• Преподавателю
  • Другое
  • Конспект №13 орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ашық сабақ Жангир хан 9 сынып

Конспект №13 орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ашық сабақ Жангир хан 9 сынып

Эпиграф: «Қазақ тілі-өте дәмі, көркем тіл,сондықтан тілді білмеу мүмкін емес». Н.Ә.Назарбаев Сабақтың тақырыбы: Жәңгір хан . Есептік, реттік сан есімСұрақтар:Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.Сан есімнің құрамдық түрлері? Мысал келтір.Біз қандай модульді өтіп жатырмыз?Ой қозғау:.Бөкей ордасының ІІІ ханы кім болған? -Жәңгір Қызығушылықты ояту: Оқушы Бөкей ордасы туралы дайындап келген слайдын қорғайды."Мағынаны тану: Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эпиграф: «Қазақ тілі-өте дәмі, көркем тіл,сондықтан тілді білмеу мүмкін емес». Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың тақырыбы: Жәңгір хан . Есептік, реттік сан есім

Мақсаты:

1. білімділік. Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасау зерттеу.

2. тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.

3. дамытушылық. Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың түрi: аралас сабақ

Әдiстерi: түсiнiп оқыту, талдау,топтастыру, топтық, оқытудың трек - сызбаларын қолдану.

Көрнекiлiгi: интербелсенді тақта, топшамалар, Жәңгір хан суреті, рефераттар, тарихи құжаттар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңi.1.Амандасу. 2.Кезекшiмен сұхбат

II.Негiзгi бөлiм

А) Сабақтың мақсатымен, барысымен танысу.

Ә) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сан есім ережесін айту. Мысал келтіру.Абылай хан туралы түсінгенін айту, диалог. Бөкей ордасы туралы айту.

Сұрақтар:

Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Сан есімнің құрамдық түрлері? Мысал келтір.

Біз қандай модульді өтіп жатырмыз?

Ой қозғау:.Бөкей ордасының ІІІ ханы кім болған?

-Жәңгір

Қызығушылықты ояту: Оқушы Бөкей ордасы туралы дайындап келген слайдын қорғайды.

Мағынаны тану: Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды.

Сөздікпен жұмыс:

мұрагер-наследник

ағарту-просвещения

дәрежесі-уровень

теңестірілді-сравнялся

( жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру)

Мәтінмен жұмыс: Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылы 7 жасында Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді. Ол орыс, татар, парсы, араб, неміс тілдерін білген. Жәңгір Бөкеевтің тікелей араласуымен 1841 жылы Хан Ордасында, Ордада екі сыныптық бастауыш мектеп ашылды. Алғашында мектеп 25 балаға арнап салынған болатын. Ел ішінде бұл мектеп «Жәңгір мектебі» деп аталған. 1848 жылдан бастап, бұл мектеп халық ағарту министірлігінің қаражатына көшіріліп, екі сыныптың училище дәрежесіне теңестірілді. Жәңгір хан бар болғаны 44 жыл өмір сүрді. 1845 жылы қайтыс болған.

  • мұғалім оқиды;

  • оқушылар тізбектеп оқиды;

  • Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар

  • 1-топ диалог құру;

  • 2-топ мәтінен сан есімдерді табу;

Жаңа сабақ түсiндiру:

Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз: есептік, реттік сан есімдер.

САН ЕСІМ

Мағынасына қарай

1. Есептік

бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс бес, жүз үш, мың, т.б.

2. Реттік

бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші, екі жүз алтыншы, т.б.

3. Жинақтық

біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу

4. Топтау

бірден, екіден, үштен, оннан, он бестен, екі-екіден, он-оннан, жүз-жүзден, мың-мыңнан, т.б.

5. Болжалдық

бірер, екідей, ондаған, жетпістей, жүздеп, жүздеген, ондарда, алпыстарда, үш-төрттей, т.б.

6. Бөлшектік

екіден бір (1/2), сегізден үш (3/8), үш бүтін жүзден он төрт (3,14), т.б.

Есептік- зат есімнің алдында келіп, заттың санын білдіреді. Неше? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, жетпіс

Реттік- есептік сан есімге -ыншы,-інші,-нші, жұрнағы жалғау арқылы жасалып, заттың ретін қатарын білдіреді. Нешінші? Қай? Деген сұраққа жауап береді. .

Мысалы: бірінші, екінші, үшінші, оныншы, жиырма екінші, сексен бесінші,

Деңгейлік тапсырмалар:

ІІI деңгей: Берілген сөйлемдердің ішінен сан есімді табу, түсіп қалған дыбысты жазу.

  1. Жә__гір хан 1801 жылы д__ниеге келді.

  2. 7 жас__нда Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийд__ң үйінде т__рбиеленд__.

  3. 1841 жыл__ Ордада екі сыныптық бастау__ш мектеп ашылд___.

ІІ деңгей: Мақал-мәтелдерді сан есімдермен толықтыр.

  1. ______ рет өлшеп,______ рет кес.

  2. ______ саусақ бірдей емес.

  3. ______ байлық-денсаулық,

______ байлық-ақ жаулық,

______ байлық-он саулық.

І деңгей: Берілген сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау:

1. Жәңгір хан сауатты адам болған.

2. Ол 44 жыл өмір сүрді.

3. Ол Бөкей ордасының ханы болды.

Тест сұрақтары

  1. Жәңгір ханның шын аты кім?

А) Абылай

Б) Жәңгір

В) Жиһангер

  1. Жәңгір қай жылы дүниеге келді?

А) 1802ж

Б) 1801ж

В) 1803ж

  1. Ордада неше сыныптың мектеп ашылды?

А) екі

Б) үш

В) төрт

  1. Жәңгір хан қандай адам болды?

А) жақсы

Б) сауатты

В) сауатсыз

  1. Жәңгір хан қай жылы таққа отырды?

А) 1815ж

Б) 1824ж

В) 1823ж

  1. Жәңгір ханның әкесінің аты кім?

А) Бөкей хан

Б) Шығай сұлтан

В) Есім хан

  1. Есептік сан есімдерді тап

А) алтау

Б) екінші

В) бес

  1. -ыншы,-інші,-ншы,-нші сан есімнің қай түрінің жұрнағы

А) жинақтық

Б) реттік

В) болжалдық

  1. Дара сан есімдерді тап

А) үшінші

Б) отыз

В) бес-бестен

  1. Жәңгір хан қай жылы қайтыс болды?

А) 1843

Б) 1844

В) 1845

Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда көрсеткен білімдеріне қарап, тәуелсіз еліміздің болашағы жастар қолында, білімді, жан-жақты оқушы ғана аңсаған армандарына, білім көгіне жете алатындығын айту қажет.

Тәуелсіздігіміздің ашық аспанында жетер биіктерің де, алар асуларың да аз еместігіне сенімім мол. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса - ол елдің еңсесі де биік болады» деген, яғни жастарға сенім артқан.

Үй тапсырмасы:

Мәтін бойынша түсінгенін айту. Сан есімге байланысты мысалдар жазу.

Бағалау: үй тапсырмасын жауап берген оқушылардың, сабаққа белсене қатысқан оқушылардың еңбектерін бағалау,түсінік беру.

© 2010-2022