Урок конспект на тему: Босаң норма

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі, 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Босаң норма

Мақсаты: Босаң норма - тілдің түлеуінің көрінісі. Оқушыларға босаң норма туралы түсініктер бере отырып, босаң норманың қолданылу себептерін түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ - жауап, семантикалық карта, кестемен жұмыс, тест жұмысы.

Көрнекілік: ЭОР пайдалану, оқулық, слайд.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуы, кезекшінің мәліметі тыңдалады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

2. Өткен тақырыптарға шолу жасау:

ҰБТ ға дайындық барысында сұрақтар қойылады:

1.«Ашық» деген сөздің ауыспалы мағында қолнадылып тұрған түрі:

А. ашық есік В. ашық жер С. Ашық бөлме Д.ашық мінез Е.ашық терезе

2. Ауысыпалы мағыналы сөйлемді тап: А. Тал түсте төбесіне ат ойнатты; В. Дүниеде атаққұмар адам көп болған.

С. Әскерлер жаттығу жасап, ат ойнатып жатыр. Д. Ауыл ат бәйгесіне дайындалуда Е. Ауыл ат соқамен жер жыртқан.

3. Ауысыпалы мағыналы сөйлемді тап:

А. Анасының бетіне бала қарап жылайды. В. Ана кісіні танисың ба?

С. Ана қуанышында шек жоқ. D. Атаң мұнда анаңмен есен-аман. E.Су анасы-бұлақ.

4. Сөздің тура мағынасын табыңыз: А. Алтын ұя мектебім; В. Өсектің қясы қайда? С. Көзі ұясынан шықты D. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды; E.Аққудың ұясы көл ортасында.

5. Бітеу буынды сөздерден тұратын сөйлемді көрсетіңіз:А. Біз дәрісханада отырмыз; В. Қол сынса, жең ішінде С. Сөз сүйектен өтеді. D. Менің орныма жұмыс істей тұр. E. Мен тыңдап жаттым.

6.Тұйық буынды сөздерді көрсет:

А. Алма; В. Ат-тон С. Ас-су D. Ас үй E.ата-баба

7. Кейінді ықпалды тап:

А.кек алған В. Әл кету С. Сәукеле D. Фабрика E.ештеңе

8. Ілгерінді ықпал:

А.кісілер В. Тұс-тұстан С. Теңізші D. Талдықорған E. бөлінген

9. Ғылыми стильді тап:

А.Оның сөзі де қосымша болды В. Түбір сөзге қосымша жалға С. Сәбит бұған қосымша жұмыс берді

D. Қосымша төлем қосты

10. Қай сөйлемде сызықша дұрыс қойылған?

А. Нем кетті - барып қайтам. В. Берсе - алам ғой С. Құр барып қайтпа-алып қайт.

D. Әркім -әуелінде өз ауылының баласы.

E. Қойшы енді - бөлежан.

Жауабы?

1. Д. 2. В. 3. E. 4. E. 5..E.

6. С. 7. А. 8. D. 9. В. 10. D.

Бағалау өлшемдері:

1- 4 дұрыс жауап: «2»

5-8 дұрыс жауап: «3»

  1. дұрыс жауап «4»

  2. дұрыс жауап «5»

Жаңа сабақ: Босаң норма

Урок конспект на тему: Босаң норма

  • Әдеби тіл нормаларының бірі - босаң норма.

  • Кейде тілде сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда аса қатаң талап қойылмайды.

  • Мысалы: айқай-айғай, еркінде-ырқында, түгендеу-түгелдеу (осылардың қай нұсқасын қолданған дұрыс) Ондай нұсқалдардың қай түрін таңдау сөйлеушінің өз еркінде. Мына нұсқасын қолдан деген қатаң талап жоқ. Әдеби тілдің мұндай түрі босаң норма деп аталады. Тілдің жанды дүниедей түлеп, өзгеріп отыруының белгісі

Тапсырмалар керуені:

1-тапсырма: Семантикалық кесте:

Мысалдар

Босаң норма

Қатаң норма

Айырмақ

+

Айырмашылық

+

Ала бөтен

+

Ала-пөле

+

Татымайды

+

Басқадай

+

Басқалай, өзгеше

+

Ірі, дөкей

+

Дөйпес

+

Арзымайды

+

2-тапсырма:

Сөйлемдегі босаң нормаға жататын сөздердің орнына қатаң нормадағы сөздерді ауыстырып қойып, көшіріп жазыңдар:

1. Шөлдесе, ашымақ жұта ғой.

2. Оның бұдан айырмағы жоқ.

3 Мектепте екі үйірме жұмыс жасайды.

4. Ол әп дегеннен мені ұрса бастады.

5. Сен өзің жер сағына білмейсің екенсің ғой.

6. Мен ертең ауылға жүрем шығар.

Қатаң нормадағы сөздер: айырмашылығы, ащы қымыз, жұмыс істейді, ә дегеннен маған, білмейді екенсің ғой, жүретін шығармын.

3-тапсырма:

Қай «жақын» сөйлемнің қай мүшесі болып тұр:

Туысы жақын жақын емес,

Қонысы жақын - жақын.

Оқулықпен жұмыс:

89-тапсырма:

Сөйлемдердің ішінен босағ нормадағы сөздерді теріп жазыңдар:

Бекіту: ЦОР бойынша электронды тестілеу жұмысы бой»ынша орындалады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

118-121 беттегі тақырыпты оқып, мысалдарды жазу.

90-тапсырманы нұсқаулықтар бойынша орындау.


© 2010-2022