Урок на тему Жаңаша оқытуды меңгеру – заман талабы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:


I

183

«Бекітемін»

«Қармақшы аграрлы-техникалык»колледж

директорының оқу-ісі жөніндегі

орынбасары:_____ Г.Аралбаева.


Сабақтың тақырыбы:Азияның жетекші елі Жапония

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: дамыған әлем елдерінің көш басында келе жатқан Жапония мемлекетінің географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайының ерекшеліктері,мемлекеттің құрылысы,табиғат жағдайы және ресурстары,халқы,қоныстану ерекшеліктері,
урбандалу дәрежесі туралы білім беру.

2.Дамытушылық: Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктері,мемлекеттің қалыптасуы және мәдениетінің дамуы туралы білік-дағдыны қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту,оқулық материалдарына сүйене
отырып,климат жағдайларының басты ерекшеліктерін сипаттай білуге,халқы туралы көрсеткіштер атты диаграмма сызуға үйрету,қосымша ақпарат көздері арқылы Жапония мемлекеті туралы білімдерін одан ірі дамыту.

3. Тәрбиелік: Экономикалық,экологиялық,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Шетелдік Азия елдеріне жалпы шолу тақырыбына түсінік айту.

1.Азиядағы манархияларды атаңдар?

2.Азияның қай мемлекетінде республикалық басқару жүйесі бар?

3.Қай елдердің астанасы елдің ірі қалалары емес?

3

Жаңа сабақты түсіндіру

1.Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

2. Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы

3.Халқы

Жапония (жап. 日本) ("Күншығыс елі") - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы - Токио қаласы. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония - бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і - жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі діндері - синто және будда діндері. Жапония - конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император - "мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі". Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент - екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні).

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.

Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI-IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

4

Өтілген сабақты бекіту

Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.

Жапонияның ең үлкен қалалары:

  • Токио Иокогама

  • Осака Нагоя

  • Саппоро Кобе

  • Киото Фукуока

  • Кавасаки Сайтама

5

Үйге тапсырма

Азияның жетекші елі Жапония.

тақырыбын оқып, түсінік айту. Сұрақтарға жауап беру.

6

Сабақ қорытындысын жасау,бағалау



Пән оқытушысы: Қ.Темірбаев

© 2010-2022