Конспект на тему Маңғыстауым-Мақтанышым

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тобанияз орта мектебі











Маңғыстауым- мақтанышым!







Дайындаған: Көңбай Н

















2013ж

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ой-өрісін, санасын ояту, кіндік кескен жерін құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд-шоу, қабырға газеті, «Маңғыстауым- мақтанышым!» деп жазылған плакат.

Жүрісі:

1-жүргізуші:(Перизат): Әлемге айқара ашқан ақ құшағын,

Киелі маңғаз өлкем- Маңғыстауым!

Шыр етіп дүниеге келгенімнен

Әлі күн бір өзің деп бақ құшамын.

2-жүргізуші: (Дарын): Балалық балғын шыққан тілегіммен,

Ақпейіл, арман сынды реңіммен.

Мен саған сый жасайын, киелі өлкем,

Шабытты үнім шашылсын жүрегімнен!

Құрметті, жиналған қауым! «Маңғыстауым - мақтанышым!» атты жиынның тәрбиелік шарасын ашық деп жариялаймын!

Алдарыңызда Асылбекова Алмаштың орындауында «Қазақ елі» әні.

1-жүргізуші:(Перизат): Маңғыстау қазынасын жиып берген,

Аямаған ән-жырын сүйікті елден.

Дариядай толқыған шабыттарды,

Шайырлардың көңіліне құйып берген.

2-жүргізуші: (Дарын): Алдарыңызда жерлесіміз С.Адайдың «Маңғыстау» өлеңінен үзінді.

Жаннұр: Маңғыстау, қой тастарың- жүрегімдей,

Мұнараң- жалы жалын күреңімдей

Аспаның- Адайлардың көкірегі

Құс жолы - Көкмойнақтың шідеріндей.

Қуансаң сен бақыттың кіндігіндей,

Қайғырсаң көтере алмас піл бүгілмей.

Басынан бұлт кетпейді Манатаның

Арудың ашылмаған түндігіндей.

Нұрлыбек: Теңізі- тебіренген іән кешіндей,

Сағымы - сары сандық хан көшіндей.

Жөнкіліп жел өтінде ұшып жүрген,

Қаңбағы- Рукиннің кәллесіндей.

Бекетім- Құдайлардың арысындай,

Жасылы - ерлерімнің қамысындай.

Әйтеуір, мен білетін Маңғыстаудың

Иті де басқалардың барысындай!

2-жүргізуші: (Дарын): Атқа қонсам сыйынам Бекетім деп,

Әу бастан дарыған ғой киелік кеп.

Құлдырап құлын даусым шығады әлі

Үш жүз алпыс әулием қолдасын тек.

Көрініс: «Бекет Ата мен Байсалдың кездесуі».

Дарын: Жеменей ауылының Бөкен руынан шыққан Байсал деген кісі елу жасқа келгенше бір перзентке зар болып жүреді. Сол кезде Пір Бекет Ата мешіт салдырып жатады. Осы хабарды Байсалдың әйелі жолдасына айтады:

Әйелі: - Оғыландыда құрдасың Бекет мешіт салдырып жатыр екен, сол мешітке сен де барып қолғабыс ет, кім біліпті Бекеттің саған назары түсер.

Дарын: Алмастың өткір жүзі жарып түсер

Байсалдың көкірегін жарыпты шер.

Бір балам болмады-ау деп Байсал бірде

Бекеттің ауылына барып түсер.

Сөйтіп Байсал Оғыландыға барып Бекет Атаның мешітін салуға көмектеседі. Көптеген адамдар келіп, көптеген адамдар кетіп жатады. Жұмыс өте ауыр болады. Бекет Ата «уф» деген кезде шаршаған адамдар қайтадан күш алып, жұмысын жалғастыра береді екен. Қанша шаршаса да Байсал айлап кетпей қояды. Мұны байқап жүрген Бекет Ата бір күні Байсалды шақырып алады.

Бекет Ата: - Ассалаумағалейкум! Неғып жүрген жансың?

Байсал: - Уағалейкумассалям! Сіздің мешіт салдырып жатыр дегеніңізді естіп әйелім көмектес, мүмкін назары түсер, сұрап жатса өз жағдайыңды айтарсың деген еді. Мен елуге келгенше бір перзентке зар болып жүрген жанмын,- депті.

Бекет Ата: - Онда бұл тілегің көп ұзамай орындалады. Қыз болса есімін өзің қоярсың, ал ұл болса Мыңкісі деп қоярсың. Қасиеті мың кісіге татитын болады,-дейді.

