Ынтымағы жарасқан Қазақстан (Тәрбие сағаты)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан Қазақстаным»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді еліміздің туын жоғары ұстайтын болашақ азаматтарды тәрбиелеу. Отанын, туған жерін құрметтеуге деген сезімге баулу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, балабақша ұжымы Сіздерді Республика- мыздың өркениетті ел ретінде басқа мемлекеттермен терезесі тең егемен ел болған күнімен құттықтаймыз. Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын деп II-ші сәбилер тобының Астана күніне арналған «Менің Қазақстаным» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.

Назерке: Республика күні деп

Шаттанамыз біз бүгін

Құтты болсын мерекең

Болсын менің бұл сыйым.

Аяжан: Тауды көрсең күн көзімен таласқан

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан

Менің байтақ Республикам таулары

Менің көгім теңізбен қол ұстасқан.

Аружан:Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін

Көрсең ашық Алатаудың күндерін

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген

Ұлы байтақ Республикам бұл менің.

Айана: Дала көрсең көк жиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең секілді бір түскі аспан

Менің байтақ Республикам даласы

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Балалар үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, Әнұранымыз орындалады. Осы еліміздің рәміздерін үлкен де, кіші де құрметтеп жоғары ұстайды. Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ айтады.

Аяжан: Көк жалауың көгіңде,

Ел таңбаң тұр төріңде,

Әнұраның шалықтап,

Нұр құясың көңілге.

Қайсар: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар біз Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз Қазақстан. Халқымызда «Отан-отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер Отанымыз жайында қандай мақал-мәтел білесіңдер?


  1. Отан-оттан да ыстық.

  2. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  3. Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

Аңсар: Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері бағымыз.

Қойнауынан мөп-мөлдір

Сусындайды жанымыз.

Абылай: Тәуелсіз елім Отаным

Сен мен үшін қымбатсың

Күн нұрындай төгілген

Жанға жайлы шуақсың.

Алтынбек: Туған жерім арайлым,

Көзім тоймай қараймын.

Ешбір мекен тең келмес,

Киеліге балаймын.

Айару: Отан деген Атамекен,

Атамекен туған ел

Отан-ана, Отан-үлкен

Қазақстан -туған жер.

Жеке ән: «Кеш, жарық»

Жүргізуші: Балалар, Отанымыздың бас қаласы, елордамыз қалай аталады?

Аружан: Гүл жайнаған Астана,

Қазақстан Отаным.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.


Абылай: Жаса, жаса, Астана,

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

Аяжан: Ел жүрегі Астана,

Жаңа қала, жас қала

Зәулім сәнді үйлері

Үлгі болған басқаға.

Би: «Астана»

Айана: Туған жер алтын бесігім,

Тербеттің мені төсімде

Киелі сенің есімің,

Тұрады мәңгі есімде.

Ергентай: Бабаларша толғанып,

Домбырасын қолға алып,

Ән мен күйді төгетін

Мен қазақтың баласы.

Жүргізуші: Балғын дауыс шарықтаған, шалқыған.

Белгісіндей арайланып атқан таң,

«Айдана» деп шаттандыра ән салған

Дауыстарын естіген жан тамсанған.

Жеке ән: «Айдана»

Нәби: Бірлігі мен ынтымағы халықтың

Көңлімде жарқырайды жарық күн

Ырыс-дәулет бақыты үшін халықтың

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн.

Нұрислам: Қазақстан байтақ ордам, қорғаным,

Биік болсын аспан, жерің ,орманың.

Мен тілеймін тәңірімнен жалына

Бірлігі мен берекесін ордамның.

Ән: «Менің Қазақстаным»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз, өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды.



Тәуелсіздік

Тақырыбы «Тәуелсіздік - ел тірегі »
Мақсаты: Балаларға еліміздің тарихи туралы түсінік беру, өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, қымбатты балалар!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 -жыл толуымен құттықтаймыз.
Тәуелсіз еліміз бол1ашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдердің қатарына жетуіне аяқ басты. Сол болашақтың тірегі
мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер.
Туған жерге нұр шашып жарық бер,
Қуаныш пен мол бақыт алып кел.
16 - желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аяулы балалар, сабағымызды еліміздің әнұранымен бастайық!
Ән: «Әнұран»
Тәрбиеші: Тіуелсіздік күніне арналған балалардың жылы тілектерін тыңдайық.
Назерке: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Аңсар: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.

Дана: Он алтыншы желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.
Тәрбиеші: Біздің ата - бабаларымыздің жүріп өткен жолы, тағдыры ауыр болған. Талай зорлық, зобалаңды, қырғынды бастан кешірді. Олардың «Азаттық таңы атып, Тәуелсіздік келсе екен» жалғыз арманы болды.
Тәуелсіз Қазақстан мәмлекеттік рәміздері :
Ту, Елтаңба, Әнұраны.
Олай болса балалар, еліміздің мәмлекеттік рәміздеріне арналған жылы тілектерімізді айтайықшы.
Дарина: Көк байрағы - бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі - әке баланың,
Қазақстан жалауы.

Алнияз: Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Алихан: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Қосшыбек: Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік оңайшылықпен келмегенін білеміз. Алматы қаласында 1986 - жылы өткен желтоқсан көтерісінде өрімдей жастар, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты ағаларың мен апаларың елі, жері үшін құрбан болған. Біз оларды ұмытпауымыз керек.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз» хормен.
Тәрбиеші: Көркейген, гүлденген туған ел,
Тәуелсіздік күнің келеді, келе бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырлар тойы болшы келе бер!
Мерекелі сабағымызды осы менен қорытындылаймыз.
Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болсын деп тілейміз.Сау болыңыздар!.

© 2010-2022