Презентация по предмету специалит спец на тему Балқыту және балқыту қаптастыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балқыту және балқытып қаптастыру

Балқытумен әртүрлі ақаулары бар детальдар мен металқұрылымдар жөнделсе, балқытып қаптастыру арқылы тозған детальдарды қалпына келтіреді. Балқытып қаптастыру арқылы кез келген қалыңдықтағы металл қабатын өсіруге болады. Балқытудың ең көп тараған түрлері - доғалық және газдық болса, балқытып қаптастырудың түрлері - электрдоғалы, газдық, дірілдоғалы, индукциялы, электр жанамалы, плазмалы және электршлакті.

Электрлік доғаның жану кезінде металды балқытуға негізделген электрдоғалық балқыту мен балқытып қаптастырудың бірнеше түрлері бар. Олардың негізгілеріне қолмен және механикаландырылған, ашық доғамен, флюспен және қорғау газы ортасында өңдеу жатады.

Қолдық доғалы балқытуды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тұрақты (балқыту агрегатынан) және айнымалы (балқыту трансформаторынан) токпен жүргізеді, тұрақты ток кезінде балқыту процесі орнықты болады да, жақсы сапамен қамтамасыз етіледі, ал айнымалы токпен жұмыс кезінде пайдалану шығындары төмен және П.Ә.К-і жоғары болады да, қарапайым да арзан жабдықтар қолданылады.

Газдық балқыту, яғни жанғышта газ-оттекті жалынмен металды балқыту әдісінің ашық доғалы балқытумен салыстырғанда сапасы жоғары болады, себебі газдық орта қорғау функциясын атқарады. Сонымен бірге газдық балқыту кезінде детальдың қыздыру температурасын кең көлемде реттеуге, отырғызу материалын қыздыруға болады. Сондықтан да жауапты детальдарды жөндеу барысында газдық бақылау кең көлемде қолданылады. Алайда олардың өзіндік кемшіліктері де болады: табылуы қиын газдарды (оттегі мен ацетилен) пайдалану; доғалық балқытумен салыстырғанда термиялық әсер ету аймағының үлкендігі; балқытушының жоғары біліктілігінің болуы. Орталықтандырылған жөндеу кезінде автоматтық балқыту процестері кеңінен қолданылады: флюспен автоматтық балқыту, электримпульстік балқыту және т.б.



алюмийнді отынды багін жасауға қолданған. 10 жылдан кейін АҚШ-та ұқсас технология «Шаттл» ғарыштық кемесінің сыртқы алюмийнилі багінің аргонды доғалы дәнекерлеудің орнына енгізілген. Осы технология гарыштық бекеттік құрылыстарда үлкен орын алады. 1989 ж. НАСА (NASA) халықаралық ғарыштық бекетінің «Freedom» конструкцияларын жеткізу үшін ғарыштық зымыранының қатты отынды қозғалтқыш

© 2010-2022