«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» САБАҒЫНДАҒЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» САБАҒЫНДАҒЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ


Архыматаева Нурила Жаксылыккызы

Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Оқыту барысында жайлы психологиялық құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы арқылы педагогикалық қарым-қатынас жүзеге асырылатыны мәлім.

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады;

«Өзін-өзі тану» сабақтарында әр оқушыны жеке тұлға ретінде тану, жетілдіру маңызды. Сол арқылы оның мүмкіндігін, шығармашылығын, мінез-құлқын, темпераменті мен қабілетін т.б. жекелік ерекшеліктерін танып, дамыту жүзеге асырылады. Осы ретте дұрыс қарым-қатынас ортасын құру маңызды.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.

Қазіргі таңда оқушылардың өзін өзі анықтауы мен өзін-өзі дамытун жетілдіру-өзекті мәселенің бірі. Осы ретте өздік жеке жұмыстарды жүргізу қажет. Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың формасының бірі- жеке өздік жұмыс.

Өздік жұмыс -оқушы мүмкіндігі мен деңгейіне қарай оқу тапсырмаларын орындауды жеке бағдарлау, оқушылардың белсенді жұмысын мұғалімнің ұйымдастыруы. Ол арқылы білімді іздеу, оны ұғыну, қорыту,іскерлік, дағдыны дамыту,, қалыптастыру және білімді жүйелеу жеке оқушы тарапынан жүзеге асырылады.

Өздік жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.

Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін педагогтар З. Б. Ситохова, Ц. А. Маргиева, М. В. Джиоева былай деп санайды: мұғалімнің жеке тапсырманы беруі, тапсырманы мұғалімнің қатысуынсыз орындауы, оқушылардың белсенділігі.»

Өздік оқыту негізінде- жеке бағдарлы оқыту технологиясы жатыр, ол бойынша:

  • Жеке қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне қарай әр оқушыға көмек көрсету

  • Оның дамуына жағымды орта құру, жағдай жасау

  • Оқушыны жеке шығармашылыққа бағыттау

  • Рефлексиялвық іс әрекетіне қолдау көрсету.

Педагогтардың зерттеулері бойынша өздік жұмыстардың мындай деңгейлері бар:

1. Іс әрекетті қайталау.- оқушы мұғалімнен көргенін қайталап жеке орындайды /есеп шығарады т.б./

2. Репродуктивті іс әрекет - өткен тапсырмалар бойынша жеке жұмысты қайталап, орындау

3. Өнімді іс әрекет- алған біліміне сүйеніп тапсырманы орындайды, индуктивті, дедуктивті қорытынды жасай алады.

4. Жеке өз бетімен іс әрекет- алған білімді жаңа жағдайларда қолдана алу. Аналогиялық ойлау тұрғысынан келу.

Мұғалімнің міндеті- оқушыларды 4 деңгейге әкелу.

Педагогтар Г.Кумарина, В.Онищук, В.Римаренко өздік жеке оқытудың 3 деңгейін анықтайды:

1) деңгей, оқушыларды оқыту мен дамытудың әр кезеңінде олардың жалпы даму ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыру.

2) деңгей, оқушыны дамыту мен оқытуға деңгейлеп / дифференциация/ келу.

3) деңгей, оқушыны дамыту мен оқытуға жекелей келу.

Өздік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

  • Жеке жұмысты орындаудың мақсатын қою

  • әр оқушы тапсырманы орындау жүйесі мен тәртібін білуі керек

  • тапсырма оқушының оқу мүмкіндігіне сай болуы керек

  • тапсырманы беруде жеңілден күрделіге қарай принципі сақталуы керек

  • жас ,жеке даму ерекшеліктерін ескеріп тапсырма беру

  • тапсырма мазмұны танымдық қабілетті дамыту мен шығармашылық ойлауын дамыту мен шешім қабылдауын қалыптастыру бағытында берілуі тиіс.

Сабақ барысында топтық, жаппай ұжымдық жұмыстар жүргізілгенімен оны орындауда оқушылар өзіндік ерекшеліктерін қалдырады: өздік ойлау, ес, қабілет, шығармашылық. Сондықтан, өздік жұмысты ұйымдастыру қажет.Ұйымдастыру барысында мынаны ескеру қажет:

  1. жекелей оқыту егер сабақ барысында өз бетімен жұмыс орындалса сәтті жүзеге асады. Өзіндік жұмысты орындату арқылы мұғалім жеке оқушының тапсырманы орындауда қандай қиындыққа кез болғанын біліп, дер кезінде түзей алады немесе мықты оқушыға қосымша тапсырмалар беру арқылы дамыта алады. Бұндай жұмысты кіттаппен жұмыста, лабараториялық жұмыста да жүргізуге болады.

  2. Сабақтағы әлсіз немесе мықты оқушыларға деген қатынас. Әлсіз оқушылармен: үнемі үздіксіз бақылауда ұстау, ата-анамен байланыс, және жеке тапсырманы орындауда көмек көрсету, бағыттауды қажет етеді. Мықты оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру, қосымша әдебиеттермен жұмыс, қосымша тапсырмалар беру арқылы қабілеттерін дамыту.

  3. Өздік -жеке жұмыс білімді тексеру процесі кезінде жүзеге асады. Нашар оқитын балалардың жаңа материалды меңгеруі үнемі қадағаланады.

