңтүстігіне қарай 20 шақырым жердегі ішкі Өзкент қазіргі кезде Сыр Өзкент орналасқаның айтады. [4]

2.Археологиялық зерттеу


Өзгенттің орнын тарихқа дәл айта алған ғалым В.А.Каллаур «Өзгент» дегеніміз -дейді ол,- 1-ден Сырға қосылатын бір өзен (ол Өгіз жылғасын айтса керек).

2-ден ол, Ішкі Өзгент және Қырғы Өзгент деген екі бекініс, соның екіншісі ХІІІ ғасырдағы Өзгент (Өзкент). Осы Өзгентті 1220 жылы қанқұйлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан әскерлері жаулап алған. Бірақ қала Сығанақ, Отырар, секілді аса қырғынға ұшырамай өз еркімен берілген, бірақ монғол әскерлерінің тонауына берілген. Жошы қолы Сығанақты алғаннан кейін Сырдың төменгі ағысындағы Жанакент, Жент үшін қалаларына бару үшін Сырдың сол қанатына өтіп, содан осы Өзгентті, одан соң Баршынкентті, Ашнасты алып, Жентке кете барған. Бұл пікірді В.В.Бартольд «Туркестан в эпоху монгольского нашествия» атты еңбектерінде қуаттайды. Кейін қала қирап, аты тарихтан бірте-бірте өше бастаған кезде оның орнын әркім әр жерде деп көрсетіп отырды. Мысалы, ХVІ ғасырдың тарихшысы Ибн.Осман (Масуди) оны Қаратауда десе, зерттеуші Е.Смирнов оны Перовскінің (Қызылорда) төңірегінде дейді. Ал, академик В.В.Бартольд жоғарыда айтқан Каллаурдың пікіріне күмәнданып, оны Жентке барар жолда бола қоймағандықтан қуаттай қоймайды. Сонымен қатар ол Қаратауда деген пікірді де қуаттамай, "Ол пікірдің де көңілге қонымдылығы екіталай"- деген. Ал, бүгінгі Қазақ жазушысы Д.Досжанов болса оны тіпті «Келінтөбеде» дейді. Шындығына келгенде, тарихи Өзгент қаласының орны қазіргі «Өзгент» ауылдық округінің жерінде, Сырдың сол қанатында орналасқан.[3]

В.А.Каллаур ғылыми-өлкетанушылық жұмыстарында жергілікті тарихи топография, топонимика деректерін салыстырмалы түрде пайдаланып, ертедегі араб жол сілтеулерін ертедегі қалалардың орналасуы, олардың аттарын айыруға бағдар ұстайды. 40 км оңтүстік-шығысында орналасқан бұлқалада болып жергілікті тұрғындардан ауызша мәлімет жинап, Сұлтан Әбілғазының (1324 жылғы) тиындарын тапқанын айтады. Сөйтіп тарихи-топографиялық бағдарлау барысында В.А.Каллаур «осы Қыс қала Жент болуы мүмкін» ойды түйіндейді. В.В.Бартольдтың пікірінше, ол Сығанақтың қызықты жоспарын жасап, Асанас ертедегі қаласының орналасқан жерін бірінші боп дәл таптым дей келіп, "Қысқала Жент болуы керек" деген ойына қосылады. Және де Янгикент атымен екі ертедегі қала "Сырдария бойындағы Янгикент, Яникент (Жаңа қала) және Жаңадария алқабында : Ян-кент, Джанкент" болғандығы жайлы пікір білдіреді.

ХХ ғасырдың басында Орынбор архия комиссиясы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге белсене араласады. Әсіресе, оның мүшелерінің ішінде И.А.Кастанье ескерткіштерді сипаттап, есебін алып зерттеумен қатар ішінара қазба жұмыстарын жүргізеді. Ол "Қырғыз даласы мен Орынбор өлкесінің өткені" атты (1910) еңбегінде Шиелі ауданындағы Бестам Қаласы және Сырдария ауданындағы Көп рабаттар жайлы мәліметтер береді.

