• Преподавателю
  • Другое
  • Методическое пособие Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру

Методическое пособие Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру

«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіӘдістемелік кабинетПедагогтерді аттестаттаудыұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіруРиза Маней, әдіскерАқтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жылЖинақта педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылған құжаттар үлгілері берілген. Жинақ мектепішілік аттестаттау комиссиясы мүшелерінеаттестатталушы мұғалімдерге арналған.Аттестаттау материалдарықұрастырылғаннан кейін практикада, іс-жүзінде апробациядан өткен, сондықтан мектепішілік аттестаттауда, мектепішілік басқарудапайдалы болады деген сенімдеміз. Жинақтың практикалық маңыздылығы: аталған үлгі-кестені әр білім беру ұйымында қолдануға лайықты. Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысындағы туындайтын проблема көп: білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру жұмыстарының тиімді үйлестірілмеуі, осы тақырып аясында мемлекеттік тілде басылған әдістемелік құралдың аздығы, аталған мәселенің әдістемелік тұрғыда зерттелмеуі.Білім беруді жаңғырту стратегияларын жүзеге асыру педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталды. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл жаңа жүйе – біз үшін 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр. Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептіңжүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік шығармашылық дамуы жөнінде В.А. Афанасьев, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, А.К. Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазған [7, 65-б., 18, 298-б., 27, 31-б., 33.]. Аталмыш ғалымдардың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік ұстанымы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған [20, 6-б., 27, 64-б., 122, 6-7-б.]. Қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде тыңғылықты мәселелерге тоқталады. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек дейді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді [77]. Ал, педагогтердің кәсіптік деңгейін көтерудің бірден-бір тәсілі педагог кадрлардың аттестациясы болып табылады.Педагогтерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің квалификациялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тұтас бір жүйесі. Аттестаттау білім беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізілетінін бәріміз білеміз. 1-кезеңінде мұғалім аттестацияаралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді, бұл кезеңде педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасайды, іс-тәжірибесін жинақтайды, жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады, 2-кезеңі сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау комиссиясы педагогтің іс-әрекетіне талдау жасайды, 3-кезеңінде аттестаттау комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына сәйкестігіне баға беріледі. Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр. Білім беру ұйымында (мектеп, мектептен тыс мекеме, балабақша, т.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізуіс-шараларының жоспары жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың негізінде). Жоспарлау – білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі [5, 10-б.].Сондықтан педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.Жұмыс жоспары бойынша педагогикалық ұжым нормативтік-құқықтық құжаттармен (айталық, Педагогтерді аттесттаттау ережесімен) толық танысқан болу керек (біріншіден, мектеп басшылығы бұл нормативтің мазмұнын жақсылап оқып, зерделеп, таныған болу). Егер нормативтің мазмұнын педагог толық білмесе, оның аттестацияға дайындығы сауатты болып табылмайды.Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері ұжымдағы әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық және көрнекі түрде бақылап отыру міндет.Егер ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің, тегі, аты-жөні анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады. Аттестаттау ережесінде, әсіресе, жас мамандар үшін түсінуге ауырлық танытатын педагогикалық терминдер бар, сондай термин сөздердің глоссарийін жасау басшылықтың міндетіне жатады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аттестатталатын педагогтердің аттестациядан өту кестесі жасалған болу керек. Келесі кезекте педагог білім беру ұйымының басшысына немесе аттестаттау комиссиясы төрағасының атына санат алу немесе санатын көтеру бойынша өтініш жасайды.Осы сәттен бастап білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогпен жұмысы (2-кезең) басталады. Оқу жылы басында аттестаттау комиссиясы мүшелері аттестаттау комиссиясының қызметімен, міндеттерімен танысады. Аттестаттау комиссиясы педагогтердің өтініштерін қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлердің мәліметтер базасын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылауды жүргізеді.Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады. Екінші кезең соңында аттестаттау комиссиясы Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарына беру немесе растау туралы шешімді шығарады. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді. Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық аттестаттау комиссиясына қарастыруға ұсынады. Аттестаттау комиссиясыжоқу жылы басында жұмыс жоспарын құрады және жүзеге асырады. Жұмыс жоспары аттестатталатын педагогтің өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, аналитикалық талдау жұмыстарымен қатар жүреді. Жұмыс желісі мынадай болады:1. Мектеп әкімшілігі немесеаттестаттау комиссиясының аттестатталатын педагогтермен өткізетін жылдық жұмысы (үлгі) № Мектеп әкімшілігі немесеаттестаттау комиссиясы мерзімі 1 Педагогикалық кеңес мамыр 2 Аттестациядан өтетін педагогтерге өтініш жазу мәселесі бойынша әдістемелік кеңес беру, аттестатталатын педагогтерді аттестаттау ережелерімен, нормативтік құжаттардың мазмұнымен толық таныстыру мамыр 3 Аттестациядан өтетін педагогтердің өтініштерін қабылдау 25 мамырға дейін 4 Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын жасау 26-28 мамыр 5 Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерді анықтау 25 мамырдан 10 маусым аралығында 6 Алдағы оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтерді ағымдағы жылы жасалатын жұмыс мазмұнымен таныстыру Маусым 7 Аудандық білім бөліміне аттестациядан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын ұсыну 10 маусымға дейін 8 Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс кестесін әзірлеу Маусым-қыркүйек 9 Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналыста аттестатталатын педагогтермен өткізілетін жұмыс жоспарын қарау қыркүйек 10 Аттестациядан өтетін педагогтер үшін өзінің кәсіптік құзыреттілігін бағалауға арналған сауалнама өткізу, нәтижені бағалау қазан 11 Ата-аналар мен оқушылардың арасында педагог жайлы сауалнама өткізіп, нәтижені бағалау қараша 12 Педагогтің аттестацияға дайындық құжатының мазмұны мен рәсімдеу сапасына баға беру, әдістемелік кеңес беру қараша 13 Аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету Қараша, қаңтар 