Баяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызы.


Кайранбаева А.Б.

Астана қаласы. №71 мектеп - лицейі


2007 жылғы ақпандағы Президентіміздің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында көтерілген бәсекеге қабілеттілік идеясы ел дамуының ұлттық ауқымдағы ішкі факторларымен қатар әлемдік жағдайда да ең басты идеяға айналды. Мұнда бастапқы және орта білім беру жиынтығын, кадрларды даярлауды дүниежүзілік стандартқа жақындату мақсатында Қазақстанды жан - жақты модернизацияландыру үшін негізгі бағыттар анықтап көрсетілді.

Білім беру қызметінің негізгі мақсатының бірі - жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және бас буын өкілдерін кәсіпке баулу. Бұл азаматтардың білім шамасының нығаюына әкеледі. Біздің қоғамымыз бүгін үдеулі қарқынмен дамып келеді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға аса үлкен, маңызды мақсаттар қойып отыр.Басқа елдердегі секілді Қазақстанда да білімнің бәсекеге қабілеттігі бірінші орынға қойылды.

Бүгін Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүрді. Білім парадигмасының өзгеруі «білетін адам» парадигмасы «өмір сүруге дайын адам», «әрекетшіл адам» парадигмасымен ауыстыруды қажет етеді. Бұл көп өзгерістерді, соның ішінде әдіснамада, әдістемеде, т.б. қажет етті. « Білімді адам» деген ұғым мағынасының кеңеюінің қажеттігі туындады. Сонымен білімді адам дегеніміз - тек білімді ғана емес, оның осы білім негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде жеке тұлға ретінде өз орнын табуға қабілетті адам. Ал білім беру ісі осы жеке тұлғаның жан - жақты дамуына мүмкіндіктің барлығын қамтамасыз етуі қажет.

Жаңашыл педагогтер оқушының жаңа тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрлерін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

  • оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым -қатынасы ретінде қабылдау;

  • зорлықсыз оқыту;

  • күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

  • ірі блоктар идеясы;

  • тіректерді қолдану (С.Лысенкованың үлгілері, Е.Ильиннің тірек бөлшектері, В. Шаталовтың тірек белгілері т.б.)

  • өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау)

  • ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  • сыныптың интеллектуалдық фоны (оқушылардың алдына өмірлік маңызды мақсаттарды қою және олардың бағдарлама шеңберінен тыс білім алуы);

  • ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет (коммунарлық әдістеме);

  • оқушылардың өзін - өзі шығармашылық басқаруы;

  • тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

  • ата - аналармен ынтымақтастық құру;

Соңғы кезде барлық педагогикалық ұжымдар оқушының тұлғалық дамуына бағытталған педагогикалық оқыту технологияларын тиімді пайдалануға ұмтылуда. Біртұтас педагогикалық үрдістегі жүйе өзгеретін болғандықтан, оның бөліктері де өзгереді. Бұл кездегі жаңа мақсат өз бетімен білім алуға негізделеді. Ол өз ретінде білім мазмұнының өзгеруіне, ал мазмұнның өзгеруі оны игертудегі әдістердің өзгеруіне, оқу үрдісіндегі жұмыс формалары мен оқу құралдарының өзгеруі жалпы әдістемелік жүйенің өзгеруіне алып келеді. Нақтырақ айтқанда, оқушының танып білу іс - әрекеті өзгереді.

Біздің еліміздегі білім беру ісіндегі өзгерістер оның мазмұнын, әдіс - тәсілдері мен мектептегі біртұтас педагогикалық үрдісті де өзгертуге бағытталған. Бұл бағыттағы орталық тұлға - адам, ондағы барлық іс - әрекеттер адамға, жеке оқушыға бағытталады. Оқыту үрдісін технологияландыру мектептегі оқу үрдісіне көптеген өзгертулер енгізеді. Оқушыны шығармашылыққа, жан - жақты білімді тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталады.

Оқушыларда оқу - танымдық іс - әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру - оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақылыққа, өзін - өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық - шығармашылық жұмыста дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше оқып - үйрену үшін қажетті мінез - құлықтың, ерік - жігер мен ақыл - ой қабілетінің даму дәрежесі, әсіресе, жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан мұғалім оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттанатындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.

Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс - әрекетке оң көзқарас қалыптастыру қажет.

Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауымен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс - әрекетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс - әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз. Танымдық белсенділік деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық -амалдық және процессуалды- жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.

1.Мотивациялық - тұлғалық (өзін - өзі тану, өзіне - өзі сену, дамыту, өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).

2. Мазмұндық - амалдық (тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы)

3. Процессуалды - жігерлік (танымдық іс - әрекет үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс).

Мотивациялық - тұлғалық бөлік оқушылардың оқу үрдісіне ынталылығын қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығудан, ізденімпаздықтан құралады.

Мазмұндық - амалдық бөлік негізгі білім жүйесі мен жаңа білімді өз бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу - танымдық іс - әрекеттер тәсілдерінен құралады.

