Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы»

тақырыбы бойынша


КУРС ЖҰМЫСЫ



















МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

I. БАСТЫ ТҰЛҒА - ӘРҚАШАНДА МҰҒАЛІМ.....................................................5

1.1. Мұғалім - мектептің жүрегі...............................................................................11

1.2. Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары........................................................15

1.3. Педагогтің тұлғалық сапалары..........................................................................16

II. МҰҒАЛІМ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ....................................................21

2.1. Мұғалімдердің оқушылар алдындағы беделі..................................................24

2.2. Мұғалімдердің кәсіби мәдениеті..................................................................25

2.3. Мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты.......................................29

III.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ...............................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................40

Тіркеме.......................................................................................................................





Кіріспе


Бүгінгі Қазақстан - жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту және азаматтарды тәрбиелеу ісін жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Қазіргі заманда оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың тәрбиесіне мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы зор.

Қоғам өзгерісіне байланысты қазіргі кезеңде мектептерде әрбір оқушыны жеке адам ретінде, өзіне тән ой - өрісі, еркі, дербес әрекет жасауға қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға ретінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Демек, ауыл мектептеріндегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, үлгілі, тәрбиелі болуына жолашуы қажет.

Еліміздегі білім беру жайы күн сайын айтылып келеді. Ал тәрбиеге көңіл бөлінбейтін секілді. Тәрбие дұрыс қолға алынбаған жерде білімнің терең тамыр жаюы екіталай. Сыртқы факторлардың бірі- жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталған идея- мұраттарымыздың жүйесі. Қазіргі педагогика ғылымында педагог тұлғасының оқушы тәрбиесіне бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Жалпы, балаларды мектеп жасынан бастап тәрбиелеп, оқумен қатар дәрежеде қатаң іске асыру қажет.

Жас ұрпақты мұғалімнің жеке тұлғасының ерекшеліктері, жеке сапалары арқылы оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал тигізетінін анықтау, нақтылау, бір сөзбен айтқанда, оқушыларды тәрбиелеу - міне, бүгінгі таңның басты мәселесі осы.

Біз осы мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, осы тақырыпқа тереңірек үңілуді жөн көріп, зерттеу жұмысының тақырыбын: "Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы" деп алдық.

Курс жұмысының өзектілігі: Қазіргі заманда оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың тәрбиесіне мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы зор.

Зерттеудің мақсаты: Мұғалімнің жеке тұлғасын сипаттау. Оқушылардың тәрбиесіне ықпалын тұжырымдау.

Зерттеу нысаны: Мұғалімдердің жеке тұлғасы, мектептегі сынып оқушыларының оқу, тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Мұғалімнің жеке сапаларын анықтау.

  2. Мұғалім тұлғасын зерттеу бағыттарын анықтау.

  3. Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал ететінін зерттеу.

  4. Мұғалім тұлғасын жан - жақты сипаттау.

  5. Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақтар өткізу кезінде, тәрбиелік шара өткізу сәттерін сынақтан өткізу.

Зерттеу болжамы: (егер мектептерде оқу-тәрбие үрдісі кезінде)

  • Мұғалімнің жеке тұлғасы анықталса;

  • Мұғалім тұлғасын зерттеу бағыттарының моделі құрылса;

  • Оқушылардың тәрбиесіне ықпалы зерттелсе;

  • Мақсатты оқу - тәрбиені жетілдіргенде, үлгілі ұстаз ғана қабілетті, білікті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Ендеше баланы тек организм ретінде ғана емес жеке тұлға ретінде де тәрбиелеуге болады.



I. Басты тұлға - әрқашанда мұғалім.

1.1. Мұғалім - мектептің жүрегі.

Мұғалім деген жалпы ұғым. Ал ұстаздың жөні бөлек. Бұл мамандыққа бет бұрған адам соған барлық өмірін арнайды. Сонда ғана еңбегі жанады. Әрине, кейде жоғарыдан бағаланбаса да шәкірттерінің есінде қалады. Тіпті осыдан да артықтың керегі жоқ шығар.

Шын мәнінде, педагог - бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық - тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық мәдени - тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады.

Педагогикалық іс - әрекеттің даралық субъектісі ретінде бола отырып, педагог, сонымен бірге, қоғамдық субъект - қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтің субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар, жалпы мәдениеттік және пәндік - кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әрқашан, даралық - психологиялық, мінез -құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады.

Ғасырдың басында - ақ П.Ф. Каптерев: "оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен. Сонда ол педагогтің, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол "арнайы мұғалімдік қасиеттерді" көрсеткен, оған "мұғалімнің ғылыми дайындығын" және "жеке мұғалімдік талантты" жатқызады.

"Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін - пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиетерін білуде жатыр; субъективті сипаттың екінші қасиеті - оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр". Екіншісі, педагогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф.Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді "өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады", біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама - қарсы жағы болып табылады" деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.

"Ақыл - ойлық" қасиеттерге жатқызылған "арнайы" мұғалімдік қасиеттермен қатар, П.Ф.Каптерев мұғалімнің қажетті тұлғалық "адамгершілік - еріктік қаситеттерін" де көрсетіп, оларға бейтараптылықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз оқушыларға), адал ниеттілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, әділеттілікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде "балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс - әркетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін". Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.

Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс - әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А.Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін - өзі жетілдіру, өзін - өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К.Д.Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқытуды тоқтатса, оның бойынан мұғалімдік өледі. Осы маңызды ойды П.Ф.Каптерев, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.

Н.В.Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы - педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік - психологиялық, дифференциалды - психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық - педагогикалық) және кәсіби - педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика, әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллекті "ойлау процестерінің өзгешелігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинақтауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік ретінде" түсінуге негізделеді.

А.К.Маркова бойынша, "педагогикалық іс - әрекет, педагогикалық қарым - қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі".

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипатттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара - қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс - әрекетпен, педагогикалық қарым - қатынас және мұғалім тұлғасымен.

Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкіндік береді.

Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

МКурс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалыКурс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалыКурс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалыКурс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалыұғалім тұлғасы

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

мұғалім педагогикалық іс -әрекет субъектісі ретінде

А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс - әркеттік компаненті - іскерліктерді түсіндіруге келісі, авторға іскерліктердің ол бір тобын бөліп қана қоймай, сондай - ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін "жарып өткіш" қылуға мүмкіндік береді.

Л.М.Митина өңдеп, дамытып отырған, "іс - әрекет- қарым - қатынас- тұлға" схемасының контекстіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды (Н.В.Кузьмина).