14 Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение) жұмысын зерттеу қаңтар 15 Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесіне сараптама, сараптамалық түйіндеме немесе қорытынды жасау наурыз 16 Аттестаттау парағын әзірлеу 20 наурызға дейін 17 Білім беру ұйымының аттестация комиссиясының қорытынды отырысын өткізу 20-22 наурызға дейін 18 Аудандық, облыстық сараптама комиссияларының түйіндемелерін алу Ақпан 19 Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысы 23 наурызға дейін Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссяисының отырысына қатысуы 1 сәуір 2. Педагог тарапынан жасалатын шаралар № Педагог тарапынан жасалатын шаралар мерзімі 1 Аттестациядан өтуге өтініш жазу 31 мамырға дейін 2 Аттестаттау комиссиясына мәліметтер базасын жасауы үшін өзі жайлы жеке басын, білімін, пән бойынша біліктілік деңгейін, пән бойынша ПҚБАИ-да курста білім жетілдірген жылын, еңбек өтілін, өтініш жазуға негіз болған жетістіктер мен жағдайларды растайтын құжаттар ксеро- көшірмесін ұсыну 31 мамырға дейін 3 Тестіге дайындық жасау, пән бойынша авторлық құралдарға рецензия алу Жыл бойы Аудандық тамыз конференциясында өз білімін жетілдіру тақырыбы аясында баяндама оқу тамыз 4 Білім беру ұйымының және аудандық әдістемелік кабинет тарапынан өткізілген сауалнамаға қатысу қазан 5 Әдістемелік портфолио жасау Қазан-қараша 6 Әдістемелік бірлестікте өткізілетін кеңеске қатысу қазан 7 Аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейде өткізілетін конференция, олимпиада-сайыстарға оқушыларын қатыстыру, өзі қатысу 8 Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін әдістемелік бірлестік ішінде әріптестері арасында презентациялауы желтоқсан 9 Өзінің білім жетілдіру бойынша жұмысын, 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение) желтоқсан 10 Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін білім беру ұйымында әріптестері арасында (аттестаттау комиссиясының қатысуымен) презентациялауы, шығармашылық есеп беруі желтоқсан 11 Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейдеашық шаралар, өз жұмысын жинақтап, презентация өткізу желтоқсан-ақпан 12 Жоғары санатқа аттестатталатын педагогтер облыстық әдіскерден іс-тәжірибеге баға берген пікірін алу (жоғары санатқа) Ақпан 13 1-санатқа аттестатталатын педагогтер аудандық аттестация бойынша сараптама комиссиясының түйіндемесін алу Ақпан 14 Білім беру мекемсіндегі аттестаттау комиссиясымен және әдістемелік бірлестік мүшелерімен бірлесіп аттестаттау парағының мәліметтер базасын әзірлеу 1 наурызға дейін 15 Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысына қатысу 23 наурызға дейін 16 Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссиясының отырысына қатысу 1 сәуір Жоғарыда көрсетілген балама жобалар, бір жағынан қарағанда, педагогті аттестациядан өткізуге арналған жұмыстың жүйесі болғанымен, осы іс-әрекет білім ұйымының басшылары тарапынан нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сауатты да шебер, үйлесімді жүргізілген жағдайда, сондай-ақ мекеме мен педагог арасында тығыз байланыс пен түсіністік орнаған жағдайда, педагогті басшылық тарапынан әрі ынталандырып, қолдап, әрі сауатты түрде талап ете білген жағдайда ғана оңтайлы жүзеге асырылады. Оқу жылының соңында білім беру ұйымындағы аттестация комиссиясының жетекшісі жыл бойы мектеп тарапынан өткізіліген жұмысқа және педагогтің жұмыс нәтижесіне сапалы талдау жасайды. Педагог қызметкерлерді аттестаттауда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.ҚосымшаларПедагог қызметкерлердісынама біліктілік тестілеуден өтуге дайындау жоспары № Іс - шаралар Мерзімі Жауапты 1 Пед.ұжымды жалпы орта білім беретін ұйымдардағы педагог қызметкерлерді сынама біліктілік тестілеуден өткізу ережесімен таныстыру 2 Деректер базасын құру ,тестіленушілердің тізімін бекіту 3 Тестілеуді ұйымдастырушылардың міндеттерін анықтау 4 Тестілеу өткізу үшін компьютерлік сыныпты әзірлеу 5 Мұғалімдерді Заңдармен,құжаттармен қамтамасыздандыру 6 Тестіленушілерді психологиялық дайындау 7 Біліктілік тестілеуге әзірлік,байқау тестару 8 Біліктілік тестілеуден өту және оның нәтижесін талдау «Бекітілді:»Мектеп директоры« » 2013-2014 оқу жылы мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспарыМақсаты:Аттестатталушы мұғалімдерді аттестаттауға сапалы дайындау. № Іс-шаралар мерзімі жауапты Күтілетін нәтиже 1 Аттестаттауға өтініш беру жайлы кеңес 2 Аттестаттауға және бекітуге өтініш қабылдау 3 Осы оқу жылында жоспар бойынша аттестатталатын мұғалімдер тізімін жасау 4 Эксперттік топ құру 5 Аттестаттлушы мұғалімнің аттестаттаудан өту жоспарын құру және корректілеу 6 Аттестатталушының 5 жылғы жұмысы жайлы мәлімет жасауы 7 -І ж.ж. бақылау жұмысының талдауы (мәтін түрінде)-құжаттарды сараптау-ата-аналар мен оқушылар арасында анкета алу 8 Аттестатталушы мұғалім портфолиосын жасау 9 Ашық сабақ өткізу, өз білімін жетілдіру бойынша есеп беру 10 Эксперттердің шешімі 11 Аттестатталушы портфолиосын зерттеу. Берілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру 12 Аттестатталушы педагогтармен аттестаттаудыңаяқталуы алдындағы кездесуі 13 Аттестаттау комиссиясының қорытынды отырысы 14 Аттестаттаудың аяқталуы жөнінде мектептің ӘБ алдында аналитикалық есеп беру Мектепішілік аттестаттау шаралар кестесіМәселе: Мақсаты: Міндеттері: Аттестатталушы мұғалімнің Айы Т.А.Ж. 08 09 10 11 12 01 02 03 04 Б БАҚ Ав.жСТ ЖББ Кө ШЕ ПА С МАтт т Шартты белгілер:1 кезең:ТС – тест2 кезең:ЖБЖ – жазбаша білім бақылау АС – ашық сабақСТ – сыныптан тыс жұмысКө – көрмеААЖ– ата-аналар жиналысыПН – пән апталығыО – олимпиадаӨП – өзінпрезентация Ав – авторлық жұмысБАҚ –газет, журнал беттерінебасылымСем – семинар-практикумШТ – шығармашылық топШЕ-шығармашылықБ - баяндамаАттестатталушымұғалімнің педагогикалық қызметін, пәнді оқыту жағдайын тексеру Тексеру барысындааттестатталушы педагогтың жұмысы және оқу жоспарына негізделген келесі құжаттар қарастырылады:1.Пән бойынша бағдарламаның болуы және күнтізбелік – тақырыптық жоспардың бағдарламамен сәйкестігі,күнделікті сабақ жоспарлары2.Мұғалімнің сабағына қатысу. Сабақтардың қазіргі күн талабына жауап беруі, оқытуды жаңа тәсілдері мен әдістерін қолдануы,нәтижелілігі3.Оқушылардың ББД бақылау (бақылау жұмыстары, тесттер т.б.)4.Пән бойынша сынып журналының жағдайы (журналды жүргізу, бағаның жинақталуы оқушылардың сабаққа қатысуы, үй жұмысының мөлшері, тоқсандық бағаның дұрыс қойылуы, бақылау, практикалық жұмыстарға баға қойылуы)5.Пән бойынша дәптердің жағдайы (мұғалімнің дәптерлердітексеру жиілігі, дәптер жүргізуге қойылатын талаптарды орындалуы)6.Бақылаужұмысы дәптерлері: оқушылардың білімі мен іскерлігін есепке алу, мұғалімнің білім сапасын бақылауға алуға, мониторинг жүргізуі7.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бойынша дарынды балалармен жұмыс 8.Пәнбойыншасабақтан тыс жұмыс9.Пән кабинетінің жағдайы:а)Санитарлық – гигиеналық жағдайә) Кабинеттің безендірілуіб) Техникалық құралдармен жабдықталуыв) Дидактикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді жүйеге келтіру10.Мектеп әдістемелік бірлестігінің жұмысы (мұғалімндің ӘБ жұмысына қатысуы, докладтар, олардың тақырыптары) өзіндік білімін жетілдіруі10.