Сабақ барысында өздік жеке оқытуды тұтастай жүзеге асыру қиындық туғызады. Себебі, жеке тапсырманы орындау мүмкіндігі бар балаларға топтық жұмыста басқаларға көмектесу талаптары да қойылады. Сондықтан, сабақ барысында жеке, топтық жұмыс түрлерін байланыстыра қарап қолдану оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ықпал етеді.


Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерін мынадай типтерге бөлуге болады:

  1. Қайта жаңғырту- үлгіге қарап тапсырманы орындау.

  2. Реконструктивті-вариативті- алған білімдеріне сүйене отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындауы.

  3. Эвристикалық- тапсырманы орындаудың басқа жолдарын оқушы өзі іздеп табады. /өз бетімен түсіндіру, демонстрация, құбылыс, ұғымға талдау жасау, аргументтерге сүйене отырып қорытынды жасау.

  4. Шығармашылық- білімді өз бетімен іздеу.

Өздік жұмыстың түрлері:

  1. Оқулықпен жұмыс істеу.

  • мәтінмен, суретпен жұмыс,

  • мәтінді аудару, талдау,

  • оқыған мәтін бойынша жоспар құру

  • мәтінді конспектілеу,

  • сұрақтарға жауап жазу

  • салыстыру, талдау, тұжырымдау

  • ақпарат көздерімен жұмыс

  • анықтамалықтармен жұмыс

  • оқыған ғылыми зерттеу әдебиеттері бойынша баяндама, реферат жазу т.б.

  • шағын баяндамалар жазу /салыстыру бағытында/

  • анықтама беру

  1. Кестені толтыру

  2. Жаттығу

  • жаттығулар

  • тапсырманы орындау

  • басқа оқушылардың жауаптарына пікір білдіру, баға беру


  1. Түрлі тапсырмаларды шешу, орындау және іс тәжірибелік жұмыстарды орындау./бақылау барысы бойынша жеке тапсырмаларды орындау

  2. Білімді бақылауға арналған жеке жұмыстар: тест

  3. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (эссе жазу шығарма жазу, диалог құру т.б.).

Оқыту үрдісіндегі диффиренциация - оқушыларды жекелік ерекшеліктеріне қарай оқушылардың келісімімен топтарға бөлу /оқу тапсырмалары оқушылардың деңгейі мен мүмкіндіктеріне қарай беріледі./.

Дифференциациялық тапсырманы орындауда алдымен, бірінші болып орындалған жұмыстар тексеріледі, ал қалғандары сабақтан соң тексеріледі.

Дифференциация 2 ге бөлінеді:

  1. Ішкі- сынып-сабақ жүйесінде әр сабақ барысында

  2. Сыртқы- арнайы мектептердің болуы/математикалық, т.б./, арнайы сыныптардың болуы. Мысалы: физикалық-математикалық, гуманитарлық т.б./ Бұндай мектептер мен сыныптар арнайы бағдарлама /ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен/ бойынша оқиды. Бұл құрамның ішіне сондай-ақ дарынды балалар, ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту да жатады.

Өздік оқыту сабақтың барлық кезеңінде қолданылады.

Кемшілігі: оқушының жекелігін тәрбиелеуге ықпал ете отырып, өзара қарым-қатынасты төмендетуі мүмкін.

1. Топқа тапсырмалар:

№1 тапсырма: Шығармашылық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларын дифференциациялау түрі бойынша,

Пән: Өзін-өзі тану:

Сынып: 4

Тақырып: «Кешірім мен келісім» . 67бет.

Тапсырма: Жағдаяттарды талдау: «Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

1 топқа тапсырма: Жағдаятты шешіңдер. Оны басқа жолмен шешуге бола ма, ойланыңдар.

№2 тапсырма: Оқу тапсырмасын қиындық деңгейіне қарай дифференциациялау түрі бойынша:

Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 4

Тақырып: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» . 138 бет.

Тапсырма: Табиғатқа тілек айтуды өз ойларыңмен жалғастырыңдар:

  • Саялы ағаштар жайқалып өссе деймін!

  • Табиғат-ана жап-жасыл боп тұрсын деймін!

  • Күніміз жайнап, аспанымыз ашық болғанын тілеймін!

  • Гүлдердің жайқалып қскенін тілеймін!

  • Судың тап-таза тұрғанын тілеймін!..........................

1 топ: Бір сөйлемнен тұратын тілек айтып, жалғастырыңыздар

№3 тапсырма: Оқу тапсырмасын көлеміне қарай дифференциациялау түрі бойынша:

Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 4

Тақырып: «Табиғатқа қамқорлық» 118 бет

Қосымша тапсырма: Оқулықтың 118 бетіндегі Ә. Табылдиевтің «Атаның өнегесі» әңгімесін оқып тапсырманы орындаңыздар.

1 топ: «Актерлер»- Мәтін бойынша немересі мен атасының ата жұртына барған жерін сахналаңыздар.

Әдебиеттер:

  1. Харламов И.Ф. Педагогика. - М.: Гардарики, 1999. - 520 с.

  2. этап осмысления // Стандарты и мониторинг. - 1999. - №4.

  3. Блонский П.П. Психология младшего школьника. - Москва - Воронеж, 1997.

  4. Дьяченко В.К. Развивающее обучение и новейшая педагогическая технология. - Красноярск, 1998.

  5. Дьяченко В.К. Современная дидактика. - Новокузнецк: Издательство ИПК, 1996.

  6. Носова И.В. Особенности работы в малых группах // Начальная школа: плюс-минус. - 2004. -№6.


© 2010-2022