Қазақ тілінен тест тапсырмалары

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылында орналасқан Ғ. Махамбетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ескулов Руслан Амангелдиевич. Бұл көмекші құрал жоғары сыныпқа келген балаларды ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне көмегін тигізе алады. Бұл жұмыста қазақ тілінің фонетика, лексика, морфология салаларын қамтиды.
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен тест жұмысы

І нұсқа

1.«Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В) Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.
3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
D) Көптік.
C) Тәуелдік.
Е) Етістік.
4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
5. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.
7. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) Қайындар.
Е) Дәптер.
8. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ
9. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.
10. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.
11. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.
12. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.
13. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.
14. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді.
D) Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.
15. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) - шы.
B) - лық.
С) - тың.
В) - лік.
Е) - ші.
16. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) Қашанға дейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?
17. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай.
В) Беу.
С) Тәйт.
D Рахмет.
Е) Моһ - моһ
18. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Бас, аяқ.
В) Мұғалім, оқушы.
С) Бас, жақ.
D) Әдемі, сұлу.
Е) Үлкен, кіші.
19. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.
A) Серт.
В) Уәде.
С) Болжам.
Б) Қағида.
Е) Ереже.
20. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз.
А) Кім, не.
В) Ешкім, ештеңе.
С) Ешқашан, ешбір.
D) Олар, сендер.
Е) Анау, мынау.
21. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз
A) 5
B) 4
С) 3
D) 2
Е) 6
22. Сездің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3.
В) У, X.
С) Ң, Й.
D) Л, Р.
Е) Ғ, Г.
23. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Терезелер.
B) Баласыңдар.
С) Қызға.
D) Доптың.
Е) Жастығымыз.
24. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ.
В) Қара ала.
С) Қара көк.
D) Қызыл сары.
Е) Ақ ала.
25. Реттік сан есімді табыңыз.
А) Он бір.
В) Он - он бес.
С) Екі бүтін оннан үш.
D) Он бірінші.
Е) Отыз тоғыздан.










Қазақ тілінен тест тапсырмалары

ІІ нұсқа

1. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол.
В) Тазалық.
С) Сынып.
D) Жаңа.
Е) Бол.
2. Туынды зат есімді анықтаңыз.
А) Оқытушы.
В) Ғалым.
С) Ел.
D) Жол.
Е) Қыз.
3. Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) - а, - е, - й.
В) - са, - се.
С) - мын, - мін.
D) - ғы, - п.
Е) - ның, - нің.
4. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

5. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.
A) Қыстырма сөз, қаратпа сез, одағай.
В) Шылау, үстеу.
С) Жалғаулықтар, демеуліктер.
D) Жұрнақтар, септіктер.
Е) Қыстырма сөз, қос сез.
6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Суық сөз.
В) Ыстық ықылас.
С) Ақ ниетті.
D) Жақсы адам.
Е) Терең ойлы.
7. Антоним сөздерді табыңыз:
А) Биік, аласа.
В) Кілтпен ашты.
С) Әдепті бала.
D) Әдейі, арнайы.
Е) Қалаға барды.
8. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз.
А) Жуан, жіңішке.
В) Қатаң, ұяң.
C) Езулік, еріндік.
D) Үнді, қатаң.
Е) Ашық, қысаң.
9. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
А) Қорықта көптеген орман - тоғайлар бар.
В) Марқакөлдің суы таза, тұщы.
С) Бүгінгі Түркістан - үлкен, әсем қала.
D) Анасын баладан айыруға болмайды.
E) Арқалықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.
10. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз. Ол жақсы
оқыса, университетке түседі.
А) Қарсылықты.
B) Шартты.
С) Себеп.
D) Мақсат.
Е) Мезгіл.
11. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.
В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.
D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.
12. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Зор, үлкен.
В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян.
D) Туған, қайтыс болған.
Е) Кең, тар.
13. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
A) Наным.
В) Жаға.
С) Отбасы.
Б) Көкжиек.
Е) Бастық.
14. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М...
В) С, У, Ш, Ң...
C) K, Л, М, Н...
D) И, Ң, В, Г...
Е) Р, Л, М, И...
15. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Марал, қант.
В) Өрт, ас.
C) Бұғы, ұлт.
D) Жоқ, от.
Е) Арқа, көңілге.
16. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.
B) Менің әжем.
С) Алты адам.
D) Әдемі қыз.
Е) Жеті қыз.
17. Пысықтауышты табыңыз.
"Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығын тойлады.
А) Тойлады
В) Қазақстан
C) Тәуелсіздігінің
D) Биыл
E) 16 жылдығын
18. Мақалды толықтырыңыз: «Отанс... - ормансыз бұлбұл»
А) аспан.
B) ер
С) адам.
D) жер.
Е) ел.
19. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Туылу, дүниеге келу.
В) Терең, саяз.
C) Жүрек, сезім.
D) Ортаншы, кіші.
Е) Таразы, тартылу.
20. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жіңішке дауысты.
В) Езулік дауысты.
С) Сөздің кез келген буынын талғамайды.
D) Ашық дауысты,
Е) Қысаң дауысты.
21. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
А) Мемлекетте.
В) Мемлекеті,
C) Мемлекеттік.
D) Мемлекеттің.
Е) Мемлекетім.
22. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрне, қайбір.
B) Ешкім, ешқайсысы.
C) Бірдеме, біреу.
D) Өзің, өздері.
Е) Түгел, тегіс.
23. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.
А) Айтқым келеді.
В) Айтуға болады.
С) Айтқан.
D) Айтса.
Е) Айтып отыр.
24. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Далада қар бар.
B) Бұлар қыста келіп кеткен.
С) Бостандық өздігімен келмейді.
D) Ауыл жастар мұндай затқа қызықпайды.
Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.
25. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен әлі отырмын.
В) Көктем.
С) Мен ояумын.
D) Таң атып келеді.
E) Айнала жап - жасыл екен









ДҰРЫС ЖАУАП КІЛТТЕРІ

1-ВАРИАНТ

1 В 11 С 21 А

2 А 12 Д 22 С

3 С 13В 23 С

4 В 14Д 24 А

5 А 15В 25 Д

6 В 16 А

7 В 17 С

8 В 18 Д

9 В 19 А

10 Д 20 А

2-ВАРИАНТ

1 В 11 Д 21 С

2 А 12 А 22 В

3 Д 13 А 23 А

4 С 14 А 24 В

5 А 15 С 25 В

6 Д 16 Д

7 А 17 Д

8 А 18 С

9 Д 19 А

10 В 20 Д


© 2010-2022