Мұғалімнің жұмысын бағалау,сараптама қорытындысы11.Тұжырымдамалар және ұсыныстарБіліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің қызметін талдауға арналған материалдар:- педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);- шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;- эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;- әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;- ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;- оқушылар мен тәрбиеленушілерінің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;- педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; пікірлер, оқушылармен және тәрбиеленушілермен, ата-аналармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері. Қараоба орта мектебінің мұғалімдерінаттестаттау құжаттары № Мазмұны № 1 Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау. Нормативті құжаттар 1 2 Бұйрықтар 2 3 Мұғалімдерді аттестаттау комиссиясы 3 4 Аттестаттау комиссиясының хаттамалары 4 5 Аттестатталушының өтініштерін тіркеу журналы 5 6 Тестілеуге дайындық 6 7 Аттесталушы мұғалімге көмек 7 8 Аттестаттау материалдары 8 9 Мұғалімдерді аттестаттау нәтижесі,сараптамасы 9 10 Аттестаттау парақтары 10 11 Куәліктерді тіркеу журналы 11 12 2013-2014 о.ж.мұғалімдерді аттестаттауды қорытындылау 12 2013-2014 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдергебекітілген эксперттер. № Аттестатталушымұғалімнің аты – жөні Эксперттің аты – жөні «Бекітімін»Мектеп директоры:«» 2013ж2013-2018 оқу жылыаттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізіміПерспективтіжоспардан көшірме № Мұғалімнің Аты- жөні ПәніСанаты Соңғыаттестаттау 2014 2015 2016 2017 2018 1 2 3 4 5 2013-2014 оқу жылыҚазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аттестаттаудан өту кестесі/Перспективті жоспардан көшірме/ № Мұғалімнің аты- жөні Пәні Сынып Оқытутілі санаты Жылы Жоспар орындалуы 2013-2014 оқу жылыАттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерініңашық сабақ кестесі № Мұғалімнің аты- жөні Пәні Сынып Оқыту тілі Мерзімі Орындалуы 1 2 2013-2014 оқу жылыАттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерініңсабақтарына қатысу кестесі № Мұғалімнің аты- жөні Пәні Сынып Оқыту тілі Айы Күні Орындалуы 1 2 Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерініңкурстық дайындықтан өту кестесі Перспективті жоспардан көшірме № Мұғалімнің аты- жөні Пәні Сынып Оқытутілі Курстан өткен жылы Пәні Курстық Жоспар орындалуы 1 2 Кәсіптік біліктілікке арналған сауалнама Мұғалімнің аты-жөні: Сабақ беретін пәні: № өлшеуіштер мұғалімнің жауабы 1 Білімі, аяқтаған оқу орны, аяқтаған жылы 2 Диплом бойынша мамандығы, квалификациясы 3 Пед.өтілі, пән бойынша өтілі 4 Біліктілік санаты, жылы (пәннен) 5 Пән бойынша курс (қайда, өткен жылы, тақырыбы) 6 Өз білімін жетілдіру тақырыбы (осы тақырып аясында нешінші жылында жұмыс жасап жүр) 7 Өз білімін жетілдіру тақырыбы аясында қашан, қайда баяндама жасады 8 Тұрақты жазылып, оқитын ғылыми-әдістемелік газет-журнал 9 Сабақта қолданатын жаңа педагогикалық технология, ақпараттық технология 10 Жаңа педагогикалық технология, ақпараттық технологиялар бойынша курстан қашан және қайда өттіңіз, қандай технологияларды жақсы білесіз 11 Тереңдетіп оқыту сыныбының оқу сапасы, аталған сыныптағы оқушылардың жетістіктері - 12 Тереңдетіп оқытуда қандай мәселені басшылыққа аласыз немесе пән бойынша ғылымның қай саласын тереңдетіп оқытасыз - 13 Бейіналды курс, атауы, бағдарламасы мен оқу құралы рецензияланған ба (кім, қайда, қашан және оқушы копоненті ме әлде мектеп компоненті ме) - 14 Бейіндік курс, атауы, рецензиясы (кім, қайда, қашан және оқушы копоненті ме әлде мектеп компоненті ме) - 15 Мектепте немесе аудандық, облыстық деңгейдегі әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық, проблемалық топтардың мүшелігіне жатасыз ба (қашаннан бері, еңбегіңіз жинаққа енді ме) - 16 Педагогикалық баспаларда еңбегіңіз жарық көрді ме (қашан, қандай басылым, №) - 17 Авторлық бағдарлама, оқу-әдістемелік құрал (атау, қай жылы).Оның негізгі идеясы, мақсаты мен міндеттері, қандай мәселені шешеді, қандай пәндермен байланысты,мазмұны, құрылымы, күтілетін нәтиже, көрсете білу деңгейі . 18 Пән кабинетіңіз бар ма, заман талабына лайық жабдықталған ба 19 Соңғы аптада қандай жаңа еңбекті оқып жүрсіз (көркем әдебиет, әдістемелік, зерттеу еңбегі, есептер жинағы т.б.) 20 Өз біліміңіз бойынша жетістіктер (жеңімпаз, жүлдегер, номинант, қатысушы, еңбек жинаққа енген) 21 Тақырып бойынша жұмысыңызды қорытындылау мерзіміңіз 22 Әріптестеріңізбен ( мектеп, аудан, облыс, республикада) қандай іс-тәжірибеңізбен бөлісе аласыз? Оқушылардың жетістіктері 23 Олимпиада, сайыс, марафон, турнир 24 Оқушыларыңыздың зерттеу немесе шығармашылық жұмыстары жарық көрді ме (қашан, қандай басылым, №) - 25 Оқушылардың пән бойынша білім сапасының 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші 26 Оқушы білімін бағалау жүйесі 27 ҰБТ нәтижесі (5 жыл) 28 ОЖСБ нәтижесі 29 Жетектеп жүрген оқушыңыздың ғылыми жұмысының тақырыбы, бағыты, секциясы, сыныбы 30 Озық педагогикалық тәжірибе (зертттеу, жинақтау, тарату және қолдану) 31 Соңғы 5 жылда мектеп үшін өз санатыңызға лайық қандай биік нәтиже көрсеттіңіз 32 Марапат (қандай, қашан) ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына түсіндірме // Қазақстан мектебі. – 2004. - №2. - 3-16 б.3.Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Жоба. – Астана, 2007. - 3-9 б.4. Жексенбаева У.Б Диалог-5. Основные направленияобновления содержания образования // Учитель Казахстана. - 2006, 11 декабря. – С. 8. 5.Мигаль В.И. Мигаль Е.А. «Управление современной школой» Выпуск І. Внутришкольный контроль и сетевое планирование. Изд. «Учитель», 2002 С 7-13.6. Рахимжанов А. Послание Президента народу Казахстана-программа действий для организаций образования //Білімдегі жаңалықтар. – 2005. - №2(10). – С. 5-9.7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Ел. – 2008. - №6 (134). - 12 ақпан. - 1-3 б.8. Сүлейменова Қ. Оқытудың жаңа тәсілі // Қазақстан мұғалімі. - 2007, 6 наурыз. – 8 б.9. ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы,2002. – 382 б.10. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. –Алматы, 1996. – С. 221.11. Құнантаева К. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917–1990). - Алматы. - 1998. – 138 б.12. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. – Алматы, 1998. С. 3-27.13. Құнантаева К.Қ. Развитие образования в Казахстане (1917-2000). – Алматы. – С. 207.14. Әмір Ш.Қ. Педагогикалық инновацияны басқару негіздері ұлттық гимназияның үлгісін жетілдіру п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дисс. – Астана: ЕГИ,2005. – 170 б.15. Правила государственной аттестации организаций образования МОН РК (2007-2011гг.)16, Программа и методические рекомендации по организации и проведению гос аттестаци исамооценки организаций образования, реализующих учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (2009г.)17. Саттарова Ж.С. Рякина Е.С., Савкина М.П. «Организация и проведение аттестации педагогических работников» , Павлодар, 2011, Павлодарский ИПК ПК
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әдістемелік кабинет