Орта ғасырлардағы ертедегі Сырдарияның орта ағысындағы қалалар жайлы үзік-үзік көптеген мәліметтер болғандығымен, мәселені көзге елестету мүмкіндігіне қол жеткізе алмады. Олар қалалар мен тұрақтар сипаттауда, есепке алуда және археологиялық деректерді жинақтауда негіз салып, жазба жұмыстары кездейсоқ жүргізілді. Нәтижесінде бұл аймақ бұрынғыдай "ақ таңдақты" зерттелмеген жер болып қала берді. [5]

Сондықтан Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде археологиялық зерттеу саласындағы бет бұрыс - А.Н.Бернштамның атап көрсеткеніндей жекешілік пен құмаршылық жұмыстан ұйымдасқан ғылыми негізге қоюға ұмтылыс басталды. Археологиялық ескерткіштерді тұжырымдау саласында жиналған бай тарихи деректерді ғылыми археологиялық қазбалармен ұштастыру міндеттелді. [8]

Оңтүстік Қазақстан, оның ішінде Арал маңы археологиялық ескерткіштерін зерттеу бөлінісі осыдан басталды. Түркістаннан басталатын былайғы жер "орталықтың" және Өзбекстан ғалымдарының назарында болды. Әсіресе, Орта Азия университетінің шығыс бөлімі ашылып, жер-жер Кеңес өкіметінің қаулысына сәйкес тарихи- мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамдары жұмыс істей бастады. Сөйтіп ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазбалық жұмыстардың әдістемесі жалғыз ғана Маунахрда ғана емес сырт жерлерде қалыптаса бастады.

Орта Азияның тарихы мен болашақтағы археологиялық зерттелу міндеттері - М.Е.Массон, А.Ю.Якубрвский., С.П.Толстов., А.Н.Бернштам және басқалардың мақалаларында тұжырымдалды. Осы кезден бастап Орта Азия мен Қазақстандағы келешек археологиялық мектептердің негізі қаланды.

Қаланың Өзгент аталуының себебі кезінде оғыз тайпаларының қаласы (астанасы) болды ма? Деген болжам бар. Қала сыртында, шығыс жағында, Ұлы Жібек жолының сілемі жатыр. Сол жолдың жағасында үлкен бейіт бар. Бейіттің шетінде арнайы салынған сардаба әлі күнге дейін сақталған. 1920 жылдары Совет үкіметінің кезінде қала үстіндегі топырақ беткі қабатын сыпырып, мылтыққа дәрілік ақжол (селитра) қайнатып алынған. Сырдария өзенінің арнасы шығысқа қарай аунап кетуіне байланысты қала шөлде қалған. Өзгент көлі, Өзгенет ауылы ішкі Өзгент деп аталып, Өзгент қаласының орны Қырғы Узгент деген атқа ие болған. Қыр Өзгент қаласынан табылған қыш өнімдері. ХІІІ-ХVІІІ ғасыр.)Сыр бойындағы ертедегі қалалар мен орта ғасырлық "Өзгент" шаһарының археологиялық зерттелуі жайлы деректер.Қазақстан жерін археологиялық зерттейге бастау болатын ауызша, жазба да ескерткіштер болған. Олардың бірі Орта Азия мен Қазақстан өңірінде жазылған тарихи шығарма - Абул Ибн Мұхаммед Джамал Каршидын «Мулкахат ас-Сурах» (ас-сурах сөздігіне қосымша) атты еңбегі. Ол алмалықта туып ХІV ғасырдың басында ал Джаухаридың арапша сөздігіне аударма жасап, сөздің соңында Сыр бойының ертедегі қалалары жөнінде мәлімет береді.

Осы сияқты Жошы ханнаң тұсында Тоқтамыс пен темірдің ұрыс-таластары жайында «Едіге» жырында әртүрлі тарихи хикаялар айтылады. Тағы басқа Европа еліне танымал Рашид ад-Диннің (1248-1818) «Түрік - монғол шежіресі», Мухаммед Хайдар Дулатидің (1499-1551) «Тарихи рашиди», «Жахинамасы», Әбілғазының «Шежіре-и-түрік», «Шежіре-и тарахима» деген шығармалары Ресей зерттеушілерінің қолына тимеген және де отаршылдық саясат көлеңкесінде бірқатар деректер назардан тыс қалған еді.

