С. Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпС.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпС.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпС.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпС.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпС.Сейфуллин Ақсақ киік өлеңі 5-сыныпСынып:

Сағаты:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік« өлеңі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу,«Ақсақ киік«өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгерлей оқыта отырып, автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

Дамытушылық: а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып,түйінді ой,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлеи білуге,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрi: жаңа

Сабақ типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесу, түгелдеу.

Б) үй тапсырмасын тексеру

II. Үй тапсырмасы:

Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?

  • Сәкеннің өмір сүрген, дүниеге келген ортасы жайлы сұрау

  • Сәкеннің шығармашылығы жайлы сұрау

  • Сәкеннің «Ақсақ киік» өлеңін оқуға бергенмін, сол жайлы қысқаша сұрап, үй тапсырмасын бекітемін.

Үй тапсырмасын бекіту. Сәкеннің қоғамдық қызметін топтасытырыңдар!

Драматург

Сарабдал жазушы

Ақиық ақын

Сәкен

Ірі мемлекет қайраткері

Сұлулық символы

Әдебиет зерттеушісі

Үй тапсырмасы мен негізгі бөлім.

.Киікті көргендеріңіз бар ма? Ол қандай жануар? Көз алдарыңа елестетіп көріңдерші

Негізгі бөлім.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы киік жануары, оның ішінде Бетпақдалада кездесетін ақсақ киік жайлы С.Сейфуллиннің өлеңі болмақ. Ол - «Ақсақ киік» өлеңі.

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқытамын:

І. 1-2-3 шумақтар

ІІ. 4-5 шумақтар

ІІІ. 6-7-8 шумақтар

ІҮ. 9-10-11 шумақтар

Ү. 12-13-14 шумақтар

ҮІ. 15-16-17 шумақтар.

Оқушылар оқып болғаннан кейін қарасөзбен біраз оқушыдан мазмұнын сұраймын.

Фабуласы: арқада Бетпақ деген дала бар. Бетпақ - сусыз, шөлді аймақ. Сол аймақта киік деген жануар өмір сүреді. Бетпақта қысы, жазы ел болмайды, не өзен, не көл болмайды. Қара жусан, қу бұталар ғана бар. Бетпақтың даласына кез келген адам, жануар шыдай бермейді. Азамат, ат, айғыр, атан ғана шыдайды. Тек қана шөлге көнген киік қана өсіп, өніп, әр сайда тобырымен жүреді. Бетпақ шөбі сұйық, киік соны қорек етеді. Екі көзі мөлдір, таңы аппақ, танауы желбіреген, өзге аңмен тең келмейтін, желден қозғалған жусанның селдірінен қорқып, жас балаша жаутаңдаған әдемі жануар. Екінші бірде киікті бөкен деп атайды.

Бүгінде бұрын мыңдап жүретін киіктер азайған, тек некен саяқ қана жолаушыға кезедескені болмаса. Киіктен кей қазақтар пайда табады: мүйізін сатады. Бірде автор Бетпақ далада келе жатқан ақсақ киікке жолықтым дейді. әрі қарай ақ денесі қызыл қанға боялған, шыбын жаны қиналып, ентігіп келе жатқан, кеудесіне мергеннің оғы тиген, шыбын жанына пана іздеп, жығылғалы киік деп киіктің сыртқы келбетін суреттейді.

Әрі қарай автордың ішкі толғанысы, даланың жануарына деген мейірімі, жанашырлық келбеті суреттеледі.

Міне, оқушы осылай өлеңнің мазмұнын түсіндіріп беруі керек.

Киік пен бөкеннің айырмашылығы неде деп ойлайсыздар?

ІІ. Практикалық бөлім

І тарпсырма

Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,дәптерге түсірту.

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке.

-Бетеге- шөп атауы.

-Киік -аталық жануар.

-Бөкен-аналық жануар.

- Баялыш- жапырақсыз сойдиған шөл өсімдігінің аты.

- Көкпек - шөлде өсетін өсімдік аты.

ІІ тапсырма

Ауызша сұрау. Киікті өлеңді оқи отырып қандай деп елестеттің? Дәптерге түсір. Киік портреті.

Киік - денесі, таңы аппақ, екі көзі мөлдір, сұлу, танауы желбіреген көздері жас балаша жаутаңдаған жануар.

Соңынан қосымша мұғалім түсіндіруі. Киікке биологиялық тұрғыдан анықтама беру.

Сүтқоректілердің жұп тұяқтылар отряды. Биология пәні бойынша
- Денесінің ұзындығы -150см
- Салмағы - 50 кг
- Мекені - шөл және шөлейтті жерлер ( Бетпақдала, Арысқұм, Үстірт)
- Өмір сүру мерзімі 10-12 жыл
- 1960-1970ж - 1млн
- ХХІғ басында- 100 мыңнан аз.
- Мүйізі - Тибет медицинасында
- Еті - жеуге жарамды
- Терісі - бағалы
- Баласы - құралай

Әдебиет пәні бойынша әдеби тұрғыдан өлеңді талдап көрейік.

«Ақсақ киік» өлеңі
авторы - Сәкен
тақырыбы- дала жануары, киік, бөкен жайлы, Бетпақ дала жайлы
идеясы - табиғаттың жаратқан әрбір тіршілік иесіне жанашырлықпен, мейірімділікпен қарау. Қамқорлық жасау
жанр түрі - өлең
шумақ саны - 11
тармақ - 44
бунақ - 2-3
буын саны - 11
ұйқас -қара өлең ұйқасы
әдеби - теориялық ұғымдар -
а) пейзаж. 1-2 шумақ.
б) теңеу. Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды
с)эпитет. Сұлу аң, қап қара көз, шыбын жан, мөлдіреген екі көз т.б.
д) метафора. Сахараның ботакөзі

е) антитеза. Боялып ақ денесі қызыл қанға.

өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - табиғатты қорғау, түз жануарына қамқорлық жасау, атпау.

Бекіту.

Оқушыларға бір біріне сұрақтар қойдыру.

Үйге. Оқу,

өлең желісі бойынша сурет салу. үзінді жаттау

Бағалау


© 2010-2022