Дауысты, дауыссыз дыбыстардан өткенді қайталау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстардан өткенді

қайталау.

Сабақтың мақсаты: Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың сауаттылықтарын көтеру. Фонетика бойынша білімдерін жинақтау. әр түрлі тапсырмалар арқылы орфоэпиялық сөйлеу тілдерін дамыту. Деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оқушылардың ой-өрістерін дамыту. Тез ойлануға, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, география.

Көрнекіліктер: сызба қағаз, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (268-жаттығу)

Өлең шумақтарындағы һ, ч дыбыстары бар сөз қандай

сөздер? Мағыналық талдау жасау.

ІІІ. Сынып жұмысы.

270-жаттығу. (Сынып А және Ә топтарына бөлінеді. 2 топқа екі түрлі тапсырма беріледі)

Мәтінді мәнерлеп оқу.

А тобы. дүрбі - алысты жақындатып көрсететін құрал.

қоладан құйғандай - қозғалмай қалды.

кербез - өркөкірек, маңғаз, тәкәппәр.

көз тікті - қарады.

сақшыдай - күзетшідей.

Ә тобы. 1) Құлжаның сыртқы кейпін суреттейтін сөйлемдерді

оқы.

2) Арқардың мүйізінің үлкен болуының пайдасы

неде?

271-жаттығу.

А тобы. «Әлемде талай қызық бар...» мәтінін оқып, мазмұндайды.

Ә тобы. Ұяң дыбыстардан басталатын сөздерді теріп жазу (биік, діңін, жасапты, жүк, басқа, бір, би, жасауға жарапты, бишінің жетіпті ...)

272-жаттығу.

А тобы. Құрамында үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді

жазу (алматы, апорттың, ғасырдың, Орал, шаруасы...).

Ә тобы. Жас, күй сөздерін омоним етіп сөйлем құрау.

Омоним дегеніміз не?

Жас бала ойындағысын айтады.

Көзден аққан жасыңды сүрт.

Құлаққа жағымды күй ойнап жатты.

Атамның қазіргі күйі өте аянышты.

273-жаттығу.

А тобы. Дауыссызға аяқталған сөздерді теріп жазады. (Күн, сәуірдің, жауып, саф, мөлдір,...)

Ә тобы. Көркемдеуіш құралдарды табу. Мәнерлеп оқу.

теңеу - күмістей

эпитет - мөлдір су, ұлпа бұлттар, көк орман, жібек қанат, күміс

тамшылар.

кейіптеу - Қаратаудың үстінен күлімдей асқан күн сәулесі дүниені мерекелі қуаныш шуағына бөледі.

Сергіту сәті. Теңеуге байланысты жапырақтай, көргендей, айдай, иілгендей, бұршақтай, күлімдегендей, меруерттей.

А тобы. 275-жаттығудан түсінгендерін айту.

Ә тобы. Идея дегеніміз не? (276-жаттығуды оқу).

Автор мәтінде не айтқысы келді?

Туған жердің табиғатын, кереметтерін жырлау - біздің

міндетіміз екенін айтып тұр.

Проблемалық сұрақтар.

Екі мәтінде де не жайлы айтылған (табиғат) неге?

Өзара қандай айырмашылықтары бар?

А тобы.

275-жаттығу.

Ә тобы.

276-жаттығу.

Жылдың төрт мезгілі сөз болады.

Автор өз ойын, сезімін айтады.

Туған жер, дала жайлы.

Адамдардың іс-әрекеттері толық суреттеледі.

Шүйгін, иен, көтерем сөздерінің мағыналарын ашу.

Синоним шүйгін - ну, иен дала - кең дала.

IV. Төрт сөзге фонетикалық талдау жасау.

(Сабақты бекіту)

А тобы.

қ- дауыссыз, қатаң

а- дауысты, жуан, ашық, езулік

л- дауыссыз, үнді

а- дауысты, жуан, ашық, езулік

м- дауыссыз, үнді

а- дауысты, жуан, ашық, езулік

й- дауыссыз, үнді

л- дауыссыз, үнді

ы- дауысты, қысаң,жуан, езулік

Ә тобы. Ереже сұрау.

Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Әліпби дегеніміз не?

Фонетика нені зерттейді?

V. Қорытынды сұрақтар (265-жаттығу бойынша).

VI. Үйге: 269-жаттығу.

VII. Бағалау: Әр оқушыны жеке бағалау.

© 2010-2022