Ұстаз ұлы тұлға жас мамандар арасында

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі













«Ұстаз ұлы тұлға»



























Дайындаған: Х.Г.Хамитова



2015-2016 оқу жылы

1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді бүгінгі аталып өтетін Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:"Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз"Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілей отырып «Ұстаз ұлы тұлға» атты мерекелік жиынды ашық деп жариялаймын.

1 бөлімде Баяндама

Тақырыбы: «Ұстаз- мектептің жүрегі,қоғамның тірегі» оқитын Бултекова Эльмира Муратовна

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Нұр құйды ма сәби - гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,

Тәрбиені үйреттің басқышы көп...

Өнегелі еліне еңбек еттің,

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп

1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Бисенгалиева Ұлмекен Қабиқызына береміз.

Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!

Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Дүйсенғалиқызы Талшынға беріледі.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің ұлағатты ұстазы Шынгысова Карлыгаш апайға беріледі

Келесі құттықтау сөз кезегін профкомның атынан Тұрғанбаева Қалампыр Римқызына береміз

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Келесі құттықтау сөз жас мамандар жетекшісі Бисенгалиева Жайнагүл Қабиқызына беріледі.

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

Осымен Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.

2-бөлімде. Жас мамандар дайындаған әдеби музыкалық сәлемдемені қабыл алыңыздар

Хор «Ұстазым»
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға Жаекенова Сымбатты «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.

4 «А» сынып оқушысы Исатайұлы Нұртай «Бәйге» әнімен

1-жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Цыган» биімен биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Шығармашылық өлең «Ұстазға арнау» оқитын Үсен Маржан

Ән шашу: Мерекем орындайтын Жаекенова Сымбат

4 «А» сынып оқушылары Мырзахан Гаухар,Төлеуғалиева Назерке

«Ұстазым» әнімен

1- жүргізуші: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!



© 2010-2022