Тест по казахскому языку (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен 6 класқа арналған тест сұрақтары

1. Біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрі.
А) әңгіме; В) мәтін; С) диалог; D) мазмұндама
2.Заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы:
А) сөз тіркесі; В) сөйлем; С) сөз; D) етістік
3.Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі
А)жұрнақ; В) сөз; С) қосымша; D) түбір
4.Біріккен сөздер қатарын белгіле
А) арқар,арқан; В) бүгін, жаздыгүні; С)АҚШ, БҰҰ; D) аяқ-табақ, үлкен-кіші
5.Тіркесті сөздер қатарын белгіле
А) сөз таптары, үш жүз; В) ГАЗ-51,АН-24; С) көре-көре; D) үгіт-насихат
6.Адамның көңіл-күйін білдіретін, жан-жануарды шақыру мәнінде қолданылатын сөздер
А) атауыш сөздер; В) одағай сөздер; С) көмекші сөздер; D)тіркесті сөздер
7.Туынды зат есімдер қатарын көрсет
А)кітап, дәптер; В)газет-журнал; С) жақсылық, айлық; D) см, дм
8.Дерексіз зат есімдер қатарын көрсет
А) мектеп, қағаз; В)адамгершілік, қуаныш; С)азық түлік, ағаш; D) 5-6 алма
9.Заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы
А)сан есім; В)етістік; С) одағай; D) сын есім
10.Туынды сын есім қатарын көрсет
А) көк, биік; В)әдемі, нәзік; С)аудандық, өнерлі ; D) жап-жасыл, қып-қызыл
11.Қатыстық сын есімдер қатарын көрсет
А) ақшыл, ащы; В) өнерлі, орманды; С) тұп-тұщы, қызғылт; D) жақсы, жақсырақ
12.Күрделі сан есімдер қатарын белгіле
А) қырық-елу, екі жүз; В) мың, миллион; С) он, екі; D) жүздеген, мыңдаған
13.Есептік сан есімдер қатарын көрсет
А) он-он бес, бес-бестен; В)бесінші, екінші; С)1998, 500; D) жүзге жуық, елуге тарта
14.Жинақтық сан есім
А)елулеп, жетпістей; В) бірінші, жетінші; С) жүз-жүзден, екі-екіден; D) жетеу,бесеу
15.Тыныс белгі қате қойлған нұсқаны белгіле
А)6-сынып; В)8-қатар; С)ІІ-том; D) бес-бестен
16.Буынға дұрыс бөлінбеген сөз А)қа-йық; В) мә-тін; С) ди-а-лог; D) дау-ыс
17. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай жіктеледі?
А)еріндік, езулік; В)ашық, қысаң; С) жуан, жіңішке; D) ұяң, қатаң
18. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай жіктеледі?
А)еріндік, езулік; В)ашық, қысаң; С) жуан, жіңішке; D) үнді, қатаң
19. Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай қалай жіктеледі?
А)ерін алды, ерін арты; В)ерін үсті, ерін асты; С)еріндік, езулік; D) езу алды, езу арты
20.Тұйық буыннан басталған сөз А)қызғалдақ; В) қалампыр; С) үтіктеу; D) әңгіме
21.Ашық буындардан тұратын сөз
А)көше; В) бәйтерек; С) Астана; D) Президент
22.Бітеу буындардан тұратын сөз А)бәйшешек; В)раушан; С)емен; D) шырша
23.Жатыс септігінде тұрған сөз А)дүкеннен; В) мектепке; С) үйде; D) қаланың
24.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? А)2; В) 6; С) 3; D) 4
25.Тәуелденген сөз А)балалардың; В)оқуыңды; С)жазу; D) гүрілдейді


Тест кілті.
1)В
2)С
3) D
4)В
5)А
6)В
7)С
8)В
9) D
10)С
11)В
12)А
13)В
14) D
15)С
16) D
17)С
18)В
19)С
20) D
21)А
22)В
23)С
24) D
25)В

© 2010-2022