Педагогтерді аттестаттауды

ұйымдастыру жұмыстарын

тиімді үйлестіру



Методическое пособие Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру




Риза Маней, әдіскер




Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, 2013 жыл




Жинақта педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сай мектепішілік аттестаттау шаралары, аттестаттау жұмысында қолданылған құжаттар үлгілері берілген. Жинақ мектепішілік аттестаттау комиссиясы мүшелеріне аттестатталушы мұғалімдерге арналған.

Аттестаттау материалдары құрастырылғаннан кейін практикада, іс-жүзінде апробациядан өткен, сондықтан мектепішілік аттестаттауда, мектепішілік басқаруда пайдалы болады деген сенімдеміз. Жинақтың практикалық маңыздылығы: аталған үлгі-кестені әр білім беру ұйымында қолдануға лайықты.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысындағы туындайтын проблема көп: білім беру ұйымдарында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру жұмыстарының тиімді үйлестірілмеуі, осы тақырып аясында мемлекеттік тілде басылған әдістемелік құралдың аздығы, аталған мәселенің әдістемелік тұрғыда зерттелмеуі.

Білім беруді жаңғырту стратегияларын жүзеге асыру педагог кадрлардың сапасына тікелей байланысты. Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістер басталды. Ол маңызы жағынан, К. Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі». Бұл жаңа жүйе - біз үшін 12 жылдық білім беруге көшу болып отыр.

Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс. Ы. Алтынсариннің «Мұғалім - мектептің жүрегі» деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік шығармашылық дамуы жөнінде В.А. Афанасьев, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, А.А. Бейсенбаева, М.Ә. Құдайқұлов, А.К. Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби шеберлікті шыңдау жөнінде көптеген еңбектер жазған [7, 65-б., 18, 298-б., 27, 31-б., 33.]. Аталмыш ғалымдардың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік ұстанымы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған [20, 6-б., 27, 64-б., 122, 6-7-б.]. Қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде тыңғылықты мәселелерге тоқталады. Олар өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек дейді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді [77].