Жорамалдаушы - гностикалық қабілеттер (Педагогикалық мақсатты ұйғару, педагогикалық ойлау); Рефлексивті - перцептивті қабілеттер (Педагогикалық рефлексия, педагогикалық әдеп, педагогикалық бағыттылық).

Л.М.Митина зерттеулерінде, мұғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттері бөлінген (кәсіби маңызды сапалар да, сондай - ақ өзіндік тұлғалық сипаттамалар да). Осы қасиеттердің тізімін келтірейік: сыпайылық, ойлампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен өз - өзіне ие болу, мінез - құлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логикалық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, табандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды - артын ойлағыштық, принципшілдік, өз бетіншілік, өзіне сын көзбен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, өзін - өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологиялық портретін құрайды. Осы портреттің өзегі, желісі өзіндік тұлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап ету деңгейі, өзін - өзі бағалау, "Мен" бейнесі.

Мұғалім тұлға, педагогикалық өзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субъект ретінде - тұтас күрделі жүйе. Бұл жүйе мұғалімнің кейбір жалпыланған психологиялық портреті ("пішін" емес) ретінде, мұғалімнің жалпыланған тұлғалық - кәсіби бейнесінің көрсетілуінің метафоралық формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұғалім үшін оның ең алдымен гуманистік бағдарланған тәрбиелеуші болу ерекшелігі маңызды. Оның күш жігерлері тұтастай бала тұлғасын оқу пәнінің құралдарымен дамытуға бағытталуы керек (мысалы, ана тілінің). Осыған орай, оқу пәнін, мысалы, тілді меңгеруді ұйымдастыру мұғалім үшін өзіндік мақсат емес. Бұл мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың дамыта оқыту теориясының контекстіндегі тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуының құралы (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Мұғалім тұлғасы, оның күйі мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушысын ойымен оқытуға кірісуі, балалардың оқыту кезеңіндегі ғана емес, сондай - ақ келесі жылдардағы да күйлерінен, мінез - құлықтарынан, тұлғалық көріністерінен бейнеленетіні өте маңызды.

Кез - келген оқу пәні мұғалімнің психологиялық портреті келесі құрылымдық компонеттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері - темперамент, нышандар, т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері - адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар: мәртебелік - позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұғымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс - әрекеттік (кәсіби - пәндік), сыртқы мінез - құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды.

Мұғалім - бұл баланы түсінетін, сыйлайтын, оның сенімін тудыратын жолдас. Мұғалімнің, оның даралық - тұлғалық ерекшеліктерімен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым - қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Балалардың жалғандыққа, өтірікке ерекше сезімтал екендігін есепке ала отырып, мұғалімнің үйірлік, оқу материалының меңгерілуін тексеру ретіндегі қарым - қатынастың нәтижесіне емес, тек өзіне деген нағыз қызығушылық сияқты сапаларының маңыздылығын атап өту керек. Қарым - қатынас процесін тиімді және балалар үшін қуанышты қылып ұйымдастыру үшін мұғалім оның пәнін білуі керек, яғни бала өмір сүретін мультфильмдер, ертегілер, кітаптар, күйтабақтар, оқиғалар дүниесіне ену және ең бастысы - осы дүниені өзі де қабылдауы керек.

Қалай десек те ұстаздың аты - ұстаз. Кейбіреулер бір баласына ие болып отырғанда, олар отыз - қырық баланы алақанда ұстап отыр. Өзге мамандық иелері телім - телім болып кетті.

Қалай дегенде де тәуелсіз елдің келешектегі тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты қиындыққа төзіп, білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерге әрдайым алғысымыз шексіз. Өйткені: "Мұғалім - мектептің жүрегі".

Мұғалімнің жеке тұлғасы қандай болса, мектебі де сондай болады. Жақсы ұстаз мектепке жан кіргізеді.


1.2. Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек.

Қазіргі қоғамда жастарға тәрбие берудің негізгі мақсатты үйлесімді жан - жақты дамыған мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі қоғамымызда білім мекемелері тәрбиеленушілеріміздің сана - сезімінің өсуімен қатар, олардың рухани жан дүниесін байытуды жүзеге асыруы тиіс. Мүғалім тұлғасының ролі өткен кезеңдерге қарағанда екі - үш есеге артып, жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу Қазақстан мұғалімінің алдына орасан зор міндеттер қоюда.

Жас ұрпақты тәрбиелеу үрдісінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлі де болса қоғам қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай тұр. Болашақ қоғам иелерін тәрбиелеуде өзбетімен еңбек және өмір сүруге деген даярлық үрдісінде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Себебі, жастарымыздың басым көпшілігі білім ұяларынан алған білік, дағды, іскерліктерін "өмір мектебінде" қолдануда "құзіретті" емес деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан жеке тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру мәселесіне объективті ғылыми талдау жүргізу қажет. Бұл үшін жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту механизмдерін, шарттарын, заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар "қалыптасушы субъектілерге" әсер етуші қоршаған жақын орта ерекшеліктерін, соның ішінде жеке тұлғаны қалыптастырушы педагог қауымына аса көңіл аударуды керек етеді.

Педагогика ғылымының ең алғашқы бастауларынан - ақ мұғалім әрекетіне нәтижелілік көрсеткіштері ғылыми негізделіп, теориялық -тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп келді. Бұл зерттеулері кеңестік дәуірдің көрнекті ғалымдары: Н.К.Крупская, М.И.Калинин, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ш.Амонашвили және т.б. еңбектерінен көруге болады. Педагогика ғылымында жеке тұлға қалыптастыру екі түрлі астар берілді:

а) тәрбиенің жалпы міндеттерінде айқындалған, мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттің құрылымы мен механиздері ретінде;

б) мұғалім тұлғасының оқушыға тікелей әсерін зерттеу (оқушы тұлғасын өзгертуге алдын - ала қойылған мақсатпен байланысты болмауы да мүмкін).

