Васпитательный урок по казахскому языку на темуЕрлікке тағзым

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлікке тағзым.

Тәуелсіз ел!
Қараймын да тамсанам,
Жылдарды осы ата - бабам аңсаған.
Алаш ұрпақ бірімін мен сондықтан
«Бақыттымын » деп айғайлап ән салам.

2 - жүргізуші: Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,
Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.
Жанын, қанын аямаған сан ғасыр,
Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!,
Сол бір кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Хош келдіңіздер, аяулы ағалар!
Сіздердің назарларыңызға сонау Ауғанстан жерінде әскери парызын өтей жүріп, сұрапыл қантөгістің құрбаны болған қазақстандық интернационалист боздақтарға арналған «Ерлікке тағзым !» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.


Мемлекеттік Гимн орындалады.

10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
1978жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуыменде ұзаққа созылды.

1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22мың Қазақстандық қатысты. Соғыс аяқталғанына биылғы жылы 15ақпанда 26 жыл толды.

Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн - түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бізде қонақта.
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң - деп бүгінгі кешке қатысушы қонағымызбен таныстырайық!---- Ахметов Тожимурод Ағай бүгін бізде қонақта. Қош келдіңіз ағай.---------------------------------------------------------------------------------
: 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, Н. А. Громыко Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 23 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгерлеріміз ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлікке тағзым » атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист - жауынгер» сізге арналады.
Бейбіт жастар тірлігіне Ауғанстандағы шиеленісті жағдай, арты соғысқа айналған сұмдықтың ызғары келіп араласты. Интернационалист - сарбаздар атанған қыршын жастар автомат оқпанын қыса ұстап, көрмеген - білмеген, таулы - тасты Ауған жеріне тағы да соғысқа аттанды.
Сайрам ауданында туылып өскен бауырларымыз бұл соғыста да тамаша ерліктің үлгілерін көрсете білді. Ауған қанды қасабынан аман оралған жерлестеріміз бүгінде халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қызмет етуде.
Осындай Ауған жерінде әскери қызметте болған бірнеше жерлестерімізді тізіп айтатын болсақ,


1. Тожиев Тошали

2 Холмуратов

3 Жуманов Хабибулло

4.Усманов Зарпилло

5.Тургунов Мирахмат

6.Холметов Иззатулло

7.Гултетов Абдужаппор

8.Мехмонкулов Хасан Ва Хусан


Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса
Етігімен су кешер - дегендей ХХ ғасырдың аяғында, яғни 1979 - 1989 жылдары ауған жеріндегі соғыс апатын шеккен азаматтарымыз аз емес.
Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл өтіпті. Сол кездегі әсерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Ендігі кезекті мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларына берсек. Өлең:

Зарнигор

Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Елдос: Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Жанкелді: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Анэль: Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан - жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!


Фотима

Әуелің Отан - ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған
Клара , Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Ән «Ел қорғауға әзірміз».
Умида

Жасмина

Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Данара : Сапқа тұр, ақ ниет адамдар
Кел қосыл бейбітшіл шеруге
Тыныштық жауларын жеңуге.
Бейбіт күн тулары самғасын
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.

Билол

Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық.
Даяна: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер - естелігі ерліктің,
Ұрпақтары - бұтақтары,
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.
Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,
Оған көңілің толмайтыны - ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.


Умарали


Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Гаухар: Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде - ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
Аиша: Қазіргі бейбіт өмір солдаттары:
Еліме сақшымын, қалқатай,
Қазір мен, сағындым нақ шыным
Күт мені, әзірлен,- дейді.

Ендігі кезекті мектебіміздің 5-сынып оқушысы Омарова Дияраға берсек би.

Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы


ІІІ. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбат.

(Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындауда.)



Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрмет- теу - біздің боры-шымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық !




© 2010-2022