Ашық сабақ Есімше. Есімшенің жасалуы, түрлері

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Есімше.Есімшенің жасалуы, түрлеріАшық сабақ Есімше.Есімшенің жасалуы, түрлеріАшық сабақ Есімше.Есімшенің жасалуы, түрлері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі


№63 негізгі орта мектеп










Пән мұғалімі: Н. Абилдабекова








Шымкент

Пәні: қазақ тілі сыныбы: 6 а

Cабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы,түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Есімше,оның жасалу жолы мен түрлері, өзіндік

ерекшелігін ұғындыру. Оқушылар ақпаратын

толықтыру, теорияны практикамен ұштастыру.

2.Оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен

шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Оқушыларды аналарды шексіз құрмет тұтуға,

үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, ізгілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: «Қарлы кесек» ойыны, сұрақ-жауап, талдау, жұптап

жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, интербелсенді тақта, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, математика.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу.

2.Оқу құралдарын тексеру, түгендеу.

Сабақ құрамы

  1. «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.

  2. Жаңа сабақ. Интербелсенді тақта.

  3. Кітаппен жұмыс.

  4. Графикалық диктант.

  5. Талдау жұмысы.

  6. Шығармашылық жұмыс.

  7. Блиц-тест.

  8. Бекіту.

II Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардан етістіктен өткен сабақты «Қарлы кесек» ойыны арқылы сұрап шығу.

Сыныпты 5топқа бөлеміз.Әр үстелді А,Б,В,Г,Д әріптерімен белгілейміз.Үстел үстіне сұрақтар қойып,соған әр оқушы айналып келіп отырып жауап береді.

«Қарлы кесек» ойыны.

Оқушылар жауабы тыңдалады.

2.Жаңа сабақ. Интербелсенді тақтаны қосып сұрақтарға жауап беру арқылы «Есімше» деген сөз шығарамыз.Оқушылар, болашақтарына сенім білдіріп отырған аналар үкілі үмітін ақтау үшін сұрақтар қойылады.

Сұрақ: 1. Аналардың үкілі үмітін ақтау үшін не істеу керек?

2. Бойларыңда қандай қасиет болу керек?

-Ел егемендігін,ел мәртебесін сақтауымыз керек.

-Сәйгүліктей сергек болуымыз керек.

-Ізгілікке құштар,ізетті оқушы болуымыз керек.

-Менмендік мінезден бойымызды аулақ ұстап,мейірімсіз болмай,мәдениетті болуымыз керек.

-Шешен болу бар біздің ойымызда,болардай әрбір сөзі жанға шипа.

-Ең үлкен міндетіміздің бірі ананы құрметтеу,үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсету.

Сонымен,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Есімше.Есімшенің жасалуы мен түрлері» Есімше-етістіктің ерекше түрі.Себебі есімше сөйлемде екі түрі мәнде,екі түрі қызметте қолданылады.Есімшелер зат есім сияқты тәуелденеді,септеледі, көптеледі,жіктеледі.

Мысалы:Ақмарал ағылшын тілін жақсы білетін.Білетін әндеріңді айтыңдар.

Асыл бұл кітапты талай оқыған.Оқыған-жетер мұратқа.

Есімше тұлғаларына қарай «емес», «жоқ» сөздері тіркесіп,болымсыздық мағына беріледі:барған емес,барған жоқ,барар емес,бармақ емес.

Есімше Есімдерше түрленеді

Ана десе толқымайтын жүрек,таусылмайтын

қан,сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

Баубек Бұлқышев

Жұрнақтар

1. қан, кен, ған, ген, өткен шақ Етістік

2. ар, ер, р, с болжалды келер шақ ....Ұлы адамдардың көбісінің

3. мақ, мек, бақ, бек мақсатты келер шақ тамаша аналары болған.

4.атын,етін,итын,итін ауыспалы өткен шақ Г.Боль

Мысалы: 1.күт-кен,айт-қан,сыйла-ған, күтпе-ген.

2.жаз-атын,кес-етін,ойлай-тын,көрмей-тін.

3.бар-ар,бер-ер,көрме-с.

4.кел-мек, тара-мақ, қаз-бақ,көрін-бек.

III.Кітаппен жұмыс.

239- жаттығу А-Б үстелі орындайды.

240-жаттығу В-Г үстелі орындайды.

Бұл жаттығуды жұптық жұмыс арқылы орындайды. Мысалы:Оқушылар мұғалім қолындағы түстерді таңдайды.

Қызыл түс:Берілген мәтіннің мазмұнын айту.

Көк түс:Есімшелерді табады.

Жасыл түс:Есімшелерді түбір мен қосымшаға ажыратады.

Сары түс:Есімшелерге басқа сөйлем құрайды.

Қою көк түс:Қорытынды жасайды.