Алғашқы аспект психология - педагогика ғылымдарында (Ю.К.Бабанский, В.Ф.Баширов, А.В.Воробьев) жете зерттелініп келді. Ал екінші аспект бойынша, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігінде психикалық қасиеттер жиынтықтары мен мұғалім тұлғасы сапаларының оқушыға тиімді әсер етуінің шарттарын бөліп көрсету орын алады. Тұлғаны индивидтің "сапа жүйелігі" ретінде түсіну (А.Н.Леонтьев) тұлға мәселесін, соның ішінде мұғалім тұлғасын зерттеуде жаңаша бағыттардың тууына себепші болды. Қазіргі психологияда белгілі психолог Л.С.Выготскийдің баланың жақын даму аймағын жасаушы ересектер деген қағидасы нақты орын алуда. Бала дамуындағы ересектердің маңызы туралы мұндай тұжырым білім беру үрдісінде мұғалімдердің жеке басында бірқатар өзгерістердің болуын талап етеді. Себебі, баланың жеке басының қалыптасуында ең маңызды роль атқаратын, оның тұлғасының қалыптасуына белсенді қатысушы тұлға ересек, яғни мұғалім болғандықтан, бірінші орында оның өз басына жете көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан, мұғалімнің жеке басына талдау жүргізуде методологиялық және теориялық көзқарастарға дұрыс сипаттама жасалуы маңызды әрекет болып табылады.

Психология ғылымында мұғалім тұлғасын зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін шешуге бағытталған теориялық өңдеулерге негізделеді. Зерттеушілердің (В.Г.Ананьев, В.Н.Месяцева, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.И.Теплов, Д.Н.Узнадзе) бұл мәселелерді шешу бағыттары әртүрлі, олардың бірқатары тұлғаның қайталанбас ерекшеліктеріне адамның іс - әрекетіндегі түрткілердің жан - жақты көрінісін, жеке биохимиялық қасиеттерін, әлеуметтік ролдерін, жоғары нерв жүйесі әрекетінің типтерін, келбетін, қызығушылығын, арман - мұраттарын, қабілеттерін, күшті әсерлерін, ұлттық мінез - құлық ерекшеліктерін, дүниетанымын, адамгершілік кескінін, өзіндік санасын, шығармашылық өнімдерін, қиялын, дәстүрлерін, түрлі тарихи кезеңдердегі дүниені қабылдауын, әлеуметтік топтардағы орнын, жауап қайтару жылдамдығын, ерік - жігерін, жек көру мен жақсы көруін, қысылтаяң жағдайларды бастан кешіруін, кәсіби біліктері мен дағдыларын, қылықтарын, әрекеттерін және т.б. жатқызады.

Оқушының жан - жақты қасиеттерінің қалыптасу үрдісінде мұғалім тұлғасының маңыздылығын міндетті түрде ескеру қажет. Әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты жүктеліп отырған қоғамда, мұғалім тұлғасын жете зерттеудің төмендегідей бағыттарын жасауды қажет етеді:

Мұғалім тұлғасын зертеу бағыттары

1. Педагогикалық әрекетті үйлестіруші → Қоғамдағы орны мен қызметі, педагог беделін тұрақтандыру; оқушы әрекетін және өмірін ұйымдастыруда бағыттаушы; болашақ кәсіби сапаларды дамытушы; өзін - өзі бағалау, нәтижелі іс - әрекетке үйретуші; білім беруші "субъект" және "ата - ана" ретінде.

2. Педагогикалық қарым - қатынастың субъекті → Оқу - тәрбие үрдісіндегі қарым - қатынас; қарым - қатынастағы коммуникациялық құзырлылық; субъект - субъектілік қарым - қатынастың түрлері.

3. Жантанушы ретінде → Тұлғаны зерттеуші; түзетуші; дамытушы; кеңес беруші; ағартушы.

4. Мұғалім имиджі → Жеке басының сүйкімділігі; киім кию үлгісі, сәнге қатынасы; сөйлеу мәдениеті, дауыс интонациясының жағымдылығы; өзін - өзі ұстауы, оқушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы беделі.

Жоғарыда берілген зерттеу негізінде мұғалімнің тұлғасын жан - жақты анықтауға мүмкіндік береді. Қарапайым мысал ретінде түсіндірер болсақ, барша жасөспірімнің негізгі қызығушылығына айналған компьютер жүйесіндегі бір тетіктің кем болуы оның жұмыс атқару қызметін төмендетеді немесе істен шығарады. Мұғалімнің жеке тұлғасының кемшілігі болса, онда оқушылардың тәрбие ықпалына да соншалықты кері әсерін тигізеді.

Орыстың ұлы педагогі К.Ушинский "Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, жасанды әрекетте оның орнын баса алмайды" деп текке айтпаған.

Біздің басты міндетіміз - Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.

Өндірістік бәсекелестік және нарықтық қарым - қатынас, жұмыссыздық кезінде жастардың еңбек ету саласында өзінің құқығын қорғау үшін күреске даяр болу жағдайларында оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа үлгісін жасау мәселесі алға қойылып отыр. Еңбек тәрбиесі жолында - оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты бағыттық құрылымына оқушыларды қатыстыру көзделеді. Оқушының саяси мәдениеттілігін қалыптастыруда тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет. Мектепте оқушыларды саяси мәселелерге жан - жақты араласу мектепте ғана емес, одан тыс жердегі қоршаған шындықты жете түсінуі үшін оларды алуан түрлі қызметке қатыстыру үрдісінде қоғамдық идеяларды игеруде сындарлы сөйлесуге үйретіп, өзіндік пікір білдіруіне құрылуы керек.

Эстетикалық тәрбие мақсаты - оқушы бойына көркем - эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлау және мақсатты түрде сіңіру. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың барынша өткір мәселесі, 1 - ден, оқушының эстетикалық санасына бұқаралық ақпарат құралдарының теріс ықпал етуінен және жалған өнердің сырттай тартымды болып көрінуінен деп айтуға болады. Экологиялық мәдениет ерекше мәнге ие.

Экологиялық тәрбие мақсаты - оқушының өзін қоршаған ортада ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйесін қалыптастыру, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым - қатынасын жан - жақты дамыту



Мұғалім

Нағыз педагог - профессионал кең білімді, мәдениетті, ізгілікті және зиялы адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға.Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі


  • инновациялық жаңа бағыттағы іс - әрекетке дайын;

  • баламен мәдениетті қарым - қатынас жасай білетін;

  • өз жұмысына обьективті талдау жасай алатын болжам , нақты жоспар, диагностика, мониторинг жасай білетін;

  • өзіндік мұғалімдік қызметін атқару стилі бар;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын;


  • әр іске белсенді;

  • дүниетанымы кең;

  • адамгершілігі мол;

  • баланы жеке тұлға ретінде тани білетін;

  • өз тілін қадірлейтін;

  • еңбек сүйгіш;




  • педагогикалық , психологиялық білімі терең;

  • жаңалыққа құштар;

  • әр түрлі дәрежеде сабақ бере алатын;

  • технологиялық білім мен дағдыны меңгерген;

  • әр түрлі педагогикалық жағдаятты шеше алатын;



  • өзі жоспарлаған іске жете алатын;

  • оқушылардың интеллекетілік дағдысын дамыта алатын;

  • дарабоз жеке тұлға қалыптастыратын;




1.3. Педагогтің тұлғалық сапалары

Педагогтің тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтің тұлғалық сапасы "Педагог - оқушы" қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.

Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай - оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды.

Бірақ, педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістерді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігі де белгілі. Оқыту әдістері педагогтің тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады. Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:

  • оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;

  • мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу,

  • жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;

  • мейірімді, бірақ талап қоя білу;

  • оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

  • оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;

  • өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.

Педагогтің сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде

оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс. Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды. Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтің тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады.

Бірінші топқа қиын қалыптастырылатын немесе қалыптастыру мүмкін емес жеке бастың сапалары жатады. Педагогтің екінші тұлғалық сапалары оқушымен екі арадағы психологиялық механизмдерге, ал үшіншісі -педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейіне негізделеді. Өзара қарым -қатынастың күрделі құрылымында аталып өткен топтарды шартты түрде алынған деп қарастырған жөн.

Педагогтің жеке басының тұлғалық сапаларының құрылымында болатын мына сапаларды атауға болады, оларға жан дүниесінің қағілездігі, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы және оқушымен абайлап сақтықпен қарым - қатынас жасауы кіреді.

Жан дүниесінің қағілездігіне қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл - күйін дөп басуы, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес. Сондай - ақ оған дер кезінде көмек бере білу қабілеті де жатады.

Оқушымен абайлап сақтықпен қарым - қатына жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.

Педагогтің юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс. Әйтпесе ондай юмор (мысалы, мазақ ету) оқушыны кемітіп, "өлтіруі де" мүмкін. Интуиция (ішкі соқыр сезім) сезімі оқушының тек болжанған белгілі жағдайларда ғана емес, алдын ала белгілі емес тосын жағдайларда да педагогтің оқушыны басқара алуынан білінеді.

Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизмдерге негізделген педагогтің тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез - құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Осыған байланысты педагог оқушыларды болашағы бар немесе болашағы жоқ деп бөлуі мүмкін. Ондай педагогтердің мінез - құлығында: дөрекілік, әділетсіздік, ашуланшақтық басым болады.

Педагогтің оқушыға теріс қатынасы төменде көрсетілген белгілермен анықталады:

  • "жақсы" оқушыға қарағанда "жаман" оқушыға жауап беру кезінде ойлануға аз уақыт береді;

  • Егер дұрыс емес жауап берсе жетекші сұрақтар беріп көмектеспейді, басқа оқушыдан сұрайды немесе дұрыс жауапты өзі айтады;

  • "жаман" оқушыны дұрыс жауабы үшін мақтамайды;

  • "жаман" оқушының көтерген қолын байқамайды, берген жауабына мән бермеуге тырысады;

  • "жаман" оқушының көзіне көп қарамайды және оған күле қарамайды;

  • Тақтаға сирек шығарады, онымен мүлде жұмыс істемейді.

Педагогтің әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез - құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия) оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық түзілістер.

Жұмысында талап қоя білетін, жауапкершілігі мол педагог өзінде осы сапаларды қалыптастыра алады. Педагогтің тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады. Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды. Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрі белгілі. Осы екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады. Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, такт сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі.

Нысанды сезіну педагогтің оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5 - 10 минутына арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.

Такт сезімі педагогтің төмендегідей сапаларынан көрінеді:

  • қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;

  • оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;

  • мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;

  • қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;

  • өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;

  • алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;

  • оқушыны назарда ұстау, бірақ шегін білу.

Такт сезімі оқушымен байқап қатынас жасаумен тығыз байланысты. Шегін білу сезімі педагогтің оқушы тұлғасының әртүрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге көмектеседі. Бағдарлау сезімі педагогтің оқушының жақсы жақтарына сүйеніп және оны ескере отырып оқушыны жоғарғы деңгейге көтеру әдістерін меңгеруіне мүмкіндік береді.

Проективтік деңгей дегеніміз - педагогтік әрекеттің мақсаттарына, оқу -тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әртүрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі.

Педагогикалық қабілеттілік іштен бірге туатын дарын болып қана қоймай, өмірде де қалыптасады. Оларды кез келген педагог игере алады. Біз өнімді педагогикалық әрекеттің психологиялық құрылымына енетін педагогтің ең маңызды тұлғалық сапаларының сипаттамаларын бердік. Тәжірибелі немесе тәжірибесіз мұғалімдердің барлығына да оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістерін таңдау емес, оқушылармен екі арада туындайтын психологиялық сипатты мәселелерді шешу әлдеқайда қиынырақ соғады.

Педагогтің тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді. Оң кері байланыс (оқушы жауабы) оқушылардың жылдам дамығандығын, сондай - ақ ол педагогтің жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлікке қол жеткізгендігінің айғағы болып табылады.







II. Мұғалім - тәрбиенің алтын діңгегі.

2.1. Мұғалімдердің оқушылар алдындағы беделі.

Максим Горький "Мұғалім - әрбір алғаш ашатын кілт" дегендей мұғалімнің

білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз.

Еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны айқын. Қабылданған білім стандартының, реформалардың мақсаты да аян: әлемдік білім кеңістігіне ену. Ал мұғалімнің басты да қасиетті міндеті - рухани бай, жан - жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы Әбу Насыр әл - Фарабидің "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі" дегенін біз, ұстаздар қашанда жадымызда ұстауымыз керек. Өйткені, білім мен тәрбие - егіз ұғым. Сапалы білім мен саналы тәрбие шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ, қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге қол жеткізбек.