Ал, педагогтердің кәсіптік деңгейін көтерудің бірден-бір тәсілі педагог кадрлардың аттестациясы болып табылады.

Педагогтерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің квалификациялық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тұтас бір жүйесі. Аттестаттау білім беру ұйымдарында кезең кезеңдерімен өткізілетінін бәріміз білеміз. 1-кезеңінде мұғалім аттестацияаралығында жасаған педагогикалық әрекетіне, өз білімі мен біліктілігін арттыру бағытында жүргізген жұмысына ішкі сараптама жүргізіеді, бұл кезеңде педагог өзінің педагогикалық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасайды, іс-тәжірибесін жинақтайды, жинақтаған тәжірибесі мен педагогтерді аттестаттау ережесінің талаптарына сай келетін жетістіктерінің негізінде білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының төрағасының атына біліктілігін көтеру жөнінде (немесе растау) өтініш жазады, 2-кезеңі сыртқы сараптама деп аталады, мұнда білім беру ұйымындағы аттесттаттау комиссиясы педагогтің іс-әрекетіне талдау жасайды, 3-кезеңінде аттестаттау комиссиясы аттесттаттау ережесі негізінде педагогтің өтінген санатына сәйкестігіне баға беріледі.

Мұнда ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтермен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр.

Білім беру ұйымында (мектеп, мектептен тыс мекеме, балабақша, т.б.) жылдық жұмыс жоспарындағы педагогтердің біліктілігін жетілдіру тармағы негізінде ағымдағы оқу жылының басында және келесі оқу жылының басында педагогтердің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу іс-шараларының жоспары жасалынады (5 жылдық перспективалық жоспардың негізінде). Жоспарлау - білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқарудың тиімді әдістемелерінің бірі [5, 10-б.]. Сондықтан педагогтің құзыреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.

Жұмыс жоспары бойынша педагогикалық ұжым нормативтік-құқықтық құжаттармен (айталық, Педагогтерді аттесттаттау ережесімен) толық танысқан болу керек (біріншіден, мектеп басшылығы бұл нормативтің мазмұнын жақсылап оқып, зерделеп, таныған болу). Егер нормативтің мазмұнын педагог толық білмесе, оның аттестацияға дайындығы сауатты болып табылмайды.

Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері ұжымдағы әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық және көрнекі түрде бақылап отыру міндет. Егер ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің, тегі, аты-жөні анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады. Аттестаттау ережесінде, әсіресе, жас мамандар үшін түсінуге ауырлық танытатын педагогикалық терминдер бар, сондай термин сөздердің глоссарийін жасау басшылықтың міндетіне жатады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аттестатталатын педагогтердің аттестациядан өту кестесі жасалған болу керек.

Келесі кезекте педагог білім беру ұйымының басшысына немесе аттестаттау комиссиясы төрағасының атына санат алу немесе санатын көтеру бойынша өтініш жасайды.

Осы сәттен бастап білім беру мекемесінің аттестаттау комиссиясының ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогпен жұмысы (2-кезең) басталады. Оқу жылы басында аттестаттау комиссиясы мүшелері аттестаттау комиссиясының қызметімен, міндеттерімен танысады. Аттестаттау комиссиясы педагогтердің өтініштерін қарайды, аттестатталатын педагог қызметкерлердің мәліметтер базасын жасайды және олардың қызметінің қорытындыларын талдамалық жалпылауды жүргізеді. Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша екінші, бірінші, жоғары біліктілік санаттары үшін екінші кезең өткізіледі. Педагог қызметкерлерді тестілеудің оң нәтижесі екінші кезеңге жолдама алуға негіз болып табылады. Екінші кезең соңында аттестаттау комиссиясы Педагог қызметкерлерге біліктілік талаптарына беру немесе растау туралы шешімді шығарады. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы педагог қызметкерлерге екінші санатты бекітуді қарастырады және бекітеді. Педагог қызметкерлердің аттестаттау материалдарын аудандық аттестаттау комиссиясына қарастыруға ұсынады. Аттестаттау комиссиясы жоқу жылы басында жұмыс жоспарын құрады және жүзеге асырады. Жұмыс жоспары аттестатталатын педагогтің өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, аналитикалық талдау жұмыстарымен қатар жүреді. Жұмыс желісі мынадай болады:

1. Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясының аттестатталатын педагогтермен өткізетін жылдық жұмысы (үлгі)

Мектеп әкімшілігі немесе аттестаттау комиссиясы

мерзімі

1

Педагогикалық кеңес

мамыр

2

Аттестациядан өтетін педагогтерге өтініш жазу мәселесі бойынша әдістемелік кеңес беру, аттестатталатын педагогтерді аттестаттау ережелерімен, нормативтік құжаттардың мазмұнымен толық таныстыру

мамыр

3

Аттестациядан өтетін педагогтердің өтініштерін қабылдау

25 мамырға дейін

4

Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын жасау

26-28 мамыр

5

Алдағы оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерді анықтау

25 мамырдан 10 маусым аралығында

6

Алдағы оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтерді ағымдағы жылы жасалатын жұмыс мазмұнымен таныстыру

Маусым

7

Аудандық білім бөліміне аттестациядан өтетін педагогтердің тізімін, мәліметтер базасын ұсыну

10 маусымға дейін

8

Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс кестесін әзірлеу

Маусым-қыркүйек

9

Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналыста аттестатталатын педагогтермен өткізілетін жұмыс жоспарын қарау

қыркүйек

10

Аттестациядан өтетін педагогтер үшін өзінің кәсіптік құзыреттілігін бағалауға арналған сауалнама өткізу, нәтижені бағалау

қазан

11

Ата-аналар мен оқушылардың арасында педагог жайлы сауалнама өткізіп, нәтижені бағалау

қараша

12

Педагогтің аттестацияға дайындық құжатының мазмұны мен рәсімдеу сапасына баға беру, әдістемелік кеңес беру

