ЭССЕ жеті модульге байланысты: Білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз

Өмір сан тарау жолдардың тоғысынан тұрады емес пе?! Сол өмір жолының кімді қайда жолықтыратыны беймәлім. Өмір-өзен өз ағысымен жүре бермек. Ал адамдар болса, бейне бір қайық сияқты. Тек олардың алға жылжу үшін есетін ескегі ол –  сапалы, терең - білім. Осыны әрбіреуіміз естен шығармауымыз қажет. Міне сондықтан да педагог маман ретінде үнемі жаңашылдықты жақсылық деп қабылдайтын мен алғаш осы курсқа білсем, үйренсем деген үлкен ынта, жігер, ниетпен келген болатынмын. Халқымызда  мынадай қанатты с...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі








Мақала тақырыбы:

«Білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз»

Үшінші (базалық) денгейлік курстан өтуші :Байтұрсынов Н.Б.






Ашутасты ауылы

Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы А.С.Макаренко орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Байтұрсынов Нұрымжан Бақытжанұлы

Туған жылым: 1988жыл, 28 наурыз

Еңбек өтілім: 3 жыл, 9 ай

Электронды пошта: [email protected]

12 апта

Өмір сан тарау жолдардың тоғысынан тұрады емес пе?! Сол өмір жолының кімді қайда жолықтыратыны беймәлім. Өмір-өзен өз ағысымен жүре бермек. Ал адамдар болса, бейне бір қайық сияқты. Тек олардың алға жылжу үшін есетін ескегі ол - сапалы, терең - білім. Осыны әрбіреуіміз естен шығармауымыз қажет. Міне сондықтан да педагог маман ретінде үнемі жаңашылдықты жақсылық деп қабылдайтын мен алғаш осы курсқа білсем, үйренсем деген үлкен ынта, жігер, ниетпен келген болатынмын. Халқымызда мынадай қанатты сөз бар «білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» демекші осы курсқа келер алдында білгенім тоғыз болса, ал курсты оқу барысында көптеген мәліметтер алу арқылы білгенім тоқсан тоғыз болды деп айта аламын.

Осылайша Бағдарламаның «Бетпе-бет» кезеңі де басталып кетті. Сындарлы оқуды негізге алған бағдарлама барысында 7 модульмен таныстым. Осы аталған 7 модульді өз пәнімнің көзқарасымен қарайтын болсам, «Әлемнің жеті кереметіне» теңер едім. «Әлемнің жеті» кереметі баршаға, әлемге мәлім болса, алдағы таңда барлық ұзтаздар қауымы осы бағдарламада танымал болады деген ойдамын. Түрлі тренингтер өткізу арқылы бастапқыда бір-біріне жат көрінген топ мүшелері болса, кейін келе бауыр бола бастады. Бұл да болса тренерлердің ұйымдастыру шеберлігі деп ойлаймын. Топ мүшелерінің өзіндік пікір білдіріп, ынтымақтаса жұмыс жасағанының нәтижесінде педагогикалық тәжірибеме сыни көзбен қарай алдым деп ойлаймын. Осы бағдарлама арқылы оқушының жас ерекшелігін, дарын қабілетін үнемі басшылықта ұстау, сондай-ақ танымын кеңейтіп, сындарлы ойлауға жетелеу, оқып үйренген модуль түрлерін тиімді тәсілдер арқылы қолдану қажеттігін түсіндім. Осындай бағдарламаның жүзеге асырылуы мұғалімдер қауымын бір серпілтіп тастады. Шығармашылық шыңына жетелейтін, ізденуге бағыттайтын бағдарлама қашанда жемісті болмақ. Сондықтан алдағы уақытта табысты, қанатын кеңге жайған бағдарлама ғұмырлы болатынына сенемін. Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болу үшін сындарлы ойлай алатын шәкірт тәрбиелеуге тамшыдай болсада өз үлесімді қосу жолда талмай еңбек етемін. Ізгі жүректі, сәби тілекті ұстаздар қауымына сәттілік тілеймін!

© 2010-2022