Мектепте жалпы он тоғыз пән оқытылады. Олардың әрқайсысы өз ілімі арқылы оқушы көзқарасын қалыптастырады. Олар көптеген ақпараттар береді және әр пән нақты өмірдің дәйектері мен құбылыстарын өз позициясы тұрғысынан бір жақты қарайды. Екінші тұрғыдан алғанда оқу материалын оқу пәнінің шеңберінде ғана алып, тәрбие үрдісін ұмыт қалдырса, ол оқушының айналадағы орта жөнінде дұрыс түсінік алмауына ұрындыруы мүмкін. Соның салдарынан оқушылардың білімге ұмтылысы жолындағы ғылыми түсініктерінде табиғат пен қоғамдағы бірлікті танып білуінде елеулі қиындықтар бой көтереді. Оны болдырмау үшін оқушыға білім мен тәрбие қатар сіңірілуі керек. Мұндай жағдайда білім мазмұны, оқыту әдістері мен формалары, мұғалімнің өз үлгісі және мектептегі, сыныптағы ішкі мен сыртқы жағдай негізге алынуы керек. Оқыту мен тәрбиелеу кешенді көзқарас құралы есебінде көрініс береді. Бұлардың іс жүзіне асырылуы оқушылар білімінің мазмұны мен құрамына сапалық өзгерістер енгізеді. Білімнің жиынтығын қамтамасыз етіп, тәрбие жұмысының қалыптасуына жағдай жасайды.

В.Дальдің анықтамасына сүйенсек, білім беру ақыл - ой мен адамилық қасиеттерді қалыптастырады.

Ақыл - ойдың қалыптасуы - адамның интеллектуалдық дамуы. Адамилық қасиеттердің қалыптасуы - тәрбиенің нәтижесі. Ендеше білім беруді екі жақты құбылыс ретінде: нақты іс - әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі жеке тұлғаның мәдениетті меңгеру нәтижесі ретінде.

Оқыту - мәдениеттің белгілі бір мазмұнын (білім, білік, дағды) меңгертуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылатын үрдіс. Білім беру үрдісінде адамның интеллектуалдық және психикалық қабілеттері көрінеді.

Қазақ ақыны, ағартушы, философ Абайдың "Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім" деуінде үлкен мән бар. Ендеше адамның интеллектуалдық және психикалық қабілет қасиеттері мен мүмкіндіктерін іске қосу - білім мен тәрбие беру жүйесінің алдында тұрған үлкен міндет.

Жұмабаев Мағжан "Тәрбиелеу - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру" десе, "тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу, яғни, баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз" деп жазады Назарбаева Сара Алпысқызы өзінің "Ұстаздан ұлағат" кітабында.

Бала тәрбиесі - ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Мектептердің міндеті - барлық тәрбие сатылары мен салаларына байланысты ата - аналардың, ұстаз - тәрбиешілердің шығармашылық ізденістерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау. Ал "мектептің тәрбие жүйесі" дегеніміз не? "Мектептің тәрбие жүйесі" педагогикада кең ұғымды білдіреді. "Тәрбие жұмысының жүйесі" дегеніміз - мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс - шаралар. Сондай - ақ ол - белгілі біртұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым - қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратын үрдіс. Бұл үшін ең алдымен "мектептің жан дүниесін", яғни "мектептің тұжырымдамасын" жасау керек.

Мектептің ішіндегі тәрбие жүйесі екі бағытта жүргізіледі. 1. Оқыта отырып тәрбиелеу - бұл тәрбиенің әртүрлі құрамын, мазмұнын жаңа әдіспен ұйымдастыру, сонымен қатар берілетін пәннің ұғымы арқылы тәрбиелеу. 2. Мектептегі тәрбие жұмысы - бұл мектептен тыс түрлі бағыттағы үйірме, клубтар, секция, т.б. арқылы жұмыстар ұйымдастыру.

Ұстаз бен оқушының жұмысы нәтижелі болу үшін, біріншіден, ынтымақтастық қажет. Ал баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата - ананың орны бөлек. Себебі, бала бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде атан - ана баулыса, мектепте мұғалімдер білім мен тәрбие береді. Тәлім - тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімдік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата - анаға, бірге оқыған құрбы - достарына олардың күнделікті іс - әрекетіне, жүріс - тұрысына, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты.

Жалпы алғанда, баланы өмірге қызықтыру мектепте берілетін тәрбиеге, оқыған сабағына, әдебиет кітабына, түрлі кештер мен пікірталастарға, сайыс - жарыстарға қатыстырып тартуға, әйгілі спортшылар мен өнер иелеріне құштар етіп баулуға, т.т. қатысты.

Мұғалім баланы өмірге құштар еткісі келсе, оның неге икемі бар, соған мән беріп тәрбие бергені жөн. Оның қоршаған ортаға өзіндік көзқарасын туғызып, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулыған абзал. Бұл - ұрпағының көкжиекті келешегін ойлағандардың орындайтын міндеті. Бұл жерде мұғалім жұмыс істеуі жақсы нәтиже беретіні күмәнсіз.

Мектепте тәрбиенің белгілі бір мақсаты болмаса, онда жүйелі жұмыс жасау мүмкін емес. Тәрбие жүйесінің негізгі қозғаушы күші - пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, ата - ана.

"Зерттей отырып - тәрбиеле, тәрбиелей отырып - зертте" - бұл педагогиканың басты ұстанымдарының бірі. Біз бұл қағиданы орындау үшін әрдайым педагогикалық - психолгиялық жұмыстар жүргізуіміз қажет.

Адам бойындағы дарындылық туа біткен қасиет. Ендеше дарынды дамыту - ұстаз парызы. Табиғи таланттарды ашу, талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет үлкен. Оқу - тәрбие үрдісін дамыту үшін ақпараттандыру жүйесін де жетілдіру қажет. Ол педагогикалық үрдістің табысты болуына әсер етеді.

"Ұлылықтың алдында - ұстаз тұрар" демекші, біздің бүгінгі басты мақсатымыз - "Қазақстан - 2030" бағдарламасына сәйкес сауатты да салауатты ұрпақ тәрбиелеп, өркениетті ел қатарына қосу.





2.2. Мұғалімдердің кәсіби мәдениеті.

Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, болашақ маман даярлауда оқушыларға педагогикалық әдеп, іскерлік, дағдыны қалыптастырудағы басты компоненттерінің бірі - педагогикалық мәдениет шарттарын айқындау болып табылады.

Педагогикалық кәсіби мәдениет - мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін - өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым - қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:

  1. жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;

  2. оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;

  3. оқушыны өзін - өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету.

Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім:

  • ғылыми теория, гнесеология, әдістеме негіздерін білуі тиіс;

  • мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;

  • мұғалімнің өзінің сенетіндігін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.

Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез - құлық:

  • балаларды сүйе білу - ізгіліктілік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;

  • баланы адамды құрметтеу - әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;

  • балаға, адамға сену - оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктілікпен пен өзіне өзі сенім;

  • баланы, адамды білу - тұлғаның жан дүниесін білмейінше тәрбие жүйесіз жүргізіледі; гуманист болу - адамды тани білу;

  • баланы, адамды түсіну - оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білу қабілеті;

  • жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау (әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, оның тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады);

  • жеке абырой сезімін сақтау және дамыту (онсыз тәрбие де, өзін - өзі тәрбиелеу де мүмкін емес);

  • оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу (В.А.Сухомлинский бойынша);

  • тұтастай ойлай білу (ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады);

  • педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу - мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;

  • тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу;

  • тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу;

  • екіұдай жағдайға тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу;

  • білім берудің биологиялық тепе - тең әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу.

"Педагогикалық кәсіби мәдениет" құрылымының төрт бөлігі:

  1. педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары;

  2. педагогтің адамгершілік қасиеттері;

  3. педагогтің кәсіптік - этикалық іс - әрекеті;

  4. педагогикалық шеберлік.

  1. Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:

  • әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар - намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық);

  • рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік сыншылдық, эрудиция, білімпаздық);

  • коммуникативтілік сапа (елгезектік, шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя білушілік, міндеттілік);

  • эмпатиялық сапа (өзара түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).

  1. Педагогтің адамгершілік қасиеттері (дәлелдей білушілік, ұстанымдылық, патриотизм, ұжымшылдық, тәртіпшілдік, мәдениеттілік).

  2. Педагогтің кәсіптік - этикалық іс - әрекеті. Тұлғаның ерекше өмір сүру салтымен, мақсаттылығымен, арнайы қарым - қатынас жүйесін, адамдарды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы пікірлері мен жеңістерін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылысымен сипатталады.

  3. Педагогикалық шеберлік:

  • пәндік білімі (кәсіптік құзырлылық, арнайы - кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

  • педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, талдауларының нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);

  • педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

  • педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызуғышылық).

Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жүйесіндегі сәйкес мазмұнды қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.








2.3. Мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту- үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс - тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол - мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші - таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойған міндет - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология - жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту;

Оқыту - үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту;

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой - құрастыру әрекетерін танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.

  • Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.

  • Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.

  • Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті - зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

  • Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;

  • Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;

Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік - саяси өзгерістер, ғылыми - техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Білімді ұрпақ қан болашақ иесі болып табылады.

Баланың жеті жасынан кейінгі іс - әрекеті оқу болып есептеледі. Оқу іс - әрекетімен мектеп оқушысы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемі өмірінің заңдарын, тіл және мөлшер, кеңістік және уақыт заңдарын танып біледі. Оқу іс - әрекетінде қалыптасып келе жатқан баланың жеке тұлға ретіндегі жаңа белгілері қалыптасады. Оқушы есейген сайын оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуында қоғамдық - еңбектік іс - әрекет соғұрлым зор рөл атқарады.

Баланың іс - әрекеті дамитындай мәнге ие болу үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет.

  1. Іс - әрекеттің мақсаты. Балаларға нені, не үшін істейтіндіктері түсінікті болуы тиіс (Мысалы, оларға табиғат бұрышында істейтіндіктерін айтып қана қою жеткіліксіз). Балаларды қызықтырарлықтай нақты міндет қою керек: не үшін?, нені білу қажет?

  2. оқушының іс - әрекетіндегі себептер, яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетте бар күш - жігерін салуға итермелейтін ынта. А.Дусавицкий мен В.Репкиннің зерттеулері көрсеткеніндей, барынша тиімді ұйымдастырған оқу ісінде төменгі сынып оқушыларында бағаға қызығудан шынайы танымдық мүддені тез білуге ауысады.

  3. Іс - әрекеттің мазмұны балаларға орындауға тиісті білімдер, елестетулер, түсініктер - оларға белгілі болған білімдер ғана емес, сондай - ақ оқушылар келешекте іс - әрекет үстінде, яғни мұғалім берген тапсырмаларды шеше алуға тиісті білімдер

  4. Оқушылар жүзеге асыратын, іс - әрекетке кіретін қимыласа маңызды. Бала еңбекпен немесе ойынмен, музыкамен немесе математикамен айналысқанда қолдануы тиіс дағды, шеберлік тәсіл.

  5. Іс - әрекеттің қандай да бір түріне тән дамытушылық мүмкіндіктер.

Балалардың іс - әрекетіне қажетті ұйымдастырушылық жағдайлар жасалмаса іске аспай қалады. Оларға мыналар жатады: а) материалдық жабдықтау - бүкіл сыныпқа берілген тапсырмаларды орындау үшін немесе балалардың өздерінің алға қойған мақсаттарына жету үшін қажетті құрал - жабдықтардың, кітаптардың, қағаздардың, таяқшалардың, қарындаштардың, т.б. жеткілікті түрде болуы; ә) іс - әрекетті уақытымен ұйымдастыру - үлкен істі сабақ арасында не кіші үзілісте бастамау немесе балаларды серпілтетін, шаршататын танымжорықтан кейін кіріспеу керек; б) мұғалімнің талабы: берілген тапсырмалар мен ұйымдастырған іс - әрекеттің нақты мүмкіндіктеріне үйлесуі. Тиісті күш - жігерге әзірлігі, өз бетіндік дәрежесі белгіленген іс - әрекеттің мазмұнын бағдарлау, оқушылардың даму деңгейі мен сынып ұжымының қалыптасу дәрежесі; в) ұжымдық іс - әрекеттің мақсатына нәтижелі түрде жету.

  1. Оқушының іс - әрекеті дамытушылық сипатқа ие болу үшін балаларға өскелең талап қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру: өз дербестігі мен шешімдердің нұсқаларына олардың дәлдігі мен негізділігіне қойылатын талап өседі.

  2. Бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін білу үшін алғашқысын бекітіп, екіншісін жоюы үшін мұғалімнің тарапынан оның іс - әрекетін бақылау және бағдарлау.

Барлық жағдайларда баға балаларды одан әрі, одан да күрделірек, қызықты және нәтижелі іс - әрекетке ынталандыратын роль атқаруы тиіс. Сондықтан балалардың ынта - қабілетін дамыту үшін мұғалім мынадай жұмыстарды жүргізуі иіс.

  1. Балалардың белгілі ережелер (грамматикалық, математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуын үйрету. Ол үшін мұғалім сабақта мүкіндігінше белсенді әдістерді жиі пайдланып отыруы қажет.

  2. Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.

  3. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Ол үшін оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта баланың ойлау логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану қажет.

