Ұялы телефон қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: қазақ тілі Сынып: 5 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефон. Тіл дамыту.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: лексикалық және грамматикалық тақырыптарды қайталау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра

отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық

ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу

- Кезекшінің мәліметі

- Сергіту сәті. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
мақсатында сергіту сәтін өткізу.
- Топқа бөлу (Оқушыларды екі топқа бөлу). Топта топ басшысы тағайындалады.

ІІІ. Жаңа сабақ
ІІ.Негізгі бөлім.
1- тапсырма.Ұялы телефон дегеніміз не? Ережесін шығару. Әр топ басшысы шығып қорғайды.
2-тапсырма. Телефонның пайдасы мен зияны қандай? деп 1 топ пайдасы бар екендігін, 2 топ зиянды екендігін қағаз бетіне жазып қорғаулары керек.

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс жасау.

Ұялы телефонның шығу тарихы

1875 жылы 12 маусымда Бостон университетінің шешендік өнер мектебінің

профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы телефон деген атпен тарихта қалады.Бір қызығы өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда "қоңырау" деген мағананы білдіреді.Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы1973 жылдың 3 сәуірінен басталды.Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды,төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелілік ұялы желі құрылды.Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштыққа күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті.Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрасытыру.

  2. Мәтінге жоспар құрастыру.

  3. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазу.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Ұялы телефон туралы 5 сөйлем құрастырып келу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

Әр топ 6 сұрақтан құрастырып, бір-бірін тексереді.
Сабақты қорыту. «Он сұрақ»әдісі арқылы сабақ қорытылады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, жасырын сөзді табу керек. Ол үшін әр топқа барып, сұрақтарына жауап беру арқылы жасырын сөзді шешеді.
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек. Әр топ өзара бірін-бірі бағалайды.

© 2010-2022