қараша

13

Аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету

Қараша, қаңтар

14

Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение) жұмысын зерттеу

қаңтар

15

Педагогтің өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесіне сараптама, сараптамалық түйіндеме немесе қорытынды жасау

наурыз

16

Аттестаттау парағын әзірлеу

20 наурызға дейін

17

Білім беру ұйымының аттестация комиссиясының қорытынды отырысын өткізу

20-22 наурызға дейін

18

Аудандық, облыстық сараптама комиссияларының түйіндемелерін алу

Ақпан

19

Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысы

23 наурызға дейін

Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссяисының отырысына қатысуы

1 сәуір

2. Педагог тарапынан жасалатын шаралар

Педагог тарапынан жасалатын шаралар

мерзімі

1

Аттестациядан өтуге өтініш жазу

31 мамырға дейін

2

Аттестаттау комиссиясына мәліметтер базасын жасауы үшін өзі жайлы жеке басын, білімін, пән бойынша біліктілік деңгейін, пән бойынша ПҚБАИ-да курста білім жетілдірген жылын, еңбек өтілін, өтініш жазуға негіз болған жетістіктер мен жағдайларды растайтын құжаттар ксеро- көшірмесін ұсыну

31 мамырға дейін

3

Тестіге дайындық жасау, пән бойынша авторлық құралдарға рецензия алу

Жыл бойы

Аудандық тамыз конференциясында өз білімін жетілдіру тақырыбы аясында баяндама оқу

тамыз

4

Білім беру ұйымының және аудандық әдістемелік кабинет тарапынан өткізілген сауалнамаға қатысу

қазан

5

Әдістемелік портфолио жасау

Қазан-қараша

6

Әдістемелік бірлестікте өткізілетін кеңеске қатысу

қазан

7

Аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейде өткізілетін конференция, олимпиада-сайыстарға оқушыларын қатыстыру, өзі қатысу

8

Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін әдістемелік бірлестік ішінде әріптестері арасында презентациялауы

желтоқсан

9

Өзінің білім жетілдіру бойынша жұмысын, 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін жинақтау (обобщение)

желтоқсан

10

Өзінің 5 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін білім беру ұйымында әріптестері арасында (аттестаттау комиссиясының қатысуымен) презентациялауы, шығармашылық есеп беруі

желтоқсан

11

Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттарын, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде ашық шаралар, өз жұмысын жинақтап, презентация өткізу

желтоқсан-ақпан

12

Жоғары санатқа аттестатталатын педагогтер облыстық әдіскерден іс-тәжірибеге баға берген пікірін алу (жоғары санатқа)

Ақпан

13

1-санатқа аттестатталатын педагогтер аудандық аттестация бойынша сараптама комиссиясының түйіндемесін алу

Ақпан

14

Білім беру мекемсіндегі аттестаттау комиссиясымен және әдістемелік бірлестік мүшелерімен бірлесіп аттестаттау парағының мәліметтер базасын әзірлеу

1 наурызға дейін

15

Аттестаттау комиссиясының жұмыстық жиналысына қатысу

23 наурызға дейін

16

Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы мен педагогтің аудандық аттестация комиссиясының отырысына қатысу

1 сәуір

Жоғарыда көрсетілген балама жобалар, бір жағынан қарағанда, педагогті аттестациядан өткізуге арналған жұмыстың жүйесі болғанымен, осы іс-әрекет білім ұйымының басшылары тарапынан нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес сауатты да шебер, үйлесімді жүргізілген жағдайда, сондай-ақ мекеме мен педагог арасында тығыз байланыс пен түсіністік орнаған жағдайда, педагогті басшылық тарапынан әрі ынталандырып, қолдап, әрі сауатты түрде талап ете білген жағдайда ғана оңтайлы жүзеге асырылады. Оқу жылының соңында білім беру ұйымындағы аттестация комиссиясының жетекшісі жыл бойы мектеп тарапынан өткізіліген жұмысқа және педагогтің жұмыс нәтижесіне сапалы талдау жасайды.

Педагог қызметкерлерді аттестаттауда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

2) біліктілік санаты - жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;

3) ерікті біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) - мерзімінен бұрын біліктілік санатты жоғарылату және растау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін өткізілетін педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізу рәсімінің бір түрі;

4) қызмет қорытындыларын талдамалық жалпылау - педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және оң зерделеу негізінде кәсіби құзыреттілігін бағалауды қамтитын аттестаттау кезеңдерінің бірі.

Қосымшалар

Педагог қызметкерлерді

сынама біліктілік тестілеуден өтуге дайындау жоспары

Іс - шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Пед.ұжымды жалпы орта білім беретін ұйымдардағы педагог қызметкерлерді сынама біліктілік тестілеуден өткізу ережесімен таныстыру

2

Деректер базасын құру ,тестіленушілердің тізімін бекіту

3

Тестілеуді ұйымдастырушылардың міндеттерін анықтау

4

Тестілеу өткізу үшін компьютерлік сыныпты әзірлеу

5

Мұғалімдерді Заңдармен,құжаттармен қамтамасыздандыру

6

Тестіленушілерді психологиялық дайындау

7

Біліктілік тестілеуге әзірлік,байқау тестару

8

Біліктілік тестілеуден өту және оның нәтижесін талдау


«Бекітілді:»

Мектеп директоры

«___»___________

2013-2014 оқу жылы мұғалімдерді аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспары

Мақсаты:Аттестатталушы мұғалімдерді аттестаттауға сапалы дайындау.


Іс-шаралар

мерзімі

жауапты

Күтілетін нәтиже

1

Аттестаттауға өтініш беру жайлы кеңес

2

Аттестаттауға және бекітуге өтініш қабылдау

3

Осы оқу жылында жоспар бойынша аттестатталатын мұғалімдер тізімін жасау

4

Эксперттік топ құру

5

Аттестаттлушы мұғалімнің аттестаттаудан өту жоспарын құру және корректілеу

6

Аттестатталушының 5 жылғы жұмысы жайлы мәлімет жасауы

7

-І ж.ж. бақылау жұмысының талдауы (мәтін түрінде)

-құжаттарды сараптау

-ата-аналар мен оқушылар арасында анкета алу

8

Аттестатталушы мұғалім портфолиосын жасау

9

Ашық сабақ өткізу, өз білімін жетілдіру бойынша есеп беру

10

Эксперттердің шешімі

11

Аттестатталушы портфолиосын зерттеу. Берілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеру

12

Аттестатталушы педагогтармен аттестаттаудың аяқталуы алдындағы кездесуі

13

Аттестаттау комиссиясының қорытынды отырысы

14

Аттестаттаудың аяқталуы жөнінде мектептің ӘБ алдында аналитикалық есеп беру





Мектепішілік аттестаттау шаралар кестесі


Мәселе:

Мақсаты:

Міндеттері:

Аттестатталушы мұғалімнің

Айы

Т.А.Ж.


