Жаңа мектептің ашылуы сценариі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу жиынының сценарийі


Мектеп, білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).

Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.

Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған 100-ші мектеп - білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп, назар аударуының нәтижесі.

Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!

«Қазақстан - 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.

Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!

ҚР Туы әкелінеді.

ӘНҰРАН ойналады.

Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.

Жүргізуші-2: Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.

Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.

1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?

2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.

3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.

4-жұлдыз: Әрбір бала - бір жұлдыз. Олардың біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып тұрмын.

5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын. Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы өз сыйымызды да ала келдік.

6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды табыстауға рұқсат етіңіздер!

Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.

7 -жұлдыз (Дәурен ағай): Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі - жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.

Жүргізуші-1: Ардақты ағайын, бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Әкім құттықтау сөз сөйлейді.

Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы, жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.

Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән айтылады.

Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды...................

Қоңырау соғылады.

Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады.

Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!

ФЛЕШМОБ.

Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді. Соңында 100 деген сан жазылып қалады.

Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.

Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін №198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ............................................................. береміз.

Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

ҚР Туы әкетіледі.

Музыкалық нөмір.............................................................

Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз мәресіне жетті.

Жүргізуші-2: Баршаңызды, 2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы табысты да жетістікке толы болсын, достар!

Жүргізуші-2: Қош, сау болыңыздар!


© 2010-2022