Урок на тему Мен жолаушымын!

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен жолаушымын!


Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілерінен слайдтар.

Барысы:

Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама.

Ережені әрқашан

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға

Жүрексініп саспа да,

Жаңылысса көмектес,

Қарттар менен жас бала.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға 3 топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды.


  1. Қазылар алқасының төрайымы, мектеп директоры А.А.Калигожин

2) Қазылар мүшесі ӘТБ пәнінің мұғалімі С.А.Сахмолдина

3) Ағылшын тілі мұғалімі Рысбекқызы Гүлназ

Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы

1-бөлім - Таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

6 «а» сыныбы - «Жүргізуші»

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

7 «а» сыныбы - «Қиылыстар»

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен.

8 «а» сыныбы - «Жол белгілері»

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

2-бөлім - Саналы жүргіншілер.

Жолда жүру ережелеріне байланысты викториналық сұрақтар. Әр топ бағдаршамнан ұнаған көзін алып сұраққа жауап береді.

  1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жауап: Жаяу жүргіншілер жиекжолмен ғана жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиекжолдың тек оң жағымен жүреді, бұл-қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдар сол жағынан еркін өтіп кетуге болады.


  1. Жол бойларында велописедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

Жауап: Велосипед, қол шана және қол арбамен жолдың шетін жағалай жүру керек. Ал жиекжол болмаса, жолдың сол жағымен жүреді.


  1. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті деп саналады?

Жауап: Тоқтап тұрған кқлік өзінің алды мен артында келе жатқан басқа көліктерді, адамдарды көрсетпейді. Сондықтан тоқтап тұрған көліктің артынан тосынан шыға келу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.


  1. Жиекжол жоқ жерлерде қалай жүру керек?

Жауап: Жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-ұарсы бағытта жүруге болады.


  1. Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

Жауап: оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.


  1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

Жауап: Көше бойларына велосипедпедпен жасы 14-ке толған балаларға ғана шығуға рұқсат етіледі.


  1. «Жолаушылар» дегеніміз кімдер?

Жауап: кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар - жолаушылар деп аталады.


  1. Аялдамаға тоқтаған автобустыңқай жағынан өтуге болады?

Жауап: аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды, сол айналады жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.


  1. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: Бағдаршам -автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен роль атқарады.

3-бөлім - «Мозайка».

Берілген қиындылардан жол белгісін құрау.

Урок на тему Мен жолаушымын!кесіп өту айналма қозғалыс (пересечение с круговым движением)

Урок на тему Мен жолаушымын!қозғалыс оңға немесе солға (движение направо или налево)

Урок на тему Мен жолаушымын!бұрылысқа арналған орын (место для разворота)

4-бөлім - «Жолаушы»

Берілген сурет бойынша басқа топқа сол суретті жасыру керексіндер. Жоспар құру керек.

Урок на тему Мен жолаушымын!Урок на тему Мен жолаушымын!Урок на тему Мен жолаушымын!

5-бөлім - «Саналы жүргіншілер»

Бұл бөлімде берілген суреттегі жол жүру ережесін бұзған адамдарды белгілеу.

Урок на тему Мен жолаушымын!Урок на тему Мен жолаушымын!Урок на тему Мен жолаушымын!

Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділқазылар алқасының шешімін тындайық.Сайысқа қатысқан топтарға рахмет!

Сау болыңыздар!








Көрермендерге сұрақ:

Жұмбақтар

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны мысығым. (Жол)

2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

3.Екі ағасы қашады,

Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)

4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)

1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?

(варенье)

2.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы нендей сыйлық сыйлады? (Велосипед)

3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)

4.Ертөстікті жер асты хандығынан жер бетіне шығарған не? (Қарақұс)

5.Жалмауыз кемпір көлігі?(келі, сыпырғыш)

6.Мысық Леопольдтің сүйікті көлігі? (велосипед)

7.Өтірік өлеңде Тазша бала көшкен көлік? (инелік)

8.Тазша бала қоянды нендей көлікпен қуып жетіп алады? (ақсақ қоңыз)


© 2010-2022