Дегенмен ХVІ ғасырдың аяғы ХVІІ Ғасырдың басында Борис Годунов патшаның өтініші бойынша казак Қадырғали Хошым Жалаири жазған «Джамиат-таварих», «Жылнамалар жинағы» орыс қауымының көкейінен шығады. Ш.Ш.Уәлихановтың да назарын аударып: «... казактар жтуралы мағлұмат алу жөнінен ХІV-ХVІІ ғасырлар үшін Березин бастырып шығарған «Жылнамалар жинағын» ең бірінші орында тұр.. ғажабы сол, бұл кітап - қазақтардың өткен өмірінің бірден-бір ескерткіш» - деп жазады.[1]

Ал археологиялық зерттеу тұрғысындағы Сыр бойы ескерткіштері жайлы алғашқы түсінікті ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда жарық көрген «Үлкен сызба кітабы» мен Семен Ремезов құрастырған «Сібірдің сызу кітабы» береді.

2.1Тарихы терең Өзгент

Өзкент қаласы бірқатар тарихи мәліметтер талас тудырады. Ол Қазақстанның археологиялық картасында көрсетілмеген. Рузбихан жазбасында: "Үшінші күні Узкентке қарай келдік. Ол сейхун жағалауындағы бекініс болып табылады. Көгалдылығына қарағанда Аркуктан төмендеу: Сейхунның қашықтығы бір фарсах болады"- делінген, зерттеушілердің пікірі Узкент пен Қырөзкент атын бір мағынада пайдаланады. Бірақ кейінгі археологиялық барлау мәліметі бойынша қазіргі Өзкент қыстағының маңында Сырөзгент ескерткішінің орны дария суының астына кеткенде, ал Қырөзгент ертедегі қаласы осы елді мекеннен 6 км жерде оңтүстігінде орналасқан. Он төрт мың әскерге төтеп берген және басқа оқиғалардың куәсына Қырөзгент сәйкес келеді.

ХХ ғасырдың бас кезін көптеген зерттеушілер Орта Азия археологиясындағы Бартольтың кезеңі деп атаған. Ол Ресейден жаулау мақсатымен келуіне қарамастан Орта Азия мен Қазақстанда тарих ғылымына мол мұра қалдырды. Бартольдтың ғылыми жетекшілігі арқасында ұйымдастырылған 1895 жылы құрылған Түркістан археология сүюшілер үйірмесінің мүшелерінің ізденістері атап өтерліктей істер тындырды.

Осы үйірменің белсенді мүшесі - Перовск, Әулие ата уезі басы В.А.Каллаур ежелгі ескерткіштерді іздестіру, тізімдеу саласында ерекше іс қалдырды. Ол 1900-01 жылдары Сауран, Өзгент маңы және Перовск уезі болыстарын аралаған кезінде көптеген ертедегі қалалар мен қорғандардың орындарында болып,картаға жоспарын түсіреді. 1895 жылдың өзінде-ақ В.А.Каллаур ертедегі Сығанақ қаласының орнын Сунақ ата (Сунақ қорған) деп қарап, Сунақ руы жайлы деректер жинайды. Одан кейін қазіргі Сырдария ауданында орналасқан суы тартылған Асанас өзектің бойындағы ертедегі Асанас (Ашнас, Эшнас ) қаласын дәл анықтап, мұнда бес қақпасы бар қорғанның жәдігерін сипаттайды. Сондай-ақ Өзкент қаласы туралы мәселе көтеріп, Сырдарияның оңтүстігіне қарай ежелгі арнасындағы Қыр Өзгент екенін, ал Қыр Өзкенттен солтүстік оңтүстігіне қарай 20 шақырым жердегі ішкі Өзкент қазіргі кезде Сыр Өзкент орналасқанын айтады.

