Отбасындағы кикілжіңнің бала психологиясына әсері

  Бала өсе келе әр нәрсені көргісі, білгісі келеді. Қазақтың тәрбиесінде «жоқ,  болмайды» деген сөздер  жиі  қолданылады, ол дұрыс емес. Мүмкіндік болса балаға жағдай жасау керек.    Баланың бабын тапсаңыз, жылы сөзді аямасаңыз, онда бекерден-бекер ашуланбайды. Балаға керек  ата-аналық махаббат болмаса, бала ата-ананың жан жылуын сезіне алмаса, ашуланшақ болады. Әке-шешесінің сауаттылығы мол болса, баласының жан-дүниесін айтқызбай ұқса, абайлап сөйлесе, ашуланшақ балалар болмас па еді?! Керісін...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала өсе келе әр нәрсені көргісі, білгісі келеді. Қазақтың тәрбиесінде «жоқ, болмайды» деген сөздер жиі қолданылады, ол дұрыс емес. Мүмкіндік болса балаға жағдай жасау керек.

Баланың бабын тапсаңыз, жылы сөзді аямасаңыз, онда бекерден-бекер ашуланбайды. Балаға керек ата-аналық махаббат болмаса, бала ата-ананың жан жылуын сезіне алмаса, ашуланшақ болады. Әке-шешесінің сауаттылығы мол болса, баласының жан-дүниесін айтқызбай ұқса, абайлап сөйлесе, ашуланшақ балалар болмас па еді?! Керісінше, отбасында баланы психологиялық қарама-қайшы тәрбиелейтін ата-аналар бар.

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жанұялық жайттар балаға теріс әсерін тигізеді. Ата-ана өз баласын күнде көрген соң мінез-құлқын байқамайды. Отбасылық реніштер, ұрыс-керіс, айқай-шу, ажырасу, ішімдік салдарынан туындайды. Көп ата-ана «бала емес пе, түсінбейді немесе білмейді» деп мән бере қоймайды. Біреуге тәуелді болып, жан-жағына жалтақтап, қорқақтап өскен баладан еркін ойлы, әр ортада өзін емін-еркін ұстайтын азаматты тәрбиелеу қиын болады. Бала кішкентай болсын, баламен әрқашан үлкен адамдарша сөйлесіп, жекімей, бәрін рет-ретімен түсіндіру қажет. Ата-ана баланың араласып жүрген ортасынан да хабардар болуы қажет. Олардың отбасынан да мағлұмат болуы ата-анаға жақсы. Өйткені, кей баланы орта тәрбиелейді. Достары жақсы болса алаңдамайсыз.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөздің мәнін ешбір уақытта әрбір ата-ана естен шығармауы керек. Балалар өз отбасында қандай тәрбие көрсе, әке-шешенің қандай қылықтарын көріп өссе, олармен қалай қарым-қатынаста болса, сыртта да, балабақшада да, көпшілік орындарда дәл сондай қалыппен кетеді. Әрбір бала отбасында тәрбиеленуі керек.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды»,- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.

Балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса,жан азығы - жылулық, тыныштық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Ұрыс-кесірі таусылмайтын шаңырақта бала өкпешіл болып өседі. Өзге балалармен өзін салыстырып, үнемі өзін төмен сезінеді.

Осындай отбасы жағдайында әлеуметтік педагогтың рөлі орасан зор. Мысалы, әрбір оқушының үй жағдайын тексеру актісін толтырғанда, әлеуметтік педагог тек қана материалдық жағдайын ғана емес, сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, отбасылық атмосфераны сезіне білуі қажет. Кикілжіңнің басты белгісі - жұмыссыздық пен ішімдікке салынушылық бүгінгі таңда бірден-бір себеп болып тұр. Соның салдарынан отбасының шаңырағы шайқалып, соңы ажырасумен аяқталады. Осының бәрі балаға кері әсерін тигізеді. Кикілжіңнің алдын-алу мақсатында алдымен түрлі тәсілмен себебін анықтаймыз. Содан соң мектеп психологы және ТЖО, сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, жұмыс жоспарын құрамыз. Мен ұсынатын жұмыс жоспарлары:

  • Ата-анамен дөңгелек үстел ұйымдастырып, баланың жағдайын ұғындыру;

  • Отбасылық жетіспеушіліктерді анықтау.

  • Экономикалық тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік қолдау жасау;

  • Ішімдікке салынған отбасының алқалы жиындарда мәселесін қарау.

  • Оқушымен жеке әңгіме өткізу, түрлі шараларға қатыстыру, сабағын қадағалау.

Әрине, әр үйдің сыры басқа. Десек те, заманымыз бен шаңырағымыз тыныш болсын! Әр отбасының түтіні түзу ұшса екен деп тілек білдіремін! Рахмет!

© 2010-2022