Урок по казахскому языкуҚысқы жолда

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:М.Жұмабаев «Қысқы жолда»

Мақсаты:М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау. Өлеңнің,сөздің астарына , қыр-сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу. Көрнекілік:Слайд,электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Оқушыларды түгендеу,шеңберге тұрып бір-біріне тілек айту,топқа бөлу,

оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Еңбек етіп ерінбей

Жақсы баға алайық

«Ой шақыру»стратегиясы.Тестпен жұмыс

1.Мағжан кім?

А)Жазушы

Ә)Сыншы

Б)Ақын

В)Суретші

2.М.Жұмабаев оқыған қала

А)Қостанай қаласы

Ә)Қызылжар қаласы

Б)Батыс Қазақстан облысы

В)Уфа қаласы

3.Ақынның меңгерген тілдері

А)Неміс, шағатай,түрік

Ә)Парсы,ағылшын,орыс тілі

Б)Араб,парсы,түрік,орыс тілі.

В)Шағатай,араб,парсы

4.Ақын шығармасын тап

А)«Қыс», «Шілде»

Ә)«Түркістан», «Сағындым»

Б)«Сағындым», «»Шілде»

В)«Қысқы жолда», «Өзен»

Операциялық-орындаушылық кезең

Сабағымызды пирамида құру арқылы ой-өрісімізді оқудан үйренуге,ойнаудан ойлауға,өсуден жетілуге бағыттаймыз.

V.Нәтиже

IV.Ойнап-ойлау

III.Жүйелі таныстық

II.Терең таныстық

I.Бастапқы таныстық

Яғни,пирамида 5 бөлімнен тұрады.Әр бөлімде бірігіп жұмыс жасаймыз.Тапсырманы дұрыс,нақты,тез орындасақ ,келесі бөлімге өтіп, өрлеп отырамыз.

I.«Бастапқы таныстық» кезеңі

А)Бұл кезеңде «Қысқы жолда» өлеңің мәнерлеп оқып,мағынасын ашамыз.

Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?

Ә) «Топтастыру» стратегиясы

Ызғарлы суық боран

Қыс

Аяз мұз қар

II.«Терең таныстық» кезеңі

Оқушылар өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

Осы қыстың қарама-қарсы мағынасын білдіретін тағы қандай жыл мезгілі бар?

Ендеше қыс пен жаз мезгілін салыстырамыз.

Венн диаграммасы

Жаз

жылы

Қыс

суық

Жыл

мезгілі


III.«Жүйелі таныстық» кезеңі

Өлеңді сатылай кешенді технологиямен талдау.

  1. «Қысқы жолда»

  2. Өлең

  3. 5 шумақ

  4. 21 тармақ

  5. 8 бунақ

  6. 7-8 буын

  7. Аралас ұйқас а-а-б-б-в-б-г-в

  8. А )Эпитет. «Құлағын қайшыландырып»

Ә) Кейіптеу.

«Екі иінінен дем алып»,»Сақ-сақ күледі,долданып»,

«Кебін жамылып», «Екі санын шапалақтап».

Б )Теңеу. «Аңдай ұлып»

9.Қаракөк-аттың аты

10.Өлең табиғаттың қаталдығы адамға қауіпті екенін білдіреді.

IV . «Ойнап,ойлау»кезеңі

«Қыс» тақырыбына өлең құрастыру.

«Бес жолды өлең»әдісі

1.Қыс

2.Суық,ызғарлы.

3.Қар жауады,борандатады, аяздатады.

4.Қыстың көзі- қырауда

5.Жыл мезгілі

V.«Нәтиже»кезеңі

«Қыс келбеті» эссе жазу

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Жылдың неше мезгілі бар?

Қыс мезгілі туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?

Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау,мазмұнына орай сурет салу.

Бағалау

2жұлдыз,1тілек


© 2010-2022