ХХ ғасырдың басында Орынбор архия комиссиясы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге белсене араласады. Әсіресе, оның мүшелерінің ішінде И.А.Кастанье ескерткіштерді сипаттап, есебін алып зерттеумен қатар ішінара қазба жұмыстарын жүргізеді. Ол "Қырғыз даласы мен Орынбор өлкесінің өткені" атты (1910) еңбегінде Шиелі ауданындағы Бестам Қаласы және Сырдария ауданындағы Көп рабаттар жайлы мәліметтер береді.

Орта Азияның тарихы мен болашақтағы археологиялық зерттелу міндеттері - М.Е.Массон, А.Ю.Якубрвский., С.П.Толстов., А.Н.Бернштам және басқалардың мақалаларында тұжырымдалды. Осы кезден бастап Орта Азия мен Қазақстандағы келешек археологиялық мектептердің негізі қаланды. Орта ғасырлық қалалар мәдетниетінің гүлденуін монғол шапқыншылығы 1219-1224 жылдардағы Орта Азия жорықтары шешеді. Және де кейінгі орта ғасыр аталатын Арал маңы қалаларының мәдениеті мен тарихының жаңа кезеңі басталады.
Өзгент қаласының тарихи маңызға ие жер екенін мынадай тұжырымдар жасалған: [10]

2.2 Тарихымнан бастау алған ауылым

- 1219 жылы Жошы басқарған әскерлер тобы Сырдария бойымен жылжып, Сығанақ, Өзкент, Ашнас, Баршыкент, Жент қалаларын бірінен соң бірін иеленеді. Сығанақ жеті күн қорғанғанымен, жеңіледі,қарсыласқаны үшін тұрғындары аяусыз жазаланды. Өзгент пен Баршынкент соғыссыз берілгенімен, оның да тұрғындарының көпшілігі қырғынға ұшыратылды. Жент өз еркімен берілгенімен, монғол әскерлері тонауына беріледі. Археологтардың пікірінше, Оңтүстік Қазақстан жәнеСыр бойының ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қалалары мен тұрақтары монғол шапқыншылығынан кейін құлдырап, ал кейбіреулерінде өмір сүруі ХІІІ-ХV ғасырлардың өзінде жалғаса берді. Біршама даму Сырдарияның орта ағысында байқалып, бұл алқаптың орталығы Яссы жазба деректерінде көп ескерілген. ХV-ХVІІ ғасырлардағы Сырдария бойы қалаларын анықтағанда, көп деректерде жалпы Түркістан атымен аталып Сығанақты оның шеткі қаласы еді дейді. Олар Муин Ад-дин Натанзи шығармасы бойынша Темірдің ұсынысымен ХІV ғасырдың 70 жылдарының аяғында Сауран, Отырар, Және Сығанақ бірде Түркістан болып тоқтамыстың билігіне берілген Түркістан қалаларын сонымен бірге, Рузбехан, Сығанақ, Сауран, Яссы , Отырар, Сайрам, Аркук, Өзкент деп нақтылап оған кейбір авторлар шағын бекіністі Аққорғанды да жатқызады. 1969-1970 жылдардағы Сауран, Жалғыз-там, Шығырлы, Қаратөбе, Сырдария аралығындағы, С.Жолдаспаев жүргізген қазба, археологиялық барлау біраз жайды аңғартады.
- Шығырлы 1,2 қоныстарынан шыққан козелер сынықтары жылтыр, әйнек тәрізді сары, қоңыр қызыл, қара қоңыр, көк бояулармен сырланған. Мұндай көзелер біздің олжаларымыздан кездестіріп, оларды ХІІІ-ХУ ғасырларға жатқызамыз Ал Сауранның оңтүстік батысындағы Жалғызтам қонысына жақын Шығырлы көршісіне қарағанда қышы өнімі өзгерісті болып келеді. Бояулаының түрі ақ, көкшіл, түссіз бояулармен кереге көзді, күн сәулесін шашып тұрған тәрізді, иректелген сызықтар және әр түрлі гүлді өсімдіктер бейнелерімен өрнектелген. Мұндай ұқсастықтар Сығанақ, Өзкент, Аққорған, Асанас, Баршынкент, Жент, Жанкент сияқты Сыр бойы қалаларының қыш өнімдеріне тән. Саураннан шыққан керуендер одан 60 км жердегі Ақтас мешітінің жанына келіп демалады. Ол Жаңақорған ауданының Талапты қыстауының қасында орналасқан. С.Жолдасбаевтың пікірінше, мұндағы елді мекен ХІІ-ХІХ ғасырлар арасындағы мерзімге жатады. Жергілікті қариялардың айтуынша мешіт 1870 жылы салынған, бірақ кірпішіне және материялдық мәдениетіне қарап сараптасақ мешіт пен елдімекеннің ертеден келе жатқанын дәлелдеуге болады. Кезінде Қазақстан көлемінде бір мезгілде 500 тарта намазға жығылатын ғибадат үйі бар екені жайлы халық аузында аңыз сақталған.

