Эссе на тему Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жезді аралас мектеп-интернаты» КММ

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Мейрамова Динара Әділбекқызы

Эссе.

Тақырыбы: Білім беру мазмұнындағы жаңартулар туралы түйгенім...


«Қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы»- деп Мигуэль Сервантес айқандай мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты мәселе - білім беру мазмұнындағы жаңартулар еңгізу және білім берудің сапалық деңгейін көтеру болып отыр. Бұл тақырып білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды көрсетеді.Егер де осы жаңашылдыққа бет бұрсақ, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз деп сенімді айта аламын.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсеткен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт. Себебі, бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы - ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға.

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жоғары мектептерде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері дамуын, қамтамасыз ететін сала-білім саласы болып отыр. Сол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан - жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Жоғары технологиялар заманында адамға жан - жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.

Қорыта келгенде жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу - қасиетті парызым деп білемін. Осындай істі абырой мен атқаруға үлесімді қосу мақсатында мамандығым ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. Қазақ тілі қашанда құдіретті, қасиетті тіл. Елдің тәуелсіздігі тілдің тәуелсіздігімен тікелей байланысты және тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, жаңа технологияларға сай әдістерді қолданып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып,тілімізді өзіне лайықты шыңына жеткізуге үлесімді қоссам деймін. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызым деп білемін.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Сол жан-жақты білімді, ұлтшыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу мұғалімдердің яғни біздің қолымызда. Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға міндеттімін және атсалысуға дайынмын деп айта аламын.

© 2010-2022