Дарын: Құдайым сонда Бекет берер дейді

Тілегің көп ұзамай келер дейді.

Қоярсың Мыңкісі деп есімін де

Көңілім әлденеге елеңдейді.

Сол Байсал ұлды болды Мыңкісі атты

Көз жасы қуаныштан тұңғыш ақты.

Мұрагер шаңырақтың иесі деп

Ашыпты сәбиіне күн құшақты.

Халқына он саусағы дәрі болған

Өзінен пәле-жала әрі болған

Алланың нұры жауып Мыңкісіге

Адайдың бетке ұстар сәні болған.

Қазақ биі «Концерт».

1-жүргізуші:(Перизат): Қазақтың күмбірлеген домбырасын,

Қолына-ап, төкпектеткен «Ақ Жармасын».

Құлшардың әруағына басымды иіп

Болашаққа сақтаймын мол мұрасын.

Күй: «Адай»

2-жүргізуші: (Дарын): Ұлың ем, қуат алған қара сөзден,

Болашаққа қараймын нұрлы көзбен.

Маң далам, маңғаз өлкем, жасай берші,

Әрдайым жырға лайық тірегім- сен!

(Жас ақын Бауыржан Әнуарбектің шығармашылығынан үзінді).

Алтынай: Аңыз бен ақиқат бар әр тасыңда,

Өзіңнен артық өлке бар ма, сірә?!

Шежірем сыр айтады өзің жайлы,

Тасыған қарт Каспийдің жағасында.

Ақырыс: Жеті жұрт келіп-кеткен жер жұмағым,

Ордасы болған талай қан майданның

Түрікмендер келгенде аламыз деп

Қорғаған ерлігі бар ер бабамның.

Нұрболат: Ер Қосай, Шотан сынды батырларым,

Ақ семсермен ағызған жаудың қанын.

Қаншама батыр бабам өткен жерде,

Мен неге сөз сөйлеуден тартынамын?

Гүлжанат: Ерлігіңді өтемін ұлағаттап,

Сол күндердің жемісі- бүгінгі бақ.

Ақ найзамен қорғаштап батыр бабам,

Өлкемді кетті ұрпаққа аманаттап.

Нұрсамал:Маңғыстауым -елімнің байлық кіндігі,

Мақтан етіп, ей, ұрпағы, жүр мұны

Бекіре- ырыс, мұнай мен газы тоғысқан

Жерұйық жердің желпілдеген кіндігі.

Рысты: Шерқала, Айрақты мен Қаратауың

Көз тартқан көрген сайын әрбір тауың.

Тамшалы, Өңежедей әсем жерде

Ойнайды желмен бірге тербеп сағым.

Данагүл: Халқына жар салдырып, дүйім елге,

Өткенге кейінгінің сыйы - міне.

Адай Ата, Көкбөрі ескерткішін,

Орнатты Отпан таудың биігіне.

Алмаш: Ақбөбек пен Қайыптың кешегі өткен,

Махаббаты құралған нәзіктіктен.

Дариға-ай, сан ғашықтар ойнап-күлген

Сәттердің жалғыз ғана куәсі сен!

1-жүргізуші:(Перизат): Таратқан өр шабыттың ағындарын,

Шабытта білем, өшпес жалын барын.

Жырлары сай - сүйекті балқытатын

Шіркін-ай Нұрым менен Абылдарым!

Мырзабаев Дарынның орындауында «Маңғыстау» әні.

2-жүргізуші: (Дарын): Керегі жоқ ұжмақтай ұяның да,

Ірілікпен осынша сиямын ба?

Мен білетін Маңғыстау артық,кемсіз

Дәл осындай перзенттік қиялымда.

1-жүргізуші:(Перизат):Өзіңде ғана бақытты болады екенмін,

Ертеңің үшін аянбай еңбек етемін.

Маңғыстауым- екінші Меккем, хандығым

Күллі ғаламға ұрандап сені өтемін.

2-жүргізуші: (Дарын):Маң өлкем, осы- өзіңе сыйым аққайнар,

Ертеңгі күнге ақ үмітпенен аттай бар.

Бірге: Ер Бекет Ата аруағы мәңгі қолдасын

Маңғыстау деген киелі қазық -ат байлар!

Асылбек Жанболаттың орындауында « Қазақ жастары» әні.




© 2010-2022