Қазір осы Өзгент қаласының аумағы төрт шақырымдай жерді алып, төбе боп қалған орны жатыр. Қалаға кіретін қақпасының жобалары осы уақытқа дейін сақталған. Қаланың 62 қақпасы болған. Қорған төрт бұрышты етіп төбе үстіне салынған көрінеді. Ұзындығы 1 шақырымдай. Аралаған кезде шөгіп қалған қорған ішінен саз балшықтан жасалған түрлі-түсті ыдыс сынықтарын кездестіресің.Тарихи зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қалада сегіз қырлы және дөңгелек қалыпта күйдірілген қыштан соғылған биік биік мұнаралар салынған. Әр мұнараның ішінде тастан қаланған 40 басқыштан тұратын айналмалы сатысы болған. Қаланы қоршаған қорған сыртында айналдыра қазған ордың орны байқалады. Бұл жерде Сардобаның да орны кешеге дейін сақталып келген. Өзгент - Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар саналған, солардың тарихымен тағдырлас, Сырдың сол жағалауындағы орта ғасырлық мәдениеті мен саудасы, экономикасы, ілімі-білімі дамыған қала. Шығыстанушы ғалым В.М.Жирмунскиий «Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі мұралары» деген еңбегінде Өзгент атауының төркіні Оғыздармен тікелеу байланысты екендігін айтады. Мұның жөні дұрыс секілді. Өйткені тарихи деректерге қарағанда VІІІ-ІХ ғасырлар шамасында Қаратау бөктері мен Сырдария алқабын оғыз тайпалары мекендеген, заманында Өзгент аты шыққан шаһар болған. Сол кезде Өзгент атауы «Оғызкент» болуы мүмкін. Сонда қала аты «Оғыз» және «Кент» деген сөздерден тұрады. Кент «қала» дегенді білдірсе, «Оғызкент» (Оғыз қаласы) айтыла келе, дыбыс үндестігіне байланысты «Өзгент» болып өзгеріп, кейін солай қалыптасып кеткендігі көрініп тұр.

2.3 "Өзгент" атауының түп төркіні, этимологиясы

Өзгент - Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар саналған, солардың тарихымен тағдырлас, Сырдың сол жағалауындағы орта ғасырлық мәдениеті мен саудасы, экономикасы, ілімі-білімі дамыған қала. Шығыстанушы ғалым В.М.Жирмунскиий «Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі мұралары» деген еңбегінде Өзгент атауының төркіні Оғыздармен тікелеу байланысты екендігін айтады. Мұның жөні дұрыс секілді. Өйткені тарихи деректерге қарағанда VІІІ-ІХ ғасырлар шамасында Қаратау бөктері мен Сырдария алқабын оғыз тайпалары мекендеген, заманында Өзгент аты шыққан шаһар болған. Сол кезде Өзгент атауы «Оғызкент» болуы мүмкін. Сонда қала аты «Оғыз» және «Кент» деген сөздерден тұрады. Кент «қала» дегенді білдірсе, «Оғызкент» (Оғыз қаласы) айтыла келе, дыбыс үндестігіне байланысты «Өзгент» болып өзгеріп, кейін солай қалыптасып кеткендігі көрініп тұр. [7]