Процессуалды - жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік - жігердің болуы және оны өзінің дербес іс - әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.

Осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде диалектикалық тұрғыдан бір - бірімен тығыз байланыста болады.

Танымдық белсенділік

Баяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызыБаяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызыБаяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызы

Мотивациялық- Мазмұндық - Процессуалды -

тұлғалық амалдық жігерлік

Баяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызыБаяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызыБаяндама Ақпараттық - коммуникативтік технологияның маңызы

Өзін -өзі тану Тіректік білім Кездесетін

Өзіне -өзі сену Дидактикалық дағды қиындықты жеңу

Қабілетін дамыту Білімін жетілдіру Өз бетімен жұмыс

Қызығуын қанағаттандыру істеуі

Танымдық белсен-

ділікке ұмтылыс

Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады:мотивациялық - тұлғалық қызығуды тудырады, оқу - танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық - амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу - танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.

Егер: а) оқу - танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса; ә) оқушылар негізгі интеллектуалды іс - әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыра алатын болса; б) оқушының өзінің танымдық іс - әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп саналады.

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Жалпы педагогика, жеке әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт: оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.

Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болады, келесі бір жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызы рөл атқарады, ал үшінші бір жағдайда оқытудың психологиялық ұстанымдарын ескеру басты рөл атқарады.

Мен оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу - зерттеу жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадым. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептеймін:

  • оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуы;

  • компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді араласуы ;

  • компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының анықталуы.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай.

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

  3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқыту материалының сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай - ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Компьютер көрнекі - бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым -қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп көрсетеді Нокс Дж.

Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай - ақ компьютер оқыту бағдарламаларын құру мен қолдануды білдіреді. Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық - үйретушілік логика жүзеге асырылады, мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылады және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді.

Оқушылардың оқу үлгерімінің жүйелі түрде өсіп отыратынын мынадай факторлар анықтап берді.

  1. Оқу және оқудан тыс өзіндік танымдық белсенділікті арттыруда компьютердің жиі қолданылуы.

  2. Барлық сабақта компьютерді кеңінен қолдану арқылы мәселелік жағдайларды туғызу.

  3. Компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылау және өзін - өзі бақылау.

  4. Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс - әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

  5. Компьютерді қолдану арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру үрдісі кезінде қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесі білім базасын жасауда арнайы әдіс - тәсілдерді пайдалану, оқушылардың білім мен дағдыны игеруіне арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен оқушылардың оқу үлгерімін бақылау және өзін - өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

  6. Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі мотивті қалыптастыру, білімді саналы түрде игеру дәрежесі, негізгі ойды бөліп алу және оқу - танымдық белсенділікті қорытындылау сияқты жан - жақты қызметі бар материалдың негізінде құрылады.

Оқушыларды оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды атауға болады:

  • дербес компьютерлер;

  • оқу мақсатына бағытталған жергілікті желілердің жабдықтары;

  • байланыс желілері арқылы мәліметтер қабылдау және жөнелту құралдары;

  • жалпы және жүйелік бағдарламалық құралдар;

  • аспаптық бағдарламалық құралдар;

  • бағдарламалық - әдістемелік кешендер;

  • оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер;

Оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияларды қолданудың психологиялық - педагогикалық аспектілері алуан түрлі, солардың ішінде дәстүрлі оқытуды нығайтатын келесі түрлеріне көп көңіл бөлу қажет.

  1. Ынталық аспект. Компьютермен жұмыс істеу арқылы оқушының кез келген оқу тапсырмасының шешімін табу үшін оқытудың ықпалды жүйелерінің көмегімен қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады.

  2. Оқу үрдісінің белсенділігін арттыру және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдануда интерактивті сұхбаттасуды іске асыру, оқу әрекетінің режимін өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру арқылы оқыту үрдісін жеке тұлғаға бағыттауға және саралауға мүмкіндік береді.

  3. Оқыту ақпаратын баяндау мүмкіндігін кеңейту. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері әрекеттің нақты көрінісін ғана емес, нақты жағдайда байқалмайтын үрдістерін де көрсету мүмкіндігін береді.

  4. Оқу әрекетінің әдістері мен формаларын өзгерту. Оқу пәндерін оқытуды жеңілдетуге, оқу әрекеті мен ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға белгіленген объектілі - бағдарланған бағдарламалық жүйелер өз бетінше оқу үрдісін ұйымдастыруды, оқу және демонстрациялау қондырғысы ретіндегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың қызметін пайдалануды іске асырады.

«Уақытты жинақтауға, көбейтуге болмайды. Оны кері бұруға болмайды. Алайда, дамудың айқын мақсаттары анықталса, уақытты іскерлікпен жұмсауға болады» деп Елбасымыз айтқандай, білім беру саласында нақты істер істейтін барлық жағдай туды, қарқынды қарыштайтын кез келді.


© 2010-2022