Сабақ тақырыбы Қазақстан – менің Отаным (6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным

Сағаттың мақсаты: Оқушыларды Отанын сүйюге, тіл құдіретін сезіне білуге, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне білуге қалыптастыру.

Дамыту мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пікір таластыра білуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ. Сабақ жоспары.

Ой қозғау:

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

- ҚР -ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.

Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

1. Қазақстан Республикасы туралы, рәміздері, қалалары, «Тіл туралы заңы». 2. «Қазақстаным менің», «Туған тілім тірлігімнің айғағы …» мәнерлеп жатқа өлең оқу 3. Тілге байланысты мақал - мәтел айту 4. «Менің Отаным - Қазақстан …» тақырыбында мәтін құрастыру Қазақстан туралы, Қазақстандағы қалалар, байлықтар туралы әңгімелеу. «Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз, өткен - кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес

Оқушыларға қойылатын сұрақтар: 1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Елбасымыз Н. Назарбаев қашан президент болып сайланды? 3. Қай жылы «Тілдер заңы» қабылданды ? 4. Елордамыз қай кала ? 5. Тілге байланысты қандай өлеңдерді жатқа айта аласыңдар ? 6.Ата Заңымыз жайлы кім айтады ? 7. Қазақ елінің бас қалалары жайлы кім не айтады ? 8. Тілге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз ?

. Мақал - мәтелдер жарысы.

7 - кезең. «Кім жылдам?» сайысы. Буынға бөліп, буын түрлерін анықтау қажет.

1 - топқа:

табыс, өрік, оймақ, жапырақ, әнұран, табақ, үй;

2 - топқа:

ата, қамал, жүйрік, от, белбеу, дұрыс, аманат;

8 - кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).

2. Бал тамған тілден... (у тамған).

3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)

4. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)

5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ)

6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (тілі ортақ)

7. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (шайқап сөйлер)

8. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)

9. Дәлелсіз сөз... (желмен тең)

10. Тіл қылыштан... (өткір).

11. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).

12. Тілден артық... (қазына жоқ).

13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді).

14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... (тілінде).

15. Ең ащы да тіл, ең... (тәтті де тіл).


© 2010-2022