Махаббат өмір өзегі Өзін өзі тану пәні 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

План урока

Plan of the lesson


Мектеп:/школа/school: Рудный қаласы әкімдігінің №13 орта мектебі» ҚММ

Күні/Дата/Date: 17.10.2015

Сынып/Класс/Class: 5 «Ә», 5 «Ә1»

Оқушылар саны/всего учащихся/all students:

Тақырып/Тема/Theme:: «махаббат өмір өзегі»

Құндылық/Ценность/Value: махаббат, сүйіспеншілік

Қасиеттер/Качество/Quality: Ата анаға, өзіне, туған жерге деген сүйіспеншілік

Оқытушы/Учитель/Teacher: Сражатова Надежда Даниярбекқызы

Мақсаты: Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.

Міндеті:

  • -«махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  • -сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту

  • -оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Суреттер, кітаптар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео, колонкалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал туғызу

Жабырқама

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптармен байланыс орнату

Ескерту

_______________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Дәйексөз»

«Сүйіспеншілік - жүректен».



  • Талдау.

  • Қорытынды жасау

  • -Махаббаттың қандай түрлері бар?

  • Отанға, табиғатқа, ата-анаға деген махаббат түрлері бар. Соның ішінде қазір біз сіздермен «Отанға деген махаббат» атты видеоролик көрсету.


_______________________________________________________________________________

  1. Мәтінмен жұмыс. Әңгімелесу

Көктем сәні

Балтабай Әділов

Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салады. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.

-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. - Аң біткен жиналсын!

Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.

-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. - Көктем сәні неде?

-Жасыл желек,-деді Ақбөкен.

-Тоғай,-деді Қоян.

-Тау мен тас,-деді Арқар.

-Дала,-деді Қасқыр.

-Ашық аспан,-деді Түлкі.

Салқын самал,-деді Бұғы.

-Еңбек,-деді Піл.

-Шалқыған көңіл, деді Аю.

-Шаттық,-деді Керік.

-Күлкі,-деді Борсық.

-Жігер,-деді Қодас.

-Шуақ,- деді Саршұнақ.

Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалады. Арыстан оқты көзімен үнсіз отырған Елікке қадады:

-Сен неге үндемейсің?

Елік лып етіп орнынан тұрады да, Арыстанның алдына келіп:

Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.

Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.

Сұрақтар:

1. Аңдардың табиғатқа деген көз қарасы қандай?

2. Елік табиғат сұлулығын қалай бағалады?

3. Табиғат сұлулығы қандай сезімге бөлейді?

4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Шығармашылық жұмыс

«Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жақсылық ағашы» суретін салып, оған тән сөз тіркестерін салуы тиіс. Ал ағаштың астында жаман адамға тән сөз тіркестерін салуы тиіс.

________________________________________________________________________________________________________

  1. Бейнебаянмен жұмыс.

«Ата - анаға деген құрмет»

-Не түсіндік?

Қандай ой түюге болады осы бейнебаяянан?

Қорытындылау. Талдау.

________________________________________________________________________________

  1. Үйге тапсырма.

Отанға арнап өлең шығарып келу

_____________________________________________________________

  1. Тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

«Екі жұлдыз, бір тілек»

________________________________________________________________________________


© 2010-2022