  4. Ойлауды тәрбиелеу бала психикасын жан - жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құштарлығын, тану қызығуын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізіледі.

Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Сол себепті мұғалім алғашқы жылдан бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, қолынан не келетінін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын есепке алып, оқу үрдісін ұйымдастыруы шарт.

Мәселен, мұғалім жақсы үлгіретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беріп, "орташа" қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмағаны ләзім. Кей жағдайларда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болмағанымен мұғалімнің назарынан тыс қалып қояды да, ол "орташа" оқушы болып кете береді. Сондықтан оқушының келешегіне зор үмітпен қарау керек.

Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатты ерекшеліктері, өзінің заңдылықтары бар екені табиғи нәрсе. Олардың әрқайсысы оқытудың ерекше әдістері мен ұйымдастырушылық түрлерін талап етеді. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерік пен дағдыға ие болады. Мұғалім әрқашанда тәрбиелей отырып, оқытады.

Педагогтің - кәсіби мақсаты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамның ересек мүшелерінің іс - әрекеті. Оны іс жүзінде асыруды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерінің өзіне тән ерекше формалары бар.

Тәрбие теориясы мұғалімнің оқушыға тәрбие ықпалының принциптері мен заңдылықтарын ашады. Мектептану мұғалім еңбегін ұйымдастыруды зерттейді. Педагогтық қызметтің психологиялық аспектісі қандай?

Педагогикалық қызметтің психологиясын мұғалім еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психологиялық білім саласы тұрғысында және де мұғалім тәрбие институты арқылы қоғам тапсырған педагогикалық қызметтің мақсаты мен жүйесін қалай қабылдайтынын, беретінін, іс жүзінде асыратынын, ол өз іс - әрекетінің міндеттерін, формалары мен әдістерінің актуальдылығын нақтылы жағдайға байланысты қалай ұғынатындығын айқындауға болады.

Педагогикалық қызметтің мазмұны мен психологиясы алдымен әлеуметтік факторлармен - мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы арқылы, қоғамның мұғалімге қоятын талабымен, содан кейін әлеуметтік - психологиялық факторлармен: мұғалімді қоршаған адамдардың оның жеке басы мен қызметіне көзқарасындағы әлеуметтік үмітімен, оның педагогикалық қызметінің өрісіндегі өзіндік үміті және бағдарларымен айқындалады.

В. Дальдің "Түсіндірме сөздігінде" "мұғалімге" "тәлімгер, оқытушы" деген анықтама береді, яғни оның екі негізгі функциясы - оқушылардың әлеуметтік тәжірибені қабылдауы мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат тарихы барысында (мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы сопылар да, ақсүйек педагогтар да) ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесіне келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланысты тәлімгерлік, оқытушылық функцияларының мазмұны өзгереді.

Оқушыларды тәрбиелеу процесінде мектептен тыс ықпалдар мен мектептің арасында елеулі бәсекелесу жүреді. Мектептің неғұрлым жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеудің процесін ұйымдастыруға қабілетті келетіндігін көрсетеді.Осы орайда шешуші роль мұғалімге беріледі.

Мысалы, оқушылардың ата - аналары оқытушылардан, нақтылы мұғалімнің еңбек стажы мен жасына қарамастан, тәрбие және оқыту шеберлігін күтеді. Оқушылар мұғалімдерді үш топқа жататын қасиеттері бойынша сипаттайды: қарым - қатынасқа байланысты қасиеттер (мұғалім мейірбан, әділетті, адал, балаларды сүюі керек) сыртқы қасиеттері және мінез - құлық мәнерімен (сезімтал, талапкер); оқыту процесіне байланысты қасиеттер (өзінің пәнін білу, оны түсіндіре алу).

Тәрбие процесінің тиімділігіне талаптың өсіп отырғандығынан мұғалімнің жеке басына және әлеуметтік үміттің арта түсетінін ескеруіміз қажет. Мұғалімдер өзіндік орнын толықтырушы (компенсатор) ретінде отбасының балаларға бере алмағанын, оқушылардың сезінетін түрлі ықпалдарының интеграторын көргісі келеді; одан тәрбиедегі урбанизацияға, акселерацияға байланысты пайда болатын қиындықтарды тудырмауды күтеді.

Қоғам талаптары, түрліше әлеуметтік үміттер, педагогтың жеке - даралығы, оның осы талаптарға жауап беруге субъективтік даярлығы жинақтала келіп, нақтылы мұғалімнің педагогтық қызметі қалай құрылып келе жатқандығын айқындайды.

Нақтылы сыныпта оқу және оқудан тыс іс - әрекеттің мазмұнын ұйымдастыру формасын таңдай отырып, мұғалім, біріншіден, оның тәрбиеде қаншалықты мақсатқа жетуге көмектесетінін ескеруі керек. Екіншіден, коллектив өмірінің мазмұны оқушыларға өзінің қажеттілігін педагогтық көзбен қарағанда қанағаттандыруы абзал. Міне, бұл жерде оқушылардың түрліше әлеуметтік бағалы қажеттіліктерін қалыптастырып қоймай, оқушыларда бар әлеуметтік бағалы қажеттіліктерді еске алу керек. Мысалы: танып білу, қол жеткізу, араласу қажеттіліктері және оларды пайдалану, коллективтің оқу мен оқудан тыс іс - әрекеттерінде бұл қажеттіліктерді барынша жүзеге асыруда мүмкіндік жасау, оларға сүйеніп, басқа бір қатар қажеттіліктерді қалыптастыру маңызды.



III. Эксперименттік бөлім.

Қандай болмасын теориялық білім әрқашан тәжірибе жүзінде тексерумен қатар жүреді. Біз курстық жұмысымызға байланысты теориялық білімімді тәжірибе жүзінде зерттеп көруге тырыстық.

Курстық жұмыс тақырыбына байланысты зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының №45 бейімделген орта мектебінің информатика пәнінен 7А сыныбында өтті. Зерттеуге қатысушылар саны барлығы 14 оқушы, оның 5 - еуі қыз бала, 9 - ы ұл бала болды.

Сол сәтте біз мұғалімнің сабақтарына қатысып, тәрбиелік шараларға қатысып, мектеп өміріне араластық. Мұғалімнің тұлғасын жете зерттедік.

