Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________


Сабақ жоспары № 11

Пәні: Қазақ тілі

Тобы: ________ Мерзімі: ___________

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Жәнібек пен бала.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Синоним.

Эпиграф:

Шешеннің парызы - шындықты айту.

Шешендік - ақылмен билеу өнері.

(Платон)

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға шешендік сөздер жайлы білімдерін толықтыру; Айтулы тұлға - Жиренше шешен жөнінде мағлұмат беру; Синонимдер туралы түсінік беру.

ә) дамытушылық: оқушылардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайтып, көркем әдеби тілде сөйлеу мәнерлерін дамыту;

б) тәрбиелік: оқушылардың шешендік өнерге деген қызуғышылықтарын арттырып, шешен кемеңгерлердің сөздерінен тәрбие алуға баулу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Оқыту құралдары: тірек сызбалар, компьютер.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Синонимы»

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың дәптерлерін тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. «Жәнібек пен бала» мәтінін оқу, аудару.

  2. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндіру:

Көз жазып қап - жоғалтып, тұсап қою - байлап қою (аяғын); жетектеп келеді - алып келеді; қайран қалады - таңғалады; мана - бағана.


  1. Мәтіндегі Жиренше шешен туралы қысқаша мағлұмат беру.

Жиренше шешен - қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен - ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол әз-Жәнібектің сарай биі, шешен болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.

Әз-Жәнібектің 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді.

Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет энциклопедиясында былай жазылған: «Жиренше шешен - қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше шешен тарихта болған. Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі».

Сабақтың грамматикалық тақырыбын түсіндіру:

Ереже.

Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын синонимдер дейміз.

Сызба № 1


Синонимдер

мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:


  1. Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек.

  1. Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді.

  1. Сөздер бір ғана өз табына қатысты болуы тиіс.

Сызба № 2

Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары


Қазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспарыҚазақ тілі пәнінен Синонимдер тақырыбы бойынша сабақ жоспары


Сызба № 3 (қоса берілген)

ІІІ. Бекіту.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  2. 2,3,4 жаттығуларды орындау

Тапсырма:

Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарын тауып жазыңдар:

елді жер -

көп -

тірі -

сараң -

Тапсырма:

Синоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Кез болады, кездеседі, жолығады;

Таңданады; қайран қалады;

Бағана, мана, бұрын;

Шырағым, қарағым, қалқам;

Іздеп жүр едім; қарап жүр едім;

Қону, түнеу, демалу;

Үлгі: Бала түйесін іздеп жүр еді.

Тапсырма:

Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып әңгіменің қысқаша мазмұнын жазыңдар:

Жәнібек, бала, түйе қарау, тұсап қою, тұсауы өлген, бір қой жеу, екі қой жеу, бойдақ қой, қайран қалады, Жиренше еді.

ІҮ. Қорытындылау:

Қазақтың ғұлама ғалымы А.Байтұрсынов былай деген екен:

«Шешендік сөз дегеніміз - белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың, ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп ақылға қону жағын көздеу. Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру».

V. Үй тапсырмасы:

24 бет, 5 жаттығу

ҮІ. Бағалау.

Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған, белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.

Оқытушы: С.Ботантаева


© 2010-2022