Қазақ тілі сабақ жоспары Толымды және толымсыз сөйлемдер

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

8-сынып

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Толымды және толымсыз сөйлемдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Толымды, толымсыз сөйлемдердің құрамына қарай жасалу жолдарын оқушылардың өз бетімен анықтауларына, толымсыз сөйлемнің жасалуындағы ерекшеліктерді өзіндік жұмыстар арқылы меңгерулеріне, жаттығу жұмыстарын орындағанда алған білімдерін өздігінен қолдана алуына жағдай туғызу.

Тәрбиелік: Дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, ана тілінің құндылығын ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы рның қабілетіне сәйкес жеке құзыреттілігін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап; оқулықпен өз бетімен іздену әдісі;

Сабақтың көрнекіліктері: а) оқулық; слайдтар, On-line тақтасы. б) оқулық, жұмыс дәптері; в) оқулық, жұмыс дәптері,

Оқушыларға берілетін тапсырмалар

І Ұйымдастыру кезеңі

«Көпір тапсырмалары» - өткеннен қайталау тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Бос орынға қажет сөздерді жаз

1. Жалаң және жайылма сөйлем болуы үшін тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қатысуы міндетті.

2. Жалаң және жайылма сөйлемдердің құрылысына қарай жақты да, жақсыз да болу себебі: кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаулы немесе тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына байланысты.

3. Төмендегі сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып, құрамына қарай жақты, жақсыз екеніне назар аудар.

Жиендері келіп кетті. Ойын-сауық болып тұрады. Жаңбыр жауып тұр.

Ағамның үйлену тойына жақында Оралдан жиендері келіп кетті. Ауылдың мәдениет үйінде жиі-жиі ойын-сауық болып тұрады. Кешеден бері тоқтамастан жаңбыр жауып тұр.

4. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талда және ойдың толық жеткізілгенін дәлелдеп көр.Биылғы бітіруші түлектер арттарына ұмытылмастай із қалдырып кетті.

Сөйлемнің: баяндауышы - із қалдырып кетті, сұрағы: не істеді?; бастауышы - түлектер, сұрағы: кімдер?; анықтауыш - ұмытылмастай, сұрағы: қандай?; пысықтауышы - арттарына, сұрағы: қайда?; анықтауышы - биылғы, сұрағы: қай?

© 2010-2022