Урок по казахскому языку на тему Сөз мерген

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сөз мерген

Мақсаты: Қазақ тілінің мақал-мәтелдерін, шеше отырып тіл байлықтарын дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс Қатысушылар: 5-10 сынып оқушылары Көрнекіліктері: Компьютерде дайындалған слайдтағы сұрақтар. - Сәлеметсіздерме, құрметті халайық! «Сөз мерген» атты интеллектуалдық сайысқа хош келдіңіздер!

Ана тілім-әрекетім азығы, Бар ғаламды тануымның қазығы. Ой-санамның өсуімнің куәсі, Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем? Тілім барда ғана мынау ғаламның Кілтін табар саналысы сезінем. О,адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер

-Ал енді келесі кезекті ойын шартына берейік. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Ойынымызға 5,6,8,9,10 сыныптар арасынан озып шығып отырған 5 оқушы келіп қатысқалы отыр. Сайысқа келген адам өзінің ұстанымымен таныстырып өтеді. Қай оқушы жауаптың шешімін тез табады алдында тұрған белгіні тез көтеруі қажет. Әр сайыстың кезеңінен кейін бір оқушы сөз қоржынына өзінің әкелген көнерген сөзін салып отырады.

Алдымен ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1.Әділқазы төрайымы: қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Г.К Сабырбаева 2. Мүшелері: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т Рагизбаева 3. География пәнінің мұғалімі К.Т Канапиянова

I-кезең. «Зымыран сұрақтар» деп аталады. Мұнда қазақ тілі әдебиет пәндеріне байланысты түрлі сұрақтар кездеседі. Сұрақ саны-20. Ойыншы жасырған сұрақты тез ойлап тауып, алдында тұрған белгіні тез көтеруі қажет. 1-сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Ендеше ойыншылар құлақтарына алтын сырға.

II-кезең. «Тапқыр болсаң,тауып көр » деп аталады. Берілген мақалдардың жалғасын табу. Бұл кезеңде 6 сұрақ болады, 1 сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Жасырған мақалды ойлап тауып, алдында тұрған белгіні тез көтеруі қажет. Ендеше сәттілік!

Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар тандамасы, Іші алтын,сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап. III-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» бөліміне де жеттік. Қойылған сұраққа мақалмен жауап береді. Яғни бұл кезеңде 17 сұрақ болады, 1 сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Егер мақалдап сөз қосса алдында тұрған белгіні тез көтеруі қажет. Ендеше ойыншылар іске сәт!

Қазақтың түрлі- түрлі сөздері бар, Сөздің сырын ашқанға жұрт қызығар. Сөйлемді табар мекен өрендер, Сондықтан да қойылатын сұрақ бар-деп соңғы бөліміміз IV кезең. «Кім жүйрік?» деп аталады. Берілген сөз тіркесінің мағынасын мейілінше бір сөзбен айту. Сұрақ саны-20. Ойыншы жасырын тұрған мағынаны тез ойлап тауып, алдында тұрған белгіні тез көтеруі қажет. 1-сұраққа 5 ұпайдан беріледі. Ендеше төртінші кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер. Экранға назар аударайық.



© 2010-2022