Открытый урок на тему Лепті сөйлем 2 класс

Күлшай Садуақасова, ҚР Білім беру ісінің үздігі,Бөдене орта мектебінің мұғалімі,Бөдене ауылы,Бесқарағай ауданы,Шығыс Қазақстан облысыҚазақ тілі2 - сынып.Сабақтың тақырыбы: «Лепті сөйлем».Мақсаты: 1) Білімділік: Лепті сөйлем туралы білім тиянақтау, толықтыру. 2) Тәрбиелік: Өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: Теориялық ойлауды, сөйлеу қабілетін дамыту. Әдіс-тәсілдер: танымдық ойлау әдістері, сұрақ-жауап, тест, көрнекілік, рольдік оқу, ойын. Көрнекілік: сурет, смайликте...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күлшай Садуақасова,

ҚР Білім беру ісінің үздігі,

Бөдене орта мектебінің мұғалімі,

Бөдене ауылы,

Бесқарағай ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы


Қазақ тілі

2 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Лепті сөйлем».

Мақсаты:

1) Білімділік: Лепті сөйлем туралы білім тиянақтау, толықтыру.

2) Тәрбиелік: Өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық: Теориялық ойлауды, сөйлеу қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: танымдық ойлау әдістері, сұрақ-жауап, тест, көрнекілік, рольдік оқу, ойын.

Көрнекілік: сурет, смайликтер, тірек-сызба, интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық, үлестірме, ойын материалдары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

Адамның бет-пішінінде болатын өзгерістерді сипаттайтын бейнелермен жұмыс.

-Балалар, сендер суретші болсаңдар, адамның көңіл-күйін қалай берер едіңдер? Мен қазір мәтіндерді оқимын, солар мына бейнелердің қайсысына сәйкес келетінін анықтап айтыңдар.

(Смайликтерді көрсету).

1.Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Жылауықтарды әрі жұбатады, бері жұбатады, олар бірақ жылауын бәрібір қоймайды. Қалай ойлайсыңдар, жылауықтардың бет-пішінінде қандай өзгерістер болады?

2. Сиқыршы бос шабаданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет-пішіні қандай болады?

3.Мараттың досы жазғы демалыста ауылға кетті. Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды!

4.Төрт айдан кейін досымен кездесіп қалды. Екеуінің қуанғандарын көрсеңдер!

ІІ. Жаңа сабақ.

А) Оқулықпен жұмыс. 245-жаттығу бойынша терме диктант. Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу: Міне, жігіт! Көп жаса! Өркенің өссін, қарағым!

Қатарыңның алды бол!

Ә) 246-жаттығу бойынша тиісті тыныс белгілерін қойып, өздігінен орындау.

Б) Дидактикалық ойын: «Қай кезде қалай айтылады?» Ойын мақсаты: лепті сөйлемдерді дұрыс құрауға төселдіру.

Мейрам күндері үлкендерге, жолдастарыңа құттықтау сөздерді қалай айтар едің? Сапарға шығатын адамға тілек сөз. Мұғаліммен кездескенде, қоштасарда. Өзіңе біреу көмектессе.

В) Ой сергіту жаттығуы. «Кімдікі дұрыс?»

Әртістер келді деген сөйлемді Әсел хабарлы сөйлем десе, Әсия лепті сөйлем деп таласты. Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, -деді Айгүл. Қайсынікі дұрыс? Қандай жағдайда ол солай бола алады? Сендер қалай түсінесіңдер?

(Айтып көру). Әртістер келді. Әртістер келді? Әртістер келді!

Г) Сәйкестендіру тесті:

1.Хабарлы сөйлем а) Қасқырдың баласы ма?

2.Сұраулы сөйлем. ә) Мал жайылып жүр.

3.Лепті сөйлем. б) Жүйрік озады.

г) Өркенің өссін, айналайын!

ғ) Алыстан тау көрінеді.

Ғ) Дидактикалық тапсырма: «Қайсысы сәйкес?»

Қуаныш тезірек!

Бұйыру әдемі сурет!

Өкіну әкем келді!

Таңдану кеше келсеші!

Д) Рольдік оқу. Леп белгісі мен Ілебай.

Ілебай:

Сен неге осы айғайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн-жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің?

Леп белгісі:

Мен ылғи айғайлай беремін.

Қуана да, күле де білемін.

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбіне көтеріңкі, көңілді жүремін.

Әр істе көңіл-күйін білдіріп,

Табысымызға таңданып,

Шаттана күлемін!

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем.

(Қызықты грамматика)

ІІІ. Бекіту. Слайд арқылы тірек-сызбамен жұмыс жасап, лепті сөйлемдерге қорытынды жасау.



© 2010-2022