Өзін - өзі тану өмірді тану

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абай данышпан айтпақшы жер бетіндегі барша адам атаулы құшағы кең жер бетінің бірден -бір қазынасы болып табылады. Қыраны еркін ұшқан көк аспан астында мекен еткен қазақ даласы мұсылман халқымыздың кең пейілі мен дархан жүрегі әрдайым қонақжайлылығымен баршаға танылды. Ата дәстүрімізбен әдет - ғұрпымызды мақтан тұтқан қара домалақ қазақтың әрбір баласының жүрегі имандылық пен сүйіспеншілікті көксеп, қоғамға пайда келтірсе азаматтық парызын өтегенмен пара - пар деп білемін.
Ұлтымыз өз ана тілімізде сөйлеп, ана тілімізді мадақтап, өнерімізбен шешірелерімізді дәріптеп қай ұлтты болса да тамсандрмайтыны белгілі.Оның бәрін мен ұлтты оқытушы мамандар яғни педагогтар тарапынан үлкен жеміс деп білемін.
Педагогтар жаны қашан да үйрету мен тәрбие беруге жаұын жандар. Қазіргі таңда республикамыздың түкпір - түкпіріне пән болып тараған «Өзін - өзі тану» сабағы баланы ғана емес оқытушы маманға да шаттық сыйлап, рухани жігер беретіні, адамершілік тәрбиенің, жанның тыныштығы мен әлемге деген сүйіспеншілікті, жан - жануарға деген қамқорлықты, әлемге, таза ауаға, мөлдір себеоеген жауын тамшысын сезініп әр таңымыздың арайлап атқанына алғыс айтуға тәрбиелейді. Пән маманы ретінде өзімнің өмірлік ұстанымдарым мен жетер жетістіктерім, алар асуларымның әлі алда екенін сезінтіп жүрегіме сенімді сезім, үміт ұялата білді. Жер бетіндегі барлық адам осы пәнді түсніп оқыса, рухани азықтанса, қателіктері мен пендешілік қасиеттеріне жауап таба білсе екен. Өмірдің қилы соқпағынан сүрінген әрбір адам шалынған сайын сабақ алып, күш қайраты мен жігерлілігін оята алса, басына түскен істің өткінші және сұрапыл дауылдың арты көктемгі таң бола алатынына сенсе екен. Адам басына түскен қиындық өзімен бірге оның шешуін де әкеледі дегенге сеніп, тайталаста күрескенде ғана жеңіске жететініне сенсе деймін. Мен өзімнің пәнімді оқытқаныма, 5 жас пен 16 жас аралығындағы бала санасына рухани - адамгершілік тәрбиесімен сусындатып, өз бойымдағы, өзімнің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімді ізбасар оқушылар мен мамандарға мақтана отырып айта жүремін. Менің әр күнімнің қуаныш пен сүйіспеншілік күтетіні, өзім арқылы алдыма келген баланың жүрегінің бастауына нұр құйып, әр күніне алғыс айтуға, таңының атқаны мен бозара батқан күніне қуануға шақырамын. Өз жүрегімді жылтып алып бала көңіліне жылулық сыйлағаныма қуаныштымын. Мамандық таңдауда қателеспегеніме мен сенімдімін, мақтанамын, өзімді және маған білім берген ұстаздарымды мақтан тұтамын.

Өзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тануӨзін - өзі тану өмірді тану
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы Сайөтес селолық округы. Өтес орта мектебінің
«Өзін - өзі тану» пәні мұғалімі Гүлзат Ахбайқызы

Менің оқушым
5 сынып оқушысы Оңаев Али Бекзатұлы

Балалық
Біз балдырған балалар,
Қызықты қылық жасаймыз.
Періштеміз қорғаушы,
Сабақтан еш қалмаймыз.

Балалық шағым шат думан,
Анам мен әкем жанымда.
Қуана күліп жүреміз,
Тәуелсіз елдің бағында.

Өзін - өзі тану
Мені үйреткен адалдыққа,
Жаны жайсаң адамдыққа.
Гүлзат апай оқытады,
Бармасын деп жамандыққа.

Туған жерім Маңғыстау
Маңғыстау жұмақсың ғой шіркін - ай,
Ақтауым бар адамдары жаны жайсаң,
мінездері құлпынай.
Байлығың мол асты - үсті тасыған,
Жер барма екен жетер саған дархан-ай.
Ауылдардың ішіндегі көркемі,
Тарихыңа үңілген жан мұңайып,
Шежірелі ертегі - жыр шертеді.

Рахым Еркін 5 а сынып оқушысы
«Анашым»
Анашым менің Анашым,
Мен сенің ерке балашың
сағынам іздеп болмасаң
Жанымда болшы Анашым.
«Өзін - өзі тану»
Адам бол деп үйреткен,
Бұл пән неткен керемет.
Барлық бала күтеді,
Гүлзат апай сабағын.

Біз балдырған қуанған,
Тәтті берсе жұбанған.
Баласың деп сөкпейді,
Ұстаз атты бар адам.





© 2010-2022