Поурочный план по предмету НВП

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 16 Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі.

Сабақтың мақсаты: 1.АК-74 автоматымен танысу жумысын білу.

2. Оқушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери жарғыларымен таныстыру.

3. Атыс қарудың материалды бөлігі туралы білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың өтетін орны: АӘД кабинеті

Уақыты:

Көрнекті құралдар:Плакаттар мен АӘД кітаптары

Ұйымдастыру кезеңі:5 мин.

- Топты тұрғызу, Әскери тәртіппен сәлемдесу. Киімдерін тексеру, Бөлімше командирінің баяндамасы.

- Түгендеу

- Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру: 10мин.

Негізгі кезеңі:24мин.

1.оқу сурақ: Автоматтың арналуы мен ұрыстық қасиеті.

Калашников автоматы атқыштар қаруының дербес түрі болып табылады. Оның құрастырушысы М.Т.Калашников. Осы автомат негізінде Калашников (РПК) қол пулеметі және басқа атқыштар қарулары жасалған.

1. Бекітпе 2. Соққыш 3. Капсюль 4. Заряд 5. Газ шығарылатын тесі

6. Ұңғылық кесінді

Поурочный план по предмету НВП

5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады.

Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары қолданылады.

Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады.





Сипаттамалар

Қару түрлері

АКМ

7,62 мм

АК-74

5,45 мм

Қол

пулеметі

РПК-74

5,45 мм

Ұңғы калибрі, мм.........................................

Нақты атыс қашықтығы, м..........................

Атудың көздеу қашықтығы, м....................

Тура атыс қашықтығы, м

кеуделік фигураға........................................

жүгірмелі фигураға......................................

Шоғырланған атыс қашықтығы, м

жер үсті нысаналары бойынша................

тікұшактар және парашютистерге.............

Атыс қарқыны, атыс/мин.: .........................

Ұрыстың ату жылдамдығы, атыс/мин

кезекпен ату.............................................

жекелей ату..................................................

Жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы, кг....................................................

Сүңгі-пышақтың массасы, г.......................

Оқжатардың сыйымдылығы, оқ.................

Оқ ұшуының қашықтығының жоғарғы шегі, м...............................................

Оқтың қиратқыш қасиеті сақталатын қашықтығы, м...............................................

Оқтың бастапқы жылдамдығы, с/м............

7,62

400

1000

350

525

800 дейін

500 дейін

600 жуық

140 дейін

40 дейін

3,6

450

30

3000

1500

715

5,45

500

1000

440

625

1000 дейін

500 дейін

600 жуық

100 дейін

40 дейін

3,2

490

30

3150

1350

900

5,45

600

1000

460

640

1000

дейін

500

дейін

600

жуық

150

дейін

50

дейін

5,0

-

45

3150

1350

960

Автоматтың жұмыс істеуі және кұрылымы туралы түсінік

Автомат мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:

- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;

- ұңғы қорабының қақпағы;

- газ поршені мен бекітпе жақтауы;

- бекітпе;

- қайтармалы механизм;

- ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;

- соққы-ағытқыш механизм;

- құндақ;

- оқжатар.

- сүңгі-пышақ

Сонымен қатар автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ болады. Автомат толымына керек-жарақ, бау және оқжатарды салуға арналған сөмке (оқжатарда екі сөмке) кіреді.

Жиналмалы дүмі бар автомат толымына, сонымен қатар оқжатар салынатын қалтасы бар автоматқа арналған капшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көп салалы көздеуіш кіреді.

Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде - бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).

Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кіруімен жүзеге асырылады.

Егер ауыстырғыш автоматы атысқа қойса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.


Сабақты қортындылау 4 мин

Өтілген сабақ бойынша балаларға тапсырма беру

Бағалау 1 мин

Үйге тапсырма: 0.5 мин

АӘД 10 сынып, 181 беттер, оқу

Қоштасу: 0.5 мин



© 2010-2022