БАЯНДАМА: Саламатты өмір салты қажеттілігін қалыптастыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАЯНДАМА: Саламатты өмір салты қажеттілігін қалыптастыру

Жоспар:
І.Кіріспе
Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу
ІІ.Негізгі бөлім
Мақсаты

Міндеті

Талаптары мен ережелері

ІІІ .Сабақтан тыс жаттығулар
Күнделікті таңғы жаттығу

Жүгіру жарыстары

Велосипед жарысы
ІV.Қорытынды
І.Кіріспе


Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

ІІ.Негізгі бөлім
Саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру

Мұғалімнің оқушыларға,саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы туындайтын міндеттері

- Саламатты өмір салтының әдістерін үйрету;

- Өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

- Негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;

- Осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру


Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:

  • жеке және қоғамдық гигиена;

  • - дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

  • - организмді жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

  • - күн тәртібін тиімді пайдалану;

  • - дұрыс және уақтылы тамақтану;

  • - жұкпа аурулардың алдын алу;

  • - тән ауруларынан сақтандыру;

  • - жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

  • - зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру


Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
• тән және дене күйі үшін - мен істей аламын;
• психикалық күй үшін - мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге - мен істеуге тиістімін.
Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.
ІІІ. Мектепте сыныптан тыс жұмыс 12 бағыт бойынша жүргізіледі. Өткізілетін ашық тәрбие сағаттар сол бағыттардың аясында өтеді. Мен өзімнің шығармашылық тақырыбым ретінде «Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбын алдым, ондағы мақсатым: «Салауаттылық ұғымы арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда өз ұлтының дінін ұстануға үйрету» болды.
IV.Қорытынды
Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

© 2010-2022