Мейірімділік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыУақыты: 09.04.2015 Тобы: «Балдырған» ортаңғы тобыТәрбиеші: Анесова Ж.М.Санаты: IIБілім беру саласы: Әлеуметтік ортаҰйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.Тақырыбы: «Мейірімділік»Мақсаты:Білімділік: Балалардың «Мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту,мейірімді істер атқаруға ынталандыру.. Дамытушылық: Өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы әңгімелей отырып,нақыл сөздер,өлеңдер,тақпақтар арқылы тілдерін...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты: 09.04.2015

Тобы: «Балдырған» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Анесова Ж.М.

Санаты: II

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Мейірімділік»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың «Мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту,мейірімді істер атқаруға ынталандыру..

Дамытушылық: Өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы әңгімелей отырып,нақыл сөздер,өлеңдер,тақпақтар арқылы тілдерін дамыту..

Тәрбиелік: Қоршағаг ортаға сүйіспеншілікпен қарап, оларға қамқорлық жасай отырып үлкенге көмек беріп,кішіге деген қамқорлыққа кішіпейілділікке тәрбиелеу..

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Мейірімділік туралы түсінік қалыптастыру..

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: Мейірімділік туралы суреттер.

Қостілділік компанент: Мейірімді-добрый,әже-бабушка,ана-мама, әке -папа,бала-мальчик,қыз-девочка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Барысы:

-Балалармен амандасу.

-Көңіл-күйін сұрау.

Тамаша көңіл-күймен өлең жолдарын жолдау.

-Балалар амандасады

-көңіл-күйлерінің жақсы екенін айтады.

-өлең жолдарын тыңдайды.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Анам мені «айым» - дейді,

Мен мұңайсам,уайым жейді.

Әжем мені «Күнім»,-дейді.

Мен қуансам күлімдейді.

Балалардан өлеңнің кімдер туралы

айтылғанын сұрау.

-Балалар өлең кімдер туралы айтылған екен?

-Сіздер аналарыңызды қалай сипаттайсыздар?

Мыс: Менің анам мейірімді,үнемі күліп жүреді,жылы жүзді.

(Балалар өздерінің аналарын сипаттайды)

-Міне балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы болмақ.

-Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның іс-қимылынан табуға болады.Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

-Ал,біз мейірімді болу үшін мейірімділікті қайдан аламыз?

-Бізді маңдайымыздан сипап,еркелетін кім?

-Бізге таза ауа сыйлап,мейірімін жылуын төгетін күн анамыз, табиғат анамыз бар.

-Балалар сіздер мейірімді болғыларыңыз келе ме?

-Олай болса қазір бәріміз «»Алтын жүрек»қаласына саяхатқа барамыз.

(Саяхатқа шығады)

-Балалар қалаға да келіп жеттік,ой мына қақпа алтын сандық ғой,оның бізге қоятын сұрағы бар екен,сол сұраққа жауап берсек ашылады екен.

Сұрақ:

-Мейірімді адам қандай болу керек?

(Балалар сұраққа жауап береді)

(Алтын сандық ашылады)

-Балалар мында алтын жүректер ілулі тұр,мейірімді адам ғана бұл алтын жүректің иесі бола алады.

-Ой мынау хат қой бұл хатты Сүйкімді перизат тастап кетіпті.

(Хат оқылады)

-балалар хатта бізді Әмина әжей қонаққа шақырыпты барамыз ба?

-Олай болса таза ауамен саяхатқа шығамыз.

(Балалар әдемі гүлдер теріп саяхатқа шығады)

-Балалар Әмина әжейдің үйіне де келіп жеттік.

-Әжемен амандасайық.

Әмина әже:

-Сәлеметсіңдер ме,балаларым

Келгендерің қандай жақсы болды.

Мен балаларды өте жақсы көремін.

Бүгін менің немерем Айшаның туған күні,соған бармақшымын.

Соған өзім жақсы көретін орамалды тақпақшы едім,сол орамалымды әшекейлеуге көмектесесіңдер ме?

-Әрине әже біздің балалар мейірімді балалар.

-Олай болса балалар орталықтарға бөлініп тапсырма орындайық.

Тапсырма орындау.

1-топ

Әжемен бірге моншақ тізу

2-топ

Орамал әшекейлеу.

3-топ

Мейірімділік туралы әңгіме тыңдау.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

-Балалар шаршаған боларсыңдар,кәне әжеге өзіміз білетін тамаша әнімізді айтып берелік.

(тамаша ән орындалады)

Балалар топтарын алмастырады.

Әмина әже: балаларым өте керемет екен мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Ханталапай»

-балалар тапсырмаларын аяқтайды,жұмыстары мадақталады.

-Балалар енді біз қайтайық,әжеге не айтамыз?

Әже: -Рахмет сендерге балалар мен өте риза болдым.

(Балалар көңілді әуенмен оралады)

-Балалар біздер мейірімді іс жасадық біздің жүрегіміз алтын жүрекке айналды,кәне бәріміз «Алтын жүрек» қаласына барып өз жүрегімізді алайық.

(Балаларға алтын жүрек тағылады)

-Көңілді әуенмен серуеннен оралу.

Орындарына отырғызу.

-Балаларды ойларын жинақтау

-балалар өлең жолдарын тыңдайды.

-Ана әже туралы айтылған.

-балалар айтады.


-балаларға мейірімділік туралы айтылады.


Балалар тыңдайды

Анамыздан,табиғат анадан


иа

Саяхатқа дайындалады


Балалар сұраққа жауап беріп алтын сандықты ашады.

Балалар мейірімді болғысы келеді.

Хатпен танысады.


Серуенге әжеге баруға дайындалады.

Балалар әжемен амандасады.

Балалар әжеге көмектесуге уәде береді.

Балалар көмектеседі

Тапсырма орындауға кіріседі.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі.

- Балалар біз қайда саяхатқа бардық?

-Біз әжеге қалай көмектестік?

-біздің жүрегіміз қалай алтын жүрекке айналды?

- «Мейірімділік»дегеніміз не екен?

- мейірімділік туралы қандай сөздер білесіздер?

-Оқу іс әрекеті ұнады ма?

- Не ұнады?

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.



Күтілетін нәтижесі:

Нені білді: Мейірімділік, кішіпейілділік туралы түсінік қалыптасты.

Қандай түсініктерді игерді: Үлкенге жол беріп,кішіге қамқор болуды сыйлай бір-бірін құрметтей алу жолдарын игерді...

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Мейірімділіктің анадан,табиғаттан,мейірімді істер арқылы келетіні туралы меңгере білді.









© 2010-2022