Разработка урока на тему: Әбу Насыр Әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

8-сынып

Күні :

Сабақ №7


Сабақтың тақырыбы

Әбу Насыр Әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер»өлеңі.


Мақсаты

Әбу Насыр Әл Фараби өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту

- «Қашықтасың туған жер» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу

- оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, елжандылыққа тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже

Әл Фараби өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейте отырып, өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады.Өз ой пікірлерін, көзқарастарын жүйелі жеткізу дағдылары қалыптасады.





Әдіс - тәсілдер

«Ыстық орындық», «Стол түйіні», «Жеміс себеті»,СТО

Сілтеме

Оқулық,ғаламтор ресурстары

Ресурстар

Интер-белсенді тақта,үлестірмелі кеспелер

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Сабаққа кіріспе

1. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберіне тұрғызып, тілек айтқызыды.

2.Топқа бөлу.

Оқушыларды «Жеміс себеті»әдісі арқылы топқа бөледі.

3.Бағалау парақтарын таратады


  1. Шенбер құрып,бір-біріне жылы сөздер айтып шығады.

Оқушылар алма,алмұрт,банан қиылған суреттер арқылы 3топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын тексеру

4.«Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды.

Оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы алдыңғы қойылған сұрақтарды, оған берілген жауаптарды қосып айтып, өз сұрағына жауап береді және келесі оқушыға сұрағын қояды

Жаңа сабақ


Әр топқа тапсырма беріледі:

Алма тобына: Әл Фарабидің өмірі мен қызметі жайлы мәліметтерді оқып, қорғау.

Алмұрт тобына: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»өлеңін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнын, идеясын ашу

Банан тобына: өлеңге сатылай кешенді талдау жасау



Қолдану

Әр топқа тапсырмалар беру.

Алма тобына: Әл Фараби өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте жасау

Алмұрт тобына: «Менің туған жерім» тақырыбына шағын эссе жазу

Киви тобына: Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ құрастыру.

Талдау

«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтар қою, әр топтан бір оқушыдан шығарып, басқа топ мүшелері сұрақтар қойғызу


Әр топ өздеріне берілген материалдарды оқып, түсініп, постер жасайды. Жасаған постерлерін тақтада қорғайды. Бір бірімен ой бөліседі бір- бірін толықтырады.

  • Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер алады,

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұны мен идеясын ашып, түсінеді.

  • Ой, пікірлерін еркін жеткізеді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, ортаға салады. Әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғап, дәлелдейді.




Әр топтан бір оқушы шығып, «Ыстық орындыққа» отырып, топ мүшелерінің және мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.


Кері байланыс

«Стол түйіні» әдісі арқылы сабақтан алған білімдерін жинақтау

Әр топ бүгінгі сабақтан алып, түйгендерін, «Стол түйіні» әдісі арқылы түйін жасайды

Бағалау

Бағалау парақтары

Бағалау парақтарын ескеріп, жиынтық баға шығарады.

Үйге тапсырма

Әл Фараби өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша материалдар іздену, өлеңін жаттау

Күнделіктеріне жазып шықты



© 2010-2022