Информатикадан сабақты 7А сыныбында "Суретті құру және редакторлеу", "Суретті сақтау және ашу" атты тақырыпты тек қана оқулықпен және дәптермен жұмыс жүргіздік. Сабақты өткізген кезде оқушылардың тәрбиесіне, оқуына қарамай, тек қана оқулыққа үнілген түрде жүргіздік. Сол кезде оқушыларға мұғалімнің сабағы қызықсыз дәрежеде болды. Осы кезде мұғалімнің ізденімпаздылығы, басқа жаңа ақпараттарды қолдану шеберлігі көрінбеді.

Ал, тура осы сабақты кейін біз интерактивті тақта арқылы, слайд көрсету арқылы, сонымен қатар Activstudio бағдарламасын қолданып жүргізгенде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы бірден байқалды. Оқушылардың тәрбиесіне, олардың сабақта қалай отырғандықтарына, барлығына көңіл бөлінді. Осы сәтте мұғалімнің ізденімпаздылығы, мұғалімнің жан - жақтылығы, кәсіби шеберлігі оқушыларға зор ықпалын тигізді.

Зерттеу жұмысына көз жеткізу үшін оқушылардан сауалнама алдық.

Сауалнаманың тақырыбы: "Информатика пәнінің мұғалімі, әлде пәні ұнай ма?"

Мақсаты: Орта буын оқушыларының информатика пәнінің мұғалімін немесе пәнді ұнатуын сұрақ - сауалнама арқылы анықтау.

"Иә", "Жоқ", "Өзге жауап"

Эксперимент жұмысты нақтылай біз төмендегідей қорытынды жасадық.

Курс жұмысы Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Бұл диаграмма бойынша:

Көк түс - информатиканың пәнін ұнататын оқушылар көрсеткіші.

Қызыл түс - информатика пәнінің мұғалімін ұнататын оқушылардың көрсеткіші.

Яғни, мұғалімнің жеке тұлғасы - зор тұлға екендігіне көзіміз жетті. Мұғалім тұлғасы қандай болса, оқушылар тәрбиесі де сондай дәрежеде көрінеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  1. Мұғалім тұлғасының зерттеу бағыттары анықталды.

  2. Мұғалім тәрбиенің алтын діңгегі екендігі дәлелденді.

  3. Мұғалімнің жеке тұлғасы, яғни бойындағы болу керек 50 қасиеті жете қарастырылды; оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалды;

  • жұмыстың нәтижелерін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагогикалық колледждер мен институттарда, мұғалімдер білімін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.

Қорғауга ұсынылады:

  • Мұғалімнің жеке сапаларының қандай болу керек екендігінін схемалары, оның мазмұны;

  • Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты мұғалімнің жеке тұлғасы ықпал тигізетіні және оның нәтижелері.

Қорытынды

Жас ұрпақ тәрбиесінің тікелей ата - анаға, әлеуметтік ортаға байланысты екендігін ескеретін болсақ, сол ата - ана, сол әлеуметтік ортаны құраушы топ кешегі мектеп қабырғасынан тәлім - тәрбие алған оқушы. Тәрбиені жалпыхалықтық деңгейде алып қарағанның өзінде де түбі мектепке тіреледі. Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетті құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық - құжаттық мәдениетті заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу - басты мәселе болып қала береді.

Мұғалімнің жеке тұлғасы қаншалықты дамыған болса, соншалықты оқушылардың тәрбиесіне ықпалы аса зор екенін байқадық. Ұстаз - әрқашанда өз білімін жетілдіріп отыратын, әрдайым оқушының барлық бойындағы шығармашылығын, қасиетін, оқуға деген қызығушылығын оятып отыратын басты тұлға болып қала береді.

Адам бойындағы дарындылық туа біткен қасиет. Ендеше дарынды дамыту - ұстаз парызы. Табиғи таланттарды ашу, талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет үлкен.

"Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс.

Өзіміздің арамыздан шыққан талантты ұстаздарымыз Қ.Нұрғалиев, Р.Нұртазина, Қ.Айтқалиев, Қ. Бітібаева мұғалімдік қызметтің нағыз өнер, шығармашылық, ізденіс жолындағы қызмет екендігін айқындай отырып, өз ізбасарларына ұстаздық жолды өмірлік мұрат етіп алуына ықпалын тигізіп келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Азарова Т.В., Битянова М.Р. Развивающая работа психолога на этапе адаптации детей в школе. (Научно - методическая программа). // Мир психологии,1996,1.

2. Ананьев Б.Г. Таңдаулы психологиялық еңбектері: 2 - томдық, 1.Т.М. Педагогика, 198 - 232 б.

3. Аникеева Н.П. Психологический климат в коллективе. М.: "Просвещение". 1989ж. 16 - 21 б.

4. Астахов А.И. Педагогическое мастерство преподаватея высшей школы // Методические указания дя молодых преподавателей. Киев. 1982.

5. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. М.1984. 105 - б.

6. Аяпова Ж. Білім беру технологиясын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары.// Бастауыш мектеп №7,2001.

7. Әбиев Ж, Құдиярова, Бабаев Педагогика "Нұрлы әлем".

8. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар - Тараз: ТарМУ,2003.

9.Бегалиев Т.Педагогика - Тараз: ТарМУ,1999.

10. Жұмашев Қ. Дарынды тану мен оқыту мәселелері //Қазақстан мектебі № 1 - 2, 2002 ж.

11. Зимняя.И.А. Педагогикалық психология. //Москва. "Логос", 2005; Алматы. "TST - company", 2005.

12. Инхельдер Б., Пиаже Ж. Психология ребенка. СП б. Питер,2003.

13. Казиева С. Оқушылардың ой - өрісін дамыту. // Бастауыш мектеп №1,2003.

14. Көшкімбетова С.А., Т.К.Кенжебаев Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру жолдары. Тараз. Тараз университеті, 2004.

15. Кузнецов И.Н. Настольная книга преподавателя//Мн.: "Соврем. слово", 2005.

16. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.

17. "Қазақстан мектебі" журналы, № 4, 2009.

18. "Қазақстан мектебі" журналы, № 11 - 12, 2005.

19. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы. "Мектеп", 1982.

20. Педагогикалық ізденіс - Алматы: Рауан 1990.

21. Подласый И.П. Продуктивная педагогика: Книга для учителя. М.,2003.

22. Практикум по возрастной и педагогической психологии. Под ред. А.И.Щербакова, М.: "Просвещение". 1987,225 - б.

23. Профессор А.В.Петровский. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы."Мектеп", 1987.

24. Пути совершенствования педагогического мастерства преподавателя: Методические рекомендации. М., 1983.

25. Щербаков А.И. Психология труда и личности учителя. Л., 1976.


© 2010-2022