08

09

10

11

12

01

02

03

04


Б

БАҚ

Ав.ж

СТ

ЖББ

Кө ШЕ

ПА

С

МАтт

т











Шартты белгілер:

1 кезең:

ТС - тест

2 кезең:

ЖБЖ - жазбаша білім бақылау

АС - ашық сабақ

СТ - сыныптан тыс жұмыс

Кө - көрме

ААЖ- ата-аналар жиналысы

ПН - пән апталығы

О - олимпиада

ӨП - өзінпрезентация

Ав - авторлық жұмыс

БАҚ - газет, журнал беттеріне басылым

Сем - семинар-практикум

ШТ - шығармашылық топ

ШЕ-шығармашылық

Б - баяндама

Аттестатталушы мұғалімнің педагогикалық қызметін, пәнді оқыту жағдайын тексеру

Тексеру барысында аттестатталушы педагогтың жұмысы және оқу жоспарына негізделген келесі құжаттар қарастырылады:

  1. Пән бойынша бағдарламаның болуы және күнтізбелік - тақырыптық жоспардың бағдарламамен сәйкестігі,күнделікті сабақ жоспарлары

  2. Мұғалімнің сабағына қатысу. Сабақтардың қазіргі күн талабына жауап беруі, оқытуды жаңа тәсілдері мен әдістерін қолдануы,нәтижелілігі

  3. Оқушылардың ББД бақылау (бақылау жұмыстары, тесттер т.б.)

  4. Пән бойынша сынып журналының жағдайы (журналды жүргізу, бағаның жинақталуы оқушылардың сабаққа қатысуы, үй жұмысының мөлшері, тоқсандық бағаның дұрыс қойылуы, бақылау, практикалық жұмыстарға баға қойылуы)

  5. Пән бойынша дәптердің жағдайы (мұғалімнің дәптерлерді тексеру жиілігі, дәптер жүргізуге қойылатын талаптарды орындалуы)

  6. Бақылау жұмысы дәптерлері: оқушылардың білімі мен іскерлігін есепке алу, мұғалімнің білім сапасын бақылауға алуға, мониторинг жүргізуі

  7. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бойынша дарынды балалармен жұмыс

  8. Пән бойынша сабақтан тыс жұмыс

  9. Пән кабинетінің жағдайы:

а)Санитарлық - гигиеналық жағдай

ә) Кабинеттің безендірілуі

б) Техникалық құралдармен жабдықталуы

в) Дидактикалық материалдар мен қосымша әдебиеттерді жүйеге келтіру

10.Мектеп әдістемелік бірлестігінің жұмысы (мұғалімндің ӘБ жұмысына қатысуы, докладтар, олардың тақырыптары) өзіндік білімін жетілдіруі

  1. Мұғалімнің жұмысын бағалау,сараптама қорытындысы

  2. Тұжырымдамалар және ұсыныстар

Біліктілік талаптарына сәйкес барлық санаттағылар үшін білім беру ұйымдарының аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің қызметін талдауға арналған материалдар:

- педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (өздігінен білім беру жөніндегі сабақтардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірлемелері);

- шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, педагогикалық оқылымдарға қатысқандығы туралы;

- эксперименттік қызметке қатысқандығы туралы;

- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-бағдарламаларын сараптауға қатысқандығы туралы;

- әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың жұмысына (басшылығы) қатысқандығы туралы;

- ұйымдастыру және тәрбиелеу қызметіне қатысқандығы туралы;

- оқушылар мен тәрбиеленушілерінің оқу жетістіктері, пән олимпиадаларының, конкурстардың, байқаулардың, ойындар мен жарыстардың жеңімпаздары туралы;

- педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; пікірлер, оқушылармен және тәрбиеленушілермен, ата-аналармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері.




Қараоба орта мектебінің мұғалімдерін

аттестаттау құжаттары


Мазмұны

1

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау. Нормативті құжаттар

1

2

Бұйрықтар

2

3

Мұғалімдерді аттестаттау комиссиясы

3

4

Аттестаттау комиссиясының хаттамалары

4

5

Аттестатталушының өтініштерін тіркеу журналы

5

6

Тестілеуге дайындық

6

7

Аттесталушы мұғалімге көмек

7

8

Аттестаттау материалдары

8

9

Мұғалімдерді аттестаттау нәтижесі,сараптамасы

9

10

Аттестаттау парақтары

10

11

Куәліктерді тіркеу журналы

11

12

2013-2014 о.ж. мұғалімдерді аттестаттауды қорытындылау

12

2013-2014 оқу жылында аттестаттаудан өтетін

мұғалімдерге бекітілген эксперттер.