IV.Графикалық диктант.

.Арқалап жүріп жұбатқан

Әлемді кезіп жүрсең де,

Әлдиі кетпе...құлақтан

Анаңнан асыл бар ма екен? И.Сапарбай

2.Шеше

Сен бақыттысың,тербете бер

Құба талдан иіл ....бесігімді. М.Мақатаев

3.Шырылдан жерге түс .... нен-ақ сенің ең бір,

Жақының, ең бір досың,ең бір ұстазың бар

Ол-ана Б.Бұлқышев

4.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің.

Шал ақын

V.Талдау жұмысы.

Кеспе қағазы арқылы орындалады.

№1 кеспе

1.Есімше дегеніміз не,қалай жасалады? Мысал келтір

2.Мына мақалдағы етістіктерді тап.

Бас болмақ оңай,басталмақ қиын.

№2 кеспе

1.Етіс дегеніміз не? Түрлерін ата

2. ........екінші-сол нәрсені көргенде,я естігенде гибратлану керек.

Сөйлем қай шығармадан алынған? Авторы кім?Есімшені тап.

№3 кеспе

1.Есімшенің мақ,мек,бақ,бек,пақ,пек жұрнағына сөйлемнен мысал келтір.

2.-Құлыным,Қайрошым!...Қайда жоғалып кеттің?-деп әлсіз ғана шыққан дауыс естілді. ....Шешесін сағынбайтын бала жүрегі болмайды.

Қандай шығармадан алынған,авторы кім?Есімшені тап.

№4 кеспе

1.Төмендегі етістіктерді есімшеге айналдырып сөйлем құраңдар.

Ізде,біл,сақта,отырғызу,ұмтыл,жарыс.

2.Өзгелік етіс,жасалу жолы.

№5 кеспе

1.Мына мақалдарды толықтырып жаз.

1.Отанын ....... отқа жанбайды,суға батпайды.

2. Ынтымақ ...... жерде,

Ырыс бірге жүреді.

3.Ақсұңқар ...... жем үшін,

Ер жігіт ел үшін.

VI.Шығармашылық жұмыс. RAFT стратегиясы

  1. Рол Оқушы

Аудитория Сынып

Форма Хат,өлең,ойтолғау

Тақырып Әлдилеген анашым

(Музарт тобының «Анаға хат» әні шырқалып тұрады.)

Тірек сөздер:алақан,құшақ,мейірім,бесік,жылу,тебірену,парасат,болатын жүрген.

  1. «Егер мен Президент болсам» атты мәтін құрастыр.Етістік түрлерін қатыстыр.

  2. «Уа,туған жер,топырағыңнан жаралдым» деген Әбу Сәрсенбаев атаның өлеңін ары қарай құрастырып көр.

  3. «Қыс кереметі»атты шағын шығарма жаз.Есімшені қатыстыр.

  4. «Соғыс мүгедектерін көргенде қандай сезім билейді» атты толғаныс жаз.Етістік түрлерін қатыстыр.

VII.Блиц-тест

1.Есімшенің жұрнағын тап.

а) ыс, іс, с ә) ған, ген, қан, кен б) ып, іп, п

2.Болымсыз етістіктен кейін келетін есімше жұрнағы

а) атын, етін, итін ә) ған, ген, қан, кен б) с

3.Есімшелі сөзді тап.

а) Оқып-оқып ә) Айтар-айтпас б) Оқығалы-тоқығалы

4.Бұрынғы өткен шақ түріндегі есімшені тап.

а) жүзген ә) жүзді б) жүзгек

5.Таңертең мамам жайлауға қайтпақшы болды.Есімше қайсы.

а) таңертең ә) қайтпақшы б) болды

6.Есімше тұлғасындағы сөзді тап.

а) қарайын ә) қарайтын б) қарады

7.Есімшеге тән емес қатарды тап.

а) Айтқан еді. ә) Барғалы жүр б) Көрмек болды

8.Жоқ, емес сөздері етістіктің қай түріне жалғанғанда болымсыздық мәнге ие болады?

а) Етіс түріне ә) Есімше түріне б) Шақ түріне

VIII.Сабақты бекіту.

Сабақ тан не үйрендің? «Сыңарыңды тап» ойыны арқылы сабақты бекіту.

Біздің сабағымызға қатысып отырған жасы үлкен ағай-апайлардан бата сұрап,сабағымызды қорытайық.

Бата

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Әр күндерің көңілді болсын.

Мерейлерің тым биік болсын,

Білімдерің аса терең болсын.

Жетістіктерің орасан зор болсын,

Бағаларың өте жақсы болсын.

Аспандарың ашық болсын,

Дұшпандарың қашық болсын.

ӘУМИН!

IX. Үйге тапсырма:245-246 жаттығу.

X.Бағалау.


© 2010-2022