Қазақ тілі 7-сынып Болымсыздық, жалпылау есмідіктері сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық және жалпылау есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік -болымсыздық және жалпылау есмідкітерін түсіндіру;

ә) дамытушылық - әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту;

б) тәрбиелік - оқушыларға тапсырмаларды орындата отырып қазақ тілімізді құрметтеуге және елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер, сөзжұмбақ, қолдың суреті

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу т.б.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінің аудару үшін «Менің қасиетім» атты трениниг өткізу. (Оқушыларға үш түстен тұратын қолдың суреті берілген, әр оқушы бас бармаққа өз атын жазады да қасындағы көршісімен алмасады. Қасындағы көршісі ол бала туралы ойды, қалған төрт бармаққа жазып, өзіне береді. Жазып болған соң әр бала өзі туралы жазылғанды оқиды және осы қолдардың түсі арқылы үш топқа бөлінеді.)

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы сөзжұмбақ арқылы тексеріледі. Әр топқа үш сөзжұмбақ берілген. Оқушылар сол сөзжұмбақты шешу арқылы бүгін өтетін жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Болымсыздық», «Жалпылау», «Есімдіктер» деген сөз шығады. Яғни, Болымсыздық.Жалпылау есімдіктерінің түрленуі сабақтың тақырыбы.

Мұғалім сабақтың мақсатын айтады. Оқушылар осы мақсатқа жету үшін қандай міндет қоятыны туралы айтады.

Жаңа сабақ:

Тақтаға бірнеше сөйлем жазылады. Сол сөйлем ішінен есімдіктерді тауып, өздері ережесін құрайды. Есімдіктерді құрамына талдай отырып қалай түрленгенін баяндайды.

Мысалы:

1.Ешнәрселері бүлінбеді.

2.Сен бұл құпияны ешкімге айтпа.

3.Сенің ешкімің жоқ па?

1.Барлығының тілегі бейбітшілік.

2.Бәрің маған келіңдер.

Балалар, бірініші сөйлемде есімідік бар ма? Бар болса қайсысы деп ойлайсындар.

Иә. Ешнәрселері.

Дұрыс, айтасыңдар! Енді бұл қандай есімдік. Болымсыздық.

Ендеше осы есімдіктің түбірі қайсы ешнәрсе лер көптік жалғауы, і тәуелділік жалғауы. Ешкімге ге барыс септігі.Ешкімің ің тәуелділік жалғауы. Сонымен болымсыздық есімдігі зат есімдерше септеледі, тәуелденеді, кейде көптік жалғауын қабылдайды. Бірақ жіктелмейді.

Келесі сөйлемдегі есімдік қайсы? Қандай есімдік? Түбірі.

Барлығының, жалпылау, барлық, ы тәуелділік жалғауы, ның ілік септігі.

Жалпылау есімдіктері де тәуелденеді, септеледі, бірақ жіктелмейді, көптелмейді.Бүгінгі сабақ түсінікті болса, тапсырмалар орындайық.

Кітапппен жұмыс: үш топтың үшеуіне де кітаптың бетіндегі тапсырма.

Болымсыздық, жалпылау есімдіктерін түрлендіріп, тәуелдену және септелу үлгісін кестемен көрсетіңдер. Ешкім, ештеңе, ешнарсе, барлық, барша, бәрі.

Сергіту сәті.

Келесі тапсырмалар сіздердің білімдеріңізді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезең «Көкпар» деп аталады. Әр топтан бір оқушыдан шығып «Қалташадан» сұрақ алып, сұрақты оқиды. Жауап бере алмаса қалған екі топтың оқушылары қол көтеріп жауап береді. Ойын кезегі осылай жалғасады.

Ермек ешқайсысына қараған жоқ. Есімдікті табыңыз, қандай есімдік, түрлену үлгісі.

Ешқайсысына болмысздық, на барыс септігі

Мен ешкімнің малын түгендеп жүргем жоқ. Есімдікті табыңыз, қандай есімдік, түрлену үлгісі.

Ешкімнің болымсыздық, нің ілік септігі.

Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты.

Барлық жалпылау, атау септігі.

Ендігі бөлімде морфологиялық талдау жасалады.

Ешқайсысының, бәріңді, баршамыздың

Бекіту: Бүгінгі сабақты бекіту барысынды сұрақтан тұратын графикалық тест алынады. Тесттен соң оқушылар бүгінгі күнгі сабақтан қандайда мәлімет алғаны туралы суреттерге стикер жабыстыру арқылы қорытындылайды.Бұл суреттерде чемодан, ет турағыш, себет. Оқушы өзіне керегін алса онда ол стикерді чемоданға салады, өз білімін толықтырса ет турағышқа, бүгінгі жаңа сабақтан еш нарсе алмаса себетке жапсырады.

Үйге тапсырма: Көрке шығармадан бес сөйлем жазып келу, есмідікті табу.

Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.




© 2010-2022