Экономика пәнінен сабақ жоспары: Қоғам және табиғат

Қоғам – ол біз, Жер бетінде өмір сүретін барлығымыз, өз еліміздің тұрғындары. Қоғамның шаруашылық іс-әрекеті өмір сүру үшін қажетті. Бірақ материалдық өндірісті дамыта отырып, адамдар жер келбетін өзгертеді және жер қабатының табиғи қалпын бұзады.  Біз, табиғат қойнауындағы бар байлықты, пайдалы қазбларды, өзен-суларды керегінше өз игілігімізге жұмсаймыз. Бірақ өнеркәсіптің дамуымен, өнімдерді қалай да болмасын барынша көбірек шығаруды көздей отырып, қоғам мына жағдайға келді: өнеркәсіп орындары...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

7 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

3 апта

19.09.2014

5 сабақ 11.40.-12.25 № 21 дәрісхана

Сабақтың атауы

Қоғам және табиғат

Сілтеме

Интернеттен алынған мәліметтер

Жалпы мақсаттары

Қоғам мен табиғаттын арасындағы байланыс туралы түсінік беру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Өткен сабақты қайталау

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту Автор орындығы (үй тапсырмасын қайталау 3 минут)

  • Біздің аймақтағы табиғи қорлар қандай?

  • Олар қалай пайдаланылады?

  • Табиғатты тек табиғи қорлардың көзі ретінде қарастыруға бола ма?

  • (2 минут)

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету.

ІІ мағынаны тану

  • Естеген көргендерін тұжырымдау, қорытындылау.

  • Тапсырма: Жұп стратегиясымен жаңа тақырыппен танысу.

  • Жұптас - ойлан - бөліс (Джесси Джентильдің диаграммасы)

  • Тапсырма алу

  • Жаңа материалмен танысу. Жеке оқу, конспект жазу. (7 минут)

  • Жұппен талдау. (2 минут)

  • Шағын топта әңгімелеу. (3 минут)

  • Сергіту сәті. (1 минут)

  • Түсінгендерін флипчартқа түсіру. (5 минут)

Әр тапсырмадан кейін балалардың жауаптары бағаланып отырады

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Мәтінді жеке оқып, конспект жазады, жұптағы оқушылар өзара пікір алмасып талдайды

Мәтін: 1 Қоғам - ол біз, Жер бетінде өмір сүретін барлығымыз, өз еліміздің тұрғындары. Қоғамның шаруашылық іс-әрекеті өмір сүру үшін қажетті. Бірақ материалдық өндірісті дамыта отырып, адамдар жер келбетін өзгертеді және жер қабатының табиғи қалпын бұзады. Біз, табиғат қойнауындағы бар байлықты, пайдалы қазбларды, өзен-суларды керегінше өз игілігімізге жұмсаймыз. Бірақ өнеркәсіптің дамуымен, өнімдерді қалай да болмасын барынша көбірек шығаруды көздей отырып, қоғам мына жағдайға келді: өнеркәсіп орындары пайдаланған лас сулардан өзендер мен көлдер ластанады, улы қалдықтар өсімдіктерді жоя бастады. Мұның бәрі табиғатқа кері әсерін тигізеді. Экономикалық іс-әрекеті барысында адам табиғатқа әсер етеді, өзіне керек заттарды алып, табиғатқа улы, зиянды қалдықтарды қайтарады. Адамның кез келген шаруашылық іс-әрекетінің барлығы табиғатқа және адамның өзіне пайдалы бола бермейді. Еңбектеніп жасаған кейбір өзгерістері адамның өзіне де зиянды болып отыр.

Мәтін 2 Табиғат қорлары шектеулі. Адам табиғаттан орнын толтырмай алуын көбейткен сайын, табиғат қоры азая түседі. Мысалы, орнына бір тал екпей кесілген ағаштар орманды сиретеді. Бірақ орны толмайтын және өндірілмейтін де қорлар болады. Мысалы, мұнай құбыры таусылғанда, орнын толтыру мүмкін емес. Сондықтан табиғи қорлар шектеулі. Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде болатын өзгерістерді болжай білу өте қажет. Адамның табиғат пен оның қорларын сақтап қана қалмай, оны көбейте де алатыны дәлелденіп отыр. Бұл үшін, табиғаттың мүмкіндіктерін, жергілікті жердегі адамдар пайдаланатын табиғи қорлардың түрлерін қатаң ескеру керек. Сонда ғана, табиғат та адам да ұтады. Ол үшін арнайы тазарту қондырғылары мен зиянды қалдықтарды қайта өндеу зауыттарын салу қажет. Экологиялық таза өндірістерді дамыту қажет, ол қалдықсыз өндірістер деп аталады. Мысалы, 2 тонна макулатурадан 17 ағаштан шығатын қағаз жасауға болады. Тазарту қондырғылары мен экологиялық таза өндірістер құрылысы көп қаржы жұмсауды қажет етеді. Мәсселе адамның денсаулығы туралы болғандықтан, шығындар текке жұмсалмайды. Мемлекет ауаны ластамайтын кәсіпорындардың салығын азайтады.

Мәтін 3 Қоғамның дамуына оның тұратын географиялық орны да әсер етеді: ауа райы, топырағы, өсімдіктер және жануарлыр әлемі адамдардың тұрмысында ізін қалдырады, мұнымен адамның мүмкіндіктері де байланысты. Мысалы, Қазақстанның шөл және далалы аймақтарында тұратын адамдар ежелден мал шаруашылығымен, ал өзен бойларында тұратындары диқаншылықпен айналысқан. Адам өзінің ой және тән мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тұтас қоғам үшін игіліктер жасайды. Бұл қандай игіліктер болатыны көп жағдайда ол тұратын жердің табиғи қорларымен байланысты болады.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

  • Қорғау. (3 минут)

  • Бекіту. (3 минут)

Бағалау

оқушының өзін-өзі бағалауы

-жұпта бірін бірі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау


© 2010-2022