Урок по самопознании для 8 класса Природа

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по самопознании для 8 класса Природа

"№22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі Азимова Нулифар

Бастауыш сынып оқушыларының танымдылық белсенділігін арттыруда шығармашылық жұмыстың маңызы .

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек.

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:

- оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;

- бір ғана түп нұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;

- берер білімнің ғылымилығын арттыру;

- алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;

- оқушысының ой белсенділігін дамыту;

- әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту

- білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде

жоғарғы сапаға жету.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.

Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы,дербес іс - әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.

Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;

- жолдасының жауабыңа пікір айту;

- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;

- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;

- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;

- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Олар мыналар:

1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.

2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.

3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.

6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

7. Шығарма, мәтін құрастыру.Тақырып бойынша. Жоспар бойынша.Тірек сөздер арқылы

8. Өлең құрастыру.

9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу.

10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету.

11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу.

13. Рөлге бөліп оқыту.

14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.)

15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.

16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне,психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»

// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.

2.Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

3. Бастауыш мектеп. № 2. 2008 жыл

4. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.

© 2010-2022