Тренинг Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау

   Тренинг. «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау» Мақсаты:Оқушыға өз өмірінің субьектісі екеніне көзін жеткізуге көмек көрсету.ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру. Қатысушылар:11-сынып оқушылары. Көрнекі-құралдар: табиғат көрінісінің слайдтары,алма талының суреті,алмалар. Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, музыкалық әуен. Тр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау.

Мақсаты: Оқушыға өз өмірінің субьектісі екеніне көзін жеткізуге көмек көрсету.ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.

Қатысушылар:11-сынып оқушылары.

Көрнекі-құралдар: табиғат көрінісінің слайдтары,алма талының суреті,алмалар.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, музыкалық әуен.

Тренинг барысы:

Құрметті мектеп түлектері, сіздер- Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгінен басталады.Алдарында үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр.Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын.

Салемдесу.Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып ,бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірулері.

Тренинг «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз.Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы бүктейміз,оң жақ жоғары бұрышын жыртамыз.Осылай жалғастыра береміз.Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау: -Кімде бірдей,бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Таптыңыздар ма? Жоқ.Себебі неде деп ойлайсыздар?

-Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанымен, ол бізде әр түрлі болып шықты.Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Қоғамдық ортамыз,қызметіміз,жан дүниеміз бәрі әр түрлі.Ал сендерге келсек,әрқайсысын бөлек тұлғасындар, көзқарастарын-бәрі әр түрлі.Бірақ,бәріміздің бірге жиналуымызда себеп бар-ол ҰБТ,одан жақсы жетістікке жету.Қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.

Топтық жұмыс «ҰБТ-де жақсы жетістікке калай жетуге болады ?»

Нұсқау:ҰБТ-ның қиындықтары мен жетістіктері, оқушылар жоба қорғайды.

Қорытынды: ҰБТ-заман талабы.Оқушыларға оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігін жіберіп алмау әркімнің өз қолында.Өз білімі мен еңбегіне сенген адам ғана өз өмірінің қожасы бола алады.

Релаксация.

Құрметті оқушылар,мен сіздерге бірнеше сөз айтамын,соны қайталаңыздар!

Әлемдегі барлық адамдарға жақсылық тілеймін!

Әлемде мені бәрі жақсы көреді!

Мен бақытты оқушымын!

Мен білімді оқушымын!

Мен жаңа ғасырдың оқушысымын!

Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын!

Медитация:

Ал,енді көздеріңізді жұмыңыздар,көз алдарыңызға елестетіңдер!

Әсем бір шебер бағбанның баптап өсірген алма бағында қыдырып жүрсіздер.Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетсін.Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар.

Мен алдағы ҰБТ-ны жақсы нәтижемен тапсырамын, менде бәрі жақсы болады, мен өзіме деген сенімділігім мол,мен үшін бәрі оңай және түсінікті болады.

Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып-қызыл алманы көресіздер.Ал,сол жақтарыңызға қарасаңздар сары,қызыл алмалар тұр.

Па,шіркін қайран алмалардың иісін-ай, танауларыңызды керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер,терең демалыңыздар!

Ал енді жайлап көздеріңізді ашыңыздар.

Құрметті оқушылар, ендігі мақсат мынау!Шебер бағбанның бағында өскен алманы сендерге таратамын.Осы алмаға әркім өзінің жүрек түбіндегі жатқан арман тілектерінді жазыңдар.

Мына алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман талы» сіздердің алмаларыңыз ғажайып талға ілінді.Мінеки, сіздердің жүрек түбінде жатқан арман тілектеріңіз орындалды деп есептеңіздер.

Рефлексия:

-Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?

-Қандай сезімде болдыңыздар?

-Тренингтен алған әсеріңіз қандай?

Құрметті оқушылар! Әрдайым сіздерге зор денсаулық,ҰБТ-ны өте жақсы нәтижемен тапсырып, алдағы аңсаған армандарыңыз орындалуына тілектеспін.



© 2010-2022