Аттестатталушы

мұғалімнің аты - жөні

Эксперттің аты - жөні




«Бекітімін»

Мектеп директоры:

« » _________ 2013ж

2013-2018 оқу жылы аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімі

Перспективті жоспардан көшірме

Мұғалімнің

Аты- жөні

Пәні

Санаты

Соңғы

аттестаттау

2014

2015

2016

2017

2018

1



2



3



4



5




2013-2014 оқу жылы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аттестаттаудан өту кестесі

/Перспективті жоспардан көшірме/

Мұғалімнің аты- жөні

Пәні

Сынып

Оқыту

тілі

санаты

Жылы

Жоспар

орындалуы





































2013-2014 оқу жылы

Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің

ашық сабақ кестесі


Мұғалімнің аты- жөні


Пәні

Сынып

Оқыту тілі

Мерзімі

Орындалуы

1





2








2013-2014 оқу жылы

Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің сабақтарына қатысу кестесі


Мұғалімнің аты- жөні


Пәні

Сынып

Оқыту тілі

Айы

Күні

Орындалуы

1






2








Аттестатталушы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің курстық дайындықтан өту кестесі

Перспективті жоспардан көшірме

Мұғалімнің аты- жөні

Пәні

Сынып

Оқыту

тілі

Курстан өткен жылы

Пәні

Курстық Жоспар

орындалуы

1







2







Кәсіптік біліктілікке арналған сауалнама

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ беретін пәні:

өлшеуіштер

мұғалімнің жауабы

1

Білімі, аяқтаған оқу орны, аяқтаған жылы

2

Диплом бойынша мамандығы, квалификациясы

3

Пед.өтілі, пән бойынша өтілі

4

Біліктілік санаты, жылы (пәннен)

5

Пән бойынша курс (қайда, өткен жылы, тақырыбы)

6

Өз білімін жетілдіру тақырыбы (осы тақырып аясында нешінші жылында жұмыс жасап жүр)

7

Өз білімін жетілдіру тақырыбы аясында қашан, қайда баяндама жасады

8

Тұрақты жазылып, оқитын ғылыми-әдістемелік газет-журнал

9

Сабақта қолданатын жаңа педагогикалық технология, ақпараттық технология

10

Жаңа педагогикалық технология, ақпараттық технологиялар бойынша курстан қашан және қайда өттіңіз, қандай технологияларды жақсы білесіз

11

Тереңдетіп оқыту сыныбының оқу сапасы, аталған сыныптағы оқушылардың жетістіктері

-

12

Тереңдетіп оқытуда қандай мәселені басшылыққа аласыз немесе пән бойынша ғылымның қай саласын тереңдетіп оқытасыз

-

13

Бейіналды курс, атауы, бағдарламасы мен оқу құралы рецензияланған ба (кім, қайда, қашан және оқушы копоненті ме әлде мектеп компоненті ме)

-

14

Бейіндік курс, атауы, рецензиясы (кім, қайда, қашан және оқушы копоненті ме әлде мектеп компоненті ме)

-

15

Мектепте немесе аудандық, облыстық деңгейдегі әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық, проблемалық топтардың мүшелігіне жатасыз ба (қашаннан бері, еңбегіңіз жинаққа енді ме)

-

16

Педагогикалық баспаларда еңбегіңіз жарық көрді ме (қашан, қандай басылым, №)

-

17

Авторлық бағдарлама, оқу-әдістемелік құрал (атау, қай жылы).

Оның негізгі идеясы, мақсаты мен міндеттері, қандай мәселені шешеді, қандай пәндермен байланысты, мазмұны, құрылымы, күтілетін нәтиже, көрсете білу деңгейі

.

18

Пән кабинетіңіз бар ма, заман талабына лайық жабдықталған ба

19

Соңғы аптада қандай жаңа еңбекті оқып жүрсіз (көркем әдебиет, әдістемелік, зерттеу еңбегі, есептер жинағы т.б.)

20

Өз біліміңіз бойынша жетістіктер (жеңімпаз, жүлдегер, номинант, қатысушы, еңбек жинаққа енген)

21

Тақырып бойынша жұмысыңызды қорытындылау мерзіміңіз

22

Әріптестеріңізбен ( мектеп, аудан, облыс, республикада) қандай іс-тәжірибеңізбен бөлісе аласыз?

Оқушылардың жетістіктері

23

Олимпиада, сайыс, марафон, турнир

24

Оқушыларыңыздың зерттеу немесе шығармашылық жұмыстары жарық көрді ме (қашан, қандай басылым, №)

-

25

Оқушылардың пән бойынша білім сапасының 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші

26

Оқушы білімін бағалау жүйесі

27

ҰБТ нәтижесі (5 жыл)

28

ОЖСБ нәтижесі

29

Жетектеп жүрген оқушыңыздың ғылыми жұмысының тақырыбы, бағыты, секциясы, сыныбы

30

Озық педагогикалық тәжірибе (зертттеу, жинақтау, тарату және қолдану)

31

Соңғы 5 жылда мектеп үшін өз санатыңызға лайық қандай биік нәтиже көрсеттіңіз

32

Марапат (қандай, қашан)

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына түсіндірме // Қазақстан мектебі. - 2004. - №2. - 3-16 б.

3. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Жоба. - Астана, 2007. - 3-9 б.

4. Жексенбаева У.Б Диалог-5. Основные направления

обновления содержания образования // Учитель Казахстана. - 2006, 11 декабря. - С. 8.

5. Мигаль В.И. Мигаль Е.А. «Управление современной школой» Выпуск І. Внутришкольный контроль и сетевое планирование. Изд. «Учитель», 2002 С 7-13.

6. Рахимжанов А. Послание Президента народу Казахстана-программа действий для организаций образования //Білімдегі жаңалықтар. - 2005. - №2(10). - С. 5-9.

7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Ел. - 2008. - №6 (134). - 12 ақпан. - 1-3 б.

8. Сүлейменова Қ. Оқытудың жаңа тәсілі // Қазақстан мұғалімі. - 2007, 6 наурыз. - 8 б.

9. ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы,

2002. - 382 б.

10. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. -Алматы, 1996. - С. 221.

11. Құнантаева К. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990). - Алматы. - 1998. - 138 б.

12. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. - Алматы, 1998. С. 3-27.

13. Құнантаева К.Қ. Развитие образования в Казахстане (1917-2000). - Алматы. - С. 207.

14. Әмір Ш.Қ. Педагогикалық инновацияны басқару негіздері ұлттық гимназияның үлгісін жетілдіру п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын. дисс. - Астана: ЕГИ,

2005. - 170 б.

15. Правила государственной аттестации организаций образования МОН РК (2007-2011гг.)

16, Программа и методические рекомендации по организации и проведению гос аттестаци и самооценки организаций образования, реализующих учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования (2009г.)

17. Саттарова Ж.С. Рякина Е.С., Савкина М.П. «Организация и проведение аттестации педагогических работников» , Павлодар, 2011, Павлодарский ИПК ПК



© 2010-2022