Шығыстанушы ғалым В.М.Жирмунский «Древности огузов в низовьях Сырдарья » атты («Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысындағы мұралары». Бұл еңбектердің барлығы әлі де қазақшаға аударылып, басылмағандықтан орысша атауымен беріп отырмыз) еңбегінде Өзгенттің төркіні Оғызкенттен шығуы мүмкін дейді. Мұның қисыны келеді. Себебі, Өзгент атауы Өз және кент деген сөзден құралған. Кент - ертедегі соғды тілінде «канд» - елді мекен, не шағын қала. Өз - Уз, Ууз, Угыз, оғыз дегенге келеді. Осыған қарап Өзкентті оғыздардың бір қаласы деуге болады. Оның үстіне «Алпамыс батырды» жырлаған Бөрі бақсы жырында Гүлбаршынның әкесі осы Өзгентте тұрған. Бірақ мұны әлі де болса зерттей түскен жөн. Себебі, оғыздардың қаласын атап өткен ертедегі Махмуд Қашғаридің «Оғыздар қаласында» және осы ғасырдың 40 жылдарында зерттеген С.П.Толстовтың «Гуздар қаласында», («Города гузов» бұлар да аударылмаған) Өзгент қаласы кездеспейді. [4]

Өзгент монғол шапқыншылығына дейін қыпшақ мемлекетінің құрамында болып, Сығанақ билігіне қараған. ХІІІ ғасырдың 2-ші жартысында қала қираған басқа да көршілес қалалармен бірге қайта тұрғызыла бастайды. Өзгент 1269 жылы құрылып Ақ Ордаға қарайды. Ақ Орданың орталығы Сығанақ болғаны тарихтан белгілі. 1446 жылы Өзгентті көшпелі өзбек ұлысының билеушісі Әбілхайыр хан Сығанақ, Созақ, Аққорған қалаларымен бірге қосып алады да, сол жылы Өзгентке билеуші етіп маңғыт Уақас биді қояды. Қалада керуен сарайлар, мешіт - медреселер, басқа да діни және мәдени ошақтар салынады. «Өзгент» туралы деректер сол кездердегі «Тарихи Әбілқайыр хан» (Масуди ибн Османдікі), «Шайбани нама» және басқа кітаптарда кездеседі. Соның бірінде Өзгентте Нилік деген оқымысты «әулие» тұрғандығы айтылады. 1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Сырдың ортаңғы ағысындағы қалалар үшін жаңадан қалыптасқан Қазақ хандығы мен оның ұрпақтары арасында кескілескен ұрыстар болып отырды. Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани қазақ хандары Бұрындық пен Қасыммен болған ұрыста Сығанақ, Сауран секілді басты қалаларынан айрылып, Өзгентті,Отырар, Ясы (Түркістан) , Аркук (Артук) қалаларымен бірге өзінде қалдырады. Бұл ХV ғасырдың аяғында болған еді. Ол Қазақ хандығына ХVІ ғасырдың басында үш рет жорық жасап (1503-1504),(1505-1516),(1509 жылдары) соның үшінші жорығын суреттеген ибн Рузбихай «мехмен нама-й Бухара» (Бұхара мейманы) атты шығармасында осы Өзгент жайлы құнды деректер беріп кеткен. Кейін Өзгент Жәнібек ханның (қазақтың тұңғыш хандарының бірі) баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығына қараған. Өзгентке талас мұнан кейінде бітпеген. Мысалы; «Абдулла намада» 1581 жылы оның Өзгентке жорығын суреттеген. «Хан Сыр бойының сол қанатымен Қауған, Аркук, және Аққорғанды жағалап өтіп, содан соң Өзгентке барады».Ал Өзгенттің бізге қарауы 1598 жылдан бастап болса керек. Себебі сол жылдары Қазақ хандығы барынша күшейіп, қанатын кең жайып, Сыр бойындағы басты-басты қалалардың көбін өзіне қаратып алады. Жалпы Өзгент тарихта Сығанақ, Сауран, Түркістан, Жанакент, Жент секілді саяси маңыз атқармағанымен, өз кезінің даңқты қалаларының бірі, әкімшілік орталығы саудасы мен мәдениеті , ілім-білімі дамыған қала болған. Қала 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оқиғаларда ұшыраспайды. Ол тұста бұл аймақта басты маңызды Түркістан мен Сауран атқарған. Бірақ бұған дейін, 1696 жылы Сібір бұйрығын да жазылған В.Кобяков дегеннің айтуынша Тәуке ханның иелігінде жиырма бес қазақ қалалары болғандығы айтылған. Ал, орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин Тәуке ханға «Қазақ ордасындағы барлық қалалар - 32 » деген. Оның 13-інің аты көрсетіліп, ішінде Өзгент те жазылған.



3. Қорытынды


Өлке тану жергілікті жердің физикалық - географиялық сипатының маңызды бір бөлігі. Өлкенің тарихын, археологиясын біліп өскен азамат әрқашан өз отанын сүйетін, елін, жерін қадірлейтін ұлт жанды азамат болмақ. Өз өлкеміздің тарихын Өзгент ауылының тарихын біліп өссек ешқашан жаман азамат болмаймын деген сенімдемін.

Географиялық және тарихи экскурсиялық мәліметтермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарына ерекше назар аудара оқытса біршама тиімді болады. Егергеография пәні сабақтарын оқыту формалары мен әдістерін мақсатқа сәйкес дұрыс таңдап ұйымдастырса, онда оқушылардың география пәні бойынша өз бетінше оқып білугеынталы, танымдық қызығушылығы жоғары оқушы тұлғасы қалыптасады міне осындай міндеттерді алға мақсат етіп қоя білдік.

Елдімекен аумағының тарихи мүмкіндіктерін тиімді зерттеу үшін оның түрлі тарихи кешендерінің қасиеттерін, олардың археологиясын және дамуына әсер етуші жалпы заңдылықтарын тани білу қажет. Соның ішінде өлке тану білімі мен іскерліктерді де меңгеру біз үшін маңызды.

Мектеп оқушыларының барлығының өлкесін тануға дағдыларын қалыптастыру, бiлiмдердi саналы меңгеруге жету үшін оқу жұмысының тәсiлдерiне, яғни белгiлi бір реттілікте атқарылатын әрекеттер жүйесіне оқыту керек. Тек осындай жолмен ғана оқушылардың біліктер және дағдыларды меңгеруiне әр түрлi қабілеттерін ашуға болады.Осы негізде география сабағында өз өлкесін білудің орасан зор пайдасы келер ұрпаққа тигізер мүмкіндігі біз секілді жас буынның қолында десем қате пікір болмас.

Өлкені тану оқушының санасын, білімінің дамуына көптеп септігін тигізеді және отан сүйгіштігін арттырады. Өлке тану жергілікті жердің физикалық - географиялық сипатының маңызды бір бөлігі. Өлкенің тарихын, археологиясын біліп өскен азамат әрқашан өз отанын сүйетін, елін, жерін қадірлейтін ұлт жанды азамат болмақ. Әр оқушы туып өскен жерінің қадірлі, қасиеті тарихы бар екенін естен ешқашан шығармауы тиіс.

Өлкетану - оның өткенін мақтаныш ету еліміздің әрбір аймағын, ауданы, тіпті қала, ауылының тарихын насихаттау Қазақстан Республикасын дәріптеу болып табылады. Ендеше осы айтылғандардан шығатын қорытынды туған жер тарихы дербестік, тәуелсіздік жолындағы күрес, экономиканың, өркендеуге арналған үлгілі еңбекке толы жолы. Елбасымыз « өлке тарихын жасау, қазіргі және келер көп ұлтты ұрпақтың оны жақсы білетіндей, білім берілуі - кезек күттірмейтін міндет» деп айтқан